Көркем әдебиет арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту

Таймбетова Гүлнұр

Жаңа кезеңдегі білім берудің  өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру, Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адмды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы қажет. Балабақшада  білім беру жүйесінің  сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның кешелекте білім алуы нәтижелі болады. Онда баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын  құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр. Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса; ал атқарылатын міндеттері:

– бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;
– мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
– баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады . Осы орайда, мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңартуда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін жүзеге асырар саяси-әлеуметтік құжаттарды басшылыққа  ала отырып, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру, мектепке дейінгі  тәрбиелеу  мен білім беру мазмұнын түбегейлі жақсарту  мақсатында Б.Баймұратқызы  мен М.Сәтімбекованың басшылығымен қазақ балабақшаларына арналған ұлттық төл «Балбөбек» бағдарламасы дайындалған және осы жүйеде тәлім-тәрбие жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарлама ең алдымен баланың дене және эмоционалдық  саулығын нығайту, дара ерекшелігін дамыту, өз бетімен білім алудың жолдарын игеру үшін жағдай туғызуға бағытталған. «Балбөбек»бағдарламасында  балалардың жас ерекшелігіне орай көркем шығармалар шамамен іріктеліп, ұсынылды. Балалардың жасына лайықты көркем шығармаларды оқып беру, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетіп айтқызу, мақал – мәтел оқу, жұмбақ жасыру жүйелері қарастырылған.Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде бұл шығармаларды балаларға оқып, әңгімелеп мазмұнын өздеріне айтқызады. Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін дамытады. Көркем шығармалармен таныстыру арнайы сабақтармен қоса  тіл дамытуға берілген білімдермен  іске асырылады, ал, жұмбақ шешу мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұн, мақсатына қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі заттармен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейді.     Көркем шығармаларды оқу барысында балаларды  ауызша сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты  септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін меңгеру,  байқағыштық ойлау қабілеттері мен дүниетанымын дамыту, оларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеуде тәрбиешілердің атқарар жауапкершілігі зор екені мәлім. Яғни, сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің орны ерекше.
Көркем  шығармаларды  әңгімелеп  берудің  оқып  беруден  айырмасы  әңгімеші мәтінді   сөзбе-сөз  емес,  еркін  айтып  береді. Тәрбиеші  өзі  беріле  әңгімелесе  балалар  да  үн  шығармастан  тыңдайды.
Тәрбиеші мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің  дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет. Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі  айтқызудың маңызы зор екендігін зерттеу нәтижелері дәлелдеген.  Мысалы: Жаңылтпаш. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды.Мақал мен мәтел: Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер – мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдап сөйлеуінің мәні зор. Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың қажеттігі туралы айтылады. Мысалы: «Әке – тірегің, ана – жүрегің» деген мақалдың мәні, мазмұны ондағы жеке сөздердің мағынасы туралы сұрақ-жауап тәсілін қолданып, тәрбиеші балдырғандардың түсінігін байқап, ұғымын байытады. Мақалдың мән-мағынасын терең ұғындыра түседі, балдырғандарға ана, әке туралы тақпақтарды жаттатып, айтқызады.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл – парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбилеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *