Ертегі әлеміне саяхат

Төлеу Айжан

Білім  беру  саласы: Қатынас

Ұ.О.І.Ә:Тіл  дамыту

Мақсаты: Балалардың  ертегілер  туралы  түсінігін  кеңейту.Ролдерде  ойнатуға  үйрету,диалогты  байланыстырып  сойлеуге  дағдыландыру. Достыққа,татулыққа  тәрбиелеу.

Ұйымдастыру: шаттық  щеңбер

Қол   алысып  қане  біз

Дос  болайық  бәріміз

Айтарым  сендерге

Тік  тұрыңдар  шеңберге

Қандай  жақсы  бір  тұру

Достарменен  бір  жүру

Қайырлы  күн  Жер  ана

Қайырлы  күн  ,достарым!

Қыс   мезгіліне  шолу

-Балалар,қазір  жылдың  қай  мезгілі?

-Қыс  мезгілінде  неше  ай  бар?

-Кім  қыс  туралы  тақпақ  айтады?

Жұмбақ  жасыру

-Балалар ,мен  сіздерге  жұмбақ  жасырамын.

Естігенде  ғажайып  әлеміне   енесіңдер

Барлық  бала  тыңдағанды  ұнатады.(ертегі)

-балалар,ертегілер   елінебарғыларың  келеме? Ендеше, поезбен  барайық. Ол  үшін    вокзалға  барып   поездға  отырамыз. Поездға  міну  үшін  билет  қажет. Билетті  кассадан  аламыз. Вокзалға  барып  билет  алады.

Анықтама   бөлімінен  хабарлау.

Жолаушы  азаматтар  №5 Бегімбет-Ертегілер  елі  поезды 1-ші  жолға  келіп  тоқтайды. Сақ  болыңыздар! Вагон  сандары  басынан  басталады жолсерікпен  поездға  мінеді.  Ертегілер  еліне  аттанады. Ертегілер  елінде  әже  жүреді. Әжемен   амандасады.

Әже: -Амансыңдар  ма,балалар! Смен  ертегіші  әжеймін. Мен  балаларға ертегі  айтып  беремін.

Сендер  қандай  ертгеі  білесіңдер?

Ертегіні  ерте,ерте,ертеде  деп  бастайды.

Жұмбақ  жасыру.

Қыс  бойында  жатады

Тәтті  ұйқыға  батады  (аю)

Өзі  ширақ,өзі  қу

Жүрген  жері  айқай  шу  (түлкі)

Жол  үстінде  қу  қазық

Мергеншіге  жол   азық (қоян)

Аузы  бейне  шалғы  орады

Шөп  емес  мал  орады (қасқыр)

Ерте  тұрады

Жар  шақырады  (әтеш)

Тәрбиеші: аю,түлкі,қасқыр,қоян-қандай  жануарлар?

Әтеш ше?

Балалар   ертегіні  жақсы  білетін  болсақ  «Қай е ртегі   екенін тап»  ойынын   ойнайық.

Мақсаты:  Ертегіні  танып  білуге  үйрету.

Шарты: Қиылған  ертегілерді  құрастырып  қай  ертегі  екенін айту.

Әже: Ой  балалар   жақсы  ертегі   біледі  екенсіңдер. Мен  сендерге  «Үйшік» ертегі   айтып  берейін. Әже  ертегіні   айтып  береді.

Тәрбиеші:Бұл  ертегіде  қандай  кейіпкерлер  бар? Олар   қалай  тұрды.?

Тышқан  қайтеді?  -Тықырлайды.

Бақа  қайтеді?-Бақылдайды,секіреді.

Қоян  қайтеді?-Қорқады

Түлкі  қандай?-Қу

Қасқыр  қайтеді?-Ырылдайды.

Аю  қандай?- Қорбаңдайды.

Осы  аңдар  барлығы  бірге  өмір  сүріпті.

Кім  бірлік,татулық   туралы     қандай  мақал-мәтел   біледі?

Бірлік  болмай  тірлік  болмас

Досы  көпті  жау алмайды

Саусақ  бірікпей  ине  ілікпес

 

Тәрбиеші. Ал,осы  ертегіні  әжейге  сахналап  берейікші.

Ертегіні  сахналау

Ерте,ерте,ертеде  бұл  орманда  болған  оқиға  еді.  Ашық  алаңқайда  кіп-кішкентай   ескі   үйшік  тұр,ан. Бірде  оның  қасынан  жүгіріп   өтіп   бара  жатқан   тышқан   көреді. Тышқан  тоқтап:

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай  бұл  үйшікте   кім  бар?-деп  сұрайды.

