Қобыздың қоңыр үні

Ратаева Гулим

 

Сабақтың тақырыбы: «Қобыздың қоңыр үні»

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Нота сауаттылығын қайталау. Дұрыс және таза дыбыс шығуына, оның ырғағына, динамикасына, оң қол мен сол қолды еркін, әрі табиғи түрде дұрыс ойнау шеберлігін қалыптастыруға арналған жаттығуларды бекіту;
  • Дамытушылық: Оқушының дыбыс тазалығы интонациясымен жұмыс жасау, дыбыс сапасына мән беріп, шығарманы дұрыс орындауда эмоционалды сезімдік қабілетін дамыту;
  • Тәрбиелік: Оқушы бойында музыкалық эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі:  Бекіту сабақ

Оқыту технологиясы: Топтық оқыту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқушымен жекелей әдіс, сүйемелдеушімен қосылып аспапта ойнау, өз бетімен жұмыс жасау, музыка тыңдау.

Көрнекілік құрал-жабдықтары: Оқулықтар, суреттер, слайд, бейнежазба.

Пәнаралық байланыс: теория, музыка әдебиеті.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Аспаптың құлақ бұрауын тексеру. Қажетті оқу-құралдарын дайындау. Оқушылардың отырысына мән беру. Оң қол мен сол қолдың дұрыс қойылуын қадағалап оқушыны сабаққа әзірлеу.

—  Қызығушылықты ояту. Оқушылармен ойын ойнау: шаттық шеңберін құрып, допты бір бірімізге беру арқылы тілек тілеу.

Сіздер дұрыс оқып, жазу үшін, сөздердің мағынасын және жазылуын білесіздер, бұл-тіл заңы. Ал қобызда ойнап үйрену үшін, сіздер музыкадан сауатты болуларыңыз керек. Сондықтан да біз аспапты қолымызға алғаннан бастап, музыкадан сауат ала бастадық. Қобыздан алған алғашқы сабақтарыңыз оның тарихынан басталды.

  • Қазіргі прима-қобыз аспабы қай кезде жасалды? Аспаптың түпнұсқасын атаңыздар, кім және қай ғасырда жасады?

Жауап: Аспаптың түпнұсқасы-қылқобыз. Оны 8-9 ғасырларды Қорқыт баба жасаған. 1934 жылы қазақтың ұлттық аспаптар оркестрі құрылғанда қылқобыз аспабын жаңарту арқылы қобыз-прима пайда болды.

  • «Ұшардың ұлуы» аңыз бейнежазбасын тамашалау.
  • Қобызбен танысу барысында оның құрылыстарымен таныстық. Енді сол құрылыстарын және ішек атауларын атаңыздар?

Жауап: Қобыз құрылысы: басы, құлақтары, мойын тиегі, мойыны, шанағы, дыбыс ойығы, тиегі, ішектері, ішек ілгіші. Ысқышы: қылы, таяқшасы, қыл тұтқасы, қыл тартқыш бұрандасы. Ішектері: ми, ля, ре, соль.

  • Тақтада қобыз құрылысына байланысты тапсырма ілулі тұр. Бұл жерде аспап құрылыстары жазылған. Сіздер тапсырманы оқып, қатесін табыңыздар.

 

  • Басы
  • Құлақтары
  • Мойын тиегі
  • Ауызы
  • Мойыны
  • Беті
  • Шанағы
  • Тиегі
  • Дыбыс ойығы
  • Ішек ілгіші (жазылып тұрады, дұрыс емес жауапты оқушылар сызады)

 

 

Нота ұзақтықтарымен жұмыс.

 

 

 

  • Әр оқушымен жаттығу көрсету.

 

  • Екпін туралы не айтасыздар?

Жауап: Екпін дегеніміз-шығарманың мінез құлқын анықтайды. Екпін итальян тілінде жазылады. Ол негізгі 3 топқа бөлінеді: жылдам, орташа, жай.

Жылдам екпінге: Аllegro, vivo, vivace.

Орташа екпінге: Аndante, moderato, andantino.

Жай екпінге: Largo, lento, adagio.

Бекзат: Дәулеткерейдің өмірбаянына қысқаша шолып, «Қосалқа» күйін Дина, Айкен, Бекзат орындайды.

Нұрсұлу: Ахмет Жұбановтың өмірбаянына қысқаша шолып, «Қарлығаш» шығармасын орындайды.

Дина: Латиф Хамидидің өмірбаянына қысқаша шолып, «Елигай» әнін орындайды.

Айкен: Бетховеннің өмірбаянына қысқаша шолып, «Сурок» шығармасын орындайды.

  • Гамма мен арпеджионы ойнаудың қажеттілігі неде?

Жауап: Гамма ойнау-оқушының оң қолының саусақ, білезік, шынтақ, иық буындарын жақсартуды шынықтырады, әрі әдемі дыбысқа жетуге көмектеседі. Гамма мен арпеджио оқушының сол қолының жылдамдығының қалыптасуына және саусақтардың шапшаң болуына көмегін тигізеді. Гаммалар-қобыз техникасының барлық элементтерін дамыту құралы.

Гамма соль мажор. Арпеджио ( І — позицияда ойнау) Гамманы   әр-түрлі штрихтар мен динамика түрлерін қолдана отырып ойнау.

Динамикалық белгілер дегеніміздыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі.  Динамикалық белгілердің анықтамасы тақтада ілініп тұрады атын оқушылар стикерге жазып іледі.

 

-piano (p) – ысқышты білінер-білінбес салмақпен ,әрі ысқыштың    қылын түгел тигізбей сәл азайтып жүргізіп ойнау.

pianissimo(рр)- өте ақырын.

-mezzo piano (mp)- ысқышты ішекке өз салмағымен жеңіл басып ойнау.

— Forte (f)   және fortissimo (ff) дыбыстары сұқ саусақпен салмақты көбейте отырып, буын мен шынтақ бұлшық еттерін үйлесімді жұмылдыру арқылы ойнау.

-mezzo forte(mf)-ысқыштың табиғи салмағына сұқ саусақпен салмақ беру арқылы ойнау.

Нұрсұлу: Жаяу Мұсаның өмірбаянына қысқаша тоқталып, «Ақ сиса» әнін орындайды.

Дина: Дайрабайдың өмірбаянына қысқаша шолып, «Дайрабайдың күйі Дайрабайды» орындайды.

Нұрсұлу: Ықылас Дүкенұлының өмірінен мағлұмат беріп, «Жез киік» күйін орындайды.

Данияр: Құрманғазының өмірбаянына қысқаша тоқталып, Дина, Бекзат, Данияр ансамбльмен Құрманғазының күйі «Адайды» орындайды

Бағалау.  Суреттің үстіне стикер жабыстыру арқылы бағалайды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *