Білім беру мазмұнын жағдайында мұғалімнің шеберлігін жетілдірудің тиімді жолдары
Хуаныш Лаура
Бүгінгі күнде қоғамның дамуы, оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал – білім. Сондықтан білімді ұрпақ қоғамның болашақ иесі бола алады.
Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға оқушының білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу. Сол себептен де білім беру саласы қызметкерлерінің алдында – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру міндеттері қойылып отыр.
Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларының прнциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Педагогикалық орта – тәрбиенің ошағы. Оның баланы тәрбиелеу мен оқытудағы бірізді еңбегі, мәдениеттілігі, шеберлігі, әр адамның іскерлігіне назар аударуы жас маманның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Әрине, бұғанортаныңәсерлерінбөліпкөрсетугеболады:
- ұжымәсері, көзқарасы;
- ондағыбелгіленген жұмысбағытыныңорындалуы, талпынысы;
- жас маман жұмысынаберілетін баға.
Педагогикалық арнаулы орта, жоғары оқу орындары – ұстаздыққа жан-жақты үйрете отырып, оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне қанығады. Оқушылар ісімен біліктілігін байқау, зерттеу, бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, өздерінің мамандығы бойынша тәжірибе жинап, шеберлігін қалыптастырады.
Шеберлікті жетілдіру сан – салалы. Бұл, әрине ең алдымен, осы мамандықты насихаттап, мамандықтың құрметті де, қиын әрі қызықты екенін түсіндіруден басталады. Мектепте ұстаздар балалармен жұмыс жасай отырып, олардың ұйымдастырушылық қабілетін байқайды. Мен өз сабақтарымда жаңа білім мазмұнын жетілдіру үшін Kahoot, Plicers технологиялардыжәне интернет ресурстарын қолданамын. Осылай оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары оянып, сабаққа белсеңді түрде қатысады.
Биология сабағында Bilimland сайтына тапсырма орындауда
Оқушылар Plicers технологиясы арқылы дайындалған сұрақтарға
жауап беруде
Міне , осындай жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге өз көмегін аямайтын ақылды, елгезек оқушыларды ұстаздыққа мектеп қабырғасында арнаулы бағдарлама бойынша дайындап, олардың келешекте педагогикалық оқу орындарына түсіп, өз жолын табуына жағдай жасау керек. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруды ұйымдастыру әр түрлі жолмен жүреді.
Білікті оқушы тәрбиелеу – өте күрделі, нәзік те жауапты іс екені баршаға аян. Сол себепті де мұғалімнің алдында жасөспірімдерді қалай оқыту, олардың әрқайсысының бойына Отанға сүйіспеншілік, қоғам игілігіне еңбек ету қажеттігін қалай қалыптастыруға болады деген сұрақтар тұруы заңды. Ендеше мектепте, сыныпта мұғалімнің басты тұлға аталынуы да бекер емес. Болашақ азаматтың қандай болып шығуы оған білім мен тәрбие беруші бүгінгі мұғалімнің сапасына, білімділігі мен іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылғанбілім – болашақтыңкепілі.
Әдебиет:
- Қоянбаев Қ. «Педагогика». 2014 жыл
- Игенбаева Б.Қ. «Мен – адаммын» -адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы. 2011 жыл
- Игенбаева Б.Қ. «Адамгершілік сабақтары» Алматы. 2014 жыл
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы» ғылыми-практикалық конференциясына
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718