Ешкім  жауап   қайтармайды.  Тышқан     бос  үйшікке   кіріп,осында   тұрып  жатады

Біраз   уақыттан  кейін  үйшіктің  маңына  секіріп  бақа   келеді.

-Сүп-сүйкімді ,кіп-кішкентай  бл  үйшікте  кім  бар?

-Мен тықырлауық  тышқанмын! Ал  сен  кімсің?

-Мен  бақылдауық  бақамын.

-Кел  бірге  тұрайық

Бақа  бақылдап   йшікке   секіріп  кіреді.

Тышқан   екеуі   тіл  табысып,бірге  тұрады.

Енді  үйшік  қасына  ытқып-ытқып қоян  жетеді.

-Сүп-сүйкімді ,кіп-кішкентай  бұл   үйшікте   кім  бар?-деп  сұрайды.

-Мен  тықырлауық  тышқанмын

-Мен  бақылдауық  бақамын. Ал  сен  кімсің?

– Мен  қорқақ  қоянмын!

-Кел   бірге  тұрайық

Қоян да  үйшікке  кіреді. Осылай  үшеуі  бірге  өмір  сүреді.

Алыстан  бұл  үйшікті  түлдкі  да  көреді.. ақырын   басып   жақын  келіп  қағады.

-Сүп-сүйкімді  үйде  кім  тұрады?-деп  сұрайды.

Мен тықырлауық  тышқанмын!

-Мен  бақылдауық  бақамын.

-Мен  қорқақ  қоянмын! Ал  сен  кімсің?

-Мен  қу  түлкімін!

-Кел  бірге  тұрайық.

Үйшіктен  отүлкіге  де  орын  табылады. Достар  енді төртеу  болды.

Үйшікке  тілі  салақтап,айналасына  алақ-жұлақ  қарап  қасқыр  жетеді. Ол  есікті  қағып,қырылдаған  дауысымен:

-Бұл  үйшікте  кім  бар?-деп  сұрайды.

-Мен   тықырлауық  тышқанмын!

-Мен  бақылдауық  бақамын.

-Мен  қорқақ  қоянмын!

-Мен  қу  түлкімін! Ал  сен  кімсің?

-Мен  сұр  қасқырмын

-Кел  бірге  тұрайық.

Қасқыр  қысыла-қымтырыла  ішке  кіреді. Әйтсе  де,кіп-кішкентай  үйшікке  бесеуі  де  сыйып  кетеді. Барлығы   қосылып  ән  айтады. Тату –тәтті  өмір сүреді.

Б ір   күні  жидек  теріп  жүрген   аю  үйшікке  келеді. Ол  бар  дауысымен :

-Сүп-сүйкімді  кіп-кішкентай  үйшікте  кім  бар?-деп   ақырады.

 

Мен   тықырлауық  тышқанмын!

-Мен  бақылдауық  бақамын.

-Мен  қорқақ  қоянмын!

-Мен  қу  түлкімін!

-Мен  сұр  қасқырмын . ал  сен  кімсің?

-Мен  қорбаңбай   аюмы.

-Кел  бірге  тұрайық.

Аю  арі-бері  тырбаңдап  үйшікке   кірмекші  болады. Бірақ  оның   басы  енгенмен     денесі  сыймайды. Амалы  таусылған  аю:

-Ендеше ,мен  үйшіктің  шатырына  тұрайын,-дейді.

Жоқ,сен  дәусің  үйді  қиратасың. Кел  ондаша   бәріміз   далаға  шығып  билейік.  Музыка  әуеніне  билейді.

Жарайсыңдар  балалар!достық  туралы  тақпақ  айтайықшы

Біздің  топта  балалар

Тату-тәтті  жүреміз

Достық  туын  тік  ұстап

Дос  боп   әркез  жүреміз

Балалар  әжемен  қоштасып  топқа қайтайық.

Хабарлау:

Жолаушы  азаматтар,№6  «Ертегілер  елі-Бегімбет»1-жолдан  жүреді.  Сақ  болыңыздар! Вагон  сандары  басынан   басталады. Балалар  поездға  отырады. Топқа  қайтып оралады.

Сабақты  қорытындылау

-Балалар  біз   қайда  бардық?

-Біз   қандай  ертегі  тыңдадық?

-Қандай  кейіпкерлер  бар?

Олар  қалай  тұрады?

Балаларды  мадақтау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *