Есеп. Салыстыру

Бөлекшора Нұргүл

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға 2-6 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайларындағы  есептеу дағдыларына машықтандыру, айырмалық салыстыруға және қосындыны табуға берілген есептерді  шығару.

2.Оқушылардың ақыл – ой қабілетін, өз беттерінше жұмыс жасай алуын,             математикалық ойлауын дамыту.

3.Ұйымшылдыққа,  ұқыптылыққа, ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ, ойын

Сабақ типі:   жаңа сабақ

Сабақ  әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, ауызша есептеу

Сабақ  көрнекілігі:   интерактивті тақта

Пән аралық байланыс:   Ана тілі,  музыка, дүниетану

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

– Сәлеметсіздер ме,  балалар!

– Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру.

  1. Психологиялық дайындық. 1,2,3, Сынып іші тып – тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.

Мұғалім:  – Балалар көңіл – күйлерін қалай?

– Та-ма-ша (қолдарын көтереді)

– Сабақты зейін қойып тыңдауларын  ше?

– Та-ма-ша (қолдарын шапалақтайды)

– Сабақты бастаймыз ба?

– я я я я я  (бас бармағын көрсету)

І. Қызығушылығын ояту.

С А Л Ы С Т Ы Р У

7 6  0  3 2  9 4 1 0

2 + 2 = 4 Ы            7 – 1 = 6 А              2 + 0 = 2 С

5 + 4 = 9 Т             6 – 6 = 0 Л

4 – 4 = 0 У             8 – 5 = 3 Ы              4 + 3 = 7 С                   6 – 5 = 1 Р

ІІ. Мағынаны тану

-Салыстыру туралы мағұлмат беріледі.

-Дәптермен жұмыс   (күннің жадын жазып, көркем жазу жазылады)

5  санын жазу

Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.

– Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?

-Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен әліппе сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім бастаймын дейді.

– Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

-Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

-Ендеше қатығыңды төгем,-дейді. Мақта қыз:

-Мен құйрығыңды кесіп аламын,- дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мақта қыз құйрығымды бершідейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!

1.Сиырдың тапсырмасы:

Оқулықпен жұмыс :

№1-есеп:   Оқы. Есептерді салыстыр. Оларды  шығар.

а)Ойыншық жасау үшін Дәурен 10см қызыл және 5см жасыл жолақша қиып алды. Қызыл жолақша жасыл жолақшадан неше сантиметр ұзын? ә)Абзал 5см қызыл және 5 см жасыл жолақша қиып алды да, ойыншық қайықтың бүйіріне желімдеді. Абзал барлығы неше сантиметр жолақша желімдеді?

Венн диаграммасы:

2.Ағаштың тапсырмасы:

 

а)Сергіту  сәті  орындалады.

ә)Ойын:  Жасырын тұрған санды тап ойыны. 3 + 2 = 5 4 + 2 = 6 4 + 3 = 7 4 – 2 = 2 3.Қыздардың тапсырмасы:

№2-есеп: Азайғышы 4 болатын айырмаларды ата. Оларды мәндерінің өсу ретімен жаз. 4 – 4=0 4 – 3=1 4 – 2=2 4 – 1=3 4 – 0=4

4.Дүкеншінің тапсырмасы: 3. Сөзжұмбақты шеш  :

с е г і з қ ұ р ғ а қ к ө л ж ұ л д ы з т ү с а л т ы ж е т і т ө р т с у

Сұрақтары:

1.Бір шеңберді бір шеңбер,   Көтеріп тұр білсеңдер.  (8)

2.Суда қандай тас жоқ?   (құрғақ)

  1. «К»-деп егер бастасаң, Шомыласың суына. (көл)

4.Тақиям толған сөк.   Ерте тұрсам жоқ.  (жұлдыз)

5.Жұмулы көзбен нені көруге болады?  (түс)

  1. 5+1 қосындысы қанша болады? (6)

7.Оң қолымда 3 алма,

Сол қолымда 4 алма.

Бәрін қоссам егерде

Болады екен қанша алма? (7)

8.Партаның неше бұрышы бар?  (4)

9.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су)

5.Тауықтың тапсырмасы:

№3-есеп: 5, 4 және 9сандарымен тура теңдіктер құр. 5 + 4 = 9 4 + 5 = 9 9 – 5 = 4 9 – 4 = 5 6.Тышқанның тапсырмасы:

№4-есеп:Қосу кестесін пайдаланып, шығар:

4 – 2=2              6 – 3=3               8 – 4=4                    10 – 5=5

9 – 6=3            10 – 6=4               8 – 6=2                     7 – 6=1

ІІІ. Ой толғаныс.

– Әр суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

  1. Логикалық есептер шығару

Алма ағашта 5 алма,

Қандай тәтті, жесе алма?!

Бесеуін де жеп қойсақ,

Қалады екен неше алма?           (0)

Екі тышқанның құлағы нешеу?  (4)

Екі мысықтың аяғы нешеу? (8)

Бес тырнаның мойны нешеу?  (5)

Табақта 4 өрік,

Қолымда  2 өрік

Қосқанда барлығын,

Болады неше өрік?    (6)

5 алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?  (4)

Азайту амалы, ұзындығ ы сұрайды

Жасыл, қызыл жолақш алар

Қосу амалы, барлығын сұрайды

ІҮ.Қорытынды.

-Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі туралы әңгімелестік?

-Мына сызба неге ұқсайды?

-Күннің көзіне

-Күн туралы қандай ән білесіңдер?

-«Әрқашан күн сөнбесін»   әні орындалады.

Ү.Үйге тапсырма беру:

ҮІ.Бағалау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *