Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік
Айтмухаева Молдир Токтасыновна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Дамытушылық:
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:
Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық үйірме сағаты.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, рөлдік ойын, әңгімелеу және т. б.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі бар оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер – «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».
Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Аяла: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан – жылға көбейіп келеді.
Рауан: жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде.
Залина:Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.
Бұлбұл:Жол – көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.
Зере: Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
Аружан: Жол – көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
Ерназ:Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Айханым:Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған үйірме сағатын өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!
Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.
«Қызылдар» тобы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы:
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы:
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Айханым:
Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
(Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.)
Бағдаршам:
– Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Айханым:
– Қош келдің, Бағдаршам!
«Сәлем – сөздің анасы»
«Қызылдар» тобы:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын артпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
«Сарылар» тобы:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп –
Ол ортақ – үлкен, кіші, баршамызға!
«Жасылдар» тобы:
Жалғайтын достастырып бар әнменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен.
«Бағдаршамның сұрақтары»
1. Жол қозғалысы қауіпсіздігін кім қорғайды?Полиция
2. Жол белгілері не үшін салынады?Жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге жол
жағдайларын ескерту үшін.
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?Жолға ақ түспен жолақшалар салынады
4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?Қызыл,сары,жасыл.Тігінен,көлденеңінен
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?7топқа бөлінеді.Ескерту,басымдылық,тиым салынған,алдын-ала жазылатын,ақпараттық көрсеткіш,сервис,қосымша ақпарат белгілері.
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?Мектептің алдында
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?14 жастан бастап рұқсат етіледі.
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?Тежеуішті.
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?жерасты және жаяулар өтетін жолдан
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?
Бағдаршам дұрыс жауап берген топтарға өздеріне сәйкес келетін жетондар береді
Көрініс:
Жол бойында абай бол!
(Музыка ойнап тұрады)
Ерсұлтан мен Ильяс екеуіжол шетінде футбол ойнап жүреді. Оларға велосипед мінген Мұхамедәлімен Расул келеді.
Мұхамедәлі: -Сәлем Ерсұлтан,Ильяс. Халдерің қалай?
Ильяс: -Сәлем. Халіміз жақсы.
Расул:-Марлан, Арнұр, сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер. Бұл жерде ойнау қауіпті.
Ильяс: -Ой , қойшы сен. Біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой.
Ерсұлтан:– Бар, өз жөніңмен кете бер. Біз өзіміз білеміз.Ильяс, теп допты.(Осы кезде Ильястың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. Ерсұлтан оны аламын деп жүгіргенде, оны машина қағып кете жаздайды. Машина тежегішін басып әрең тоқтайды. Қорқып қалған Ерсұлтанды Ильяс пен Расулжол үстінен алып шығады.Жүргізуші-Арнұр машинасын жол жиегіне қойып, бірге келеді. Зәресі ұшқан Ильяс жылап жібереді).
Расул: — Жылама, Ерсұлтан, жылама. Келесі жолы абай бол.
Расул: Жол көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. «Қауіп жоқ» − деп ойлама, Жолда футбол ойнама!
Ильяс: -Сендер бізге ақыл айтасыңдар. Ал өздерің жолда велосипед теуіп жүрсіңдер.
Мұхамедәлі: -Жоқ Арнұр, біз велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебеміз. Әне рұқсат етілген белгісі тұр.
Ильяс: -Ал жолдан қалай өтесіңдер?Машиналармен жарысасыңдар ма?
Расул: Жарысып-ақ кетер ек, Машиналар өте көп. Жолдан өтем асықпай, Велосипед жетелеп.
(Полиция машинасының сиренасы естіледі)
Осы кезде жол инспекторы келеді: -Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр?
Мұхамедәлі: -Жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десек,Ерсұлтан мен Ильяс тыңдамайды.
Жол инспекторы: —Дұрыс айтады. Жолда сақ болу керек. Ой, Ерсұлтан, сен жарақаттанып қалғансың ба? Қазір Жедел жәрдем шақырайын.
-Алло, Жедел жәрдем. Тезірек жетіңіздер. Мына жерде Ерсұлтан жарақаттанып қалыпты.
(Жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі)
Кәусар-дәрігер келеді.
-Сәлеметсіздер ме? Кім жарақаттанып қалды.
Жол инспекторы:
-Ерсұлтанды машина қағып кете жаздап,аяғын жарақаттап алғанға ұқсайды.
Кәусар-дәрігер: -Қане, қарап көрейік. Аяғыңды созып көрші.
-Бақытымызға қарай аяғың сынғаннан аман екен. Келесі жолы абайлап жүр. Кел,Расул,досыңды тұрғызайық. ( екеуі сүйемелдеп Ерсұлтанды тұрғызады)
Жол инспекторы: -Рахмет сізге дәрігер.
(балаларға қарап) — Оқиға қалай болды. Түсіндіріп беріңдерші.
Ильяс: — Біз осы жерде доп ойнап жүргенбіз. Доп жолға домалап кетті. Оны алам дегенде Ерсұлтанды машина қағып кетті.
Жол инспекторы: -Онда жүргізіушінің кінәсі жоқ екен. Ерсұлтан өзі кінәлі. Жүргізуші бара беруіне болады. Жолыңыздан қалмаңыз. Сау болыңыз.
(Балаларға қарап)
Ата – ананың сенімін, Еске ұстап ақтай біл. Жолдан өтер жаяудың, Ережесін сақтай біл!
Айнала қауіп бар ойла, Жан-жағына қарайла! Доп ойнама көшеде, Машина жолын абайла!
-Енді бәрін түсінген шығарсыңдар?
Ильяс пен Ерсұлтан: -Ия, біз бәрін де түсіндік. Енді жол тәртібін сақтап жүреміз.
Жол инспекторы: -Енді жол тәртібін бұзбаңдар. Сау болыңдар.
Бәрі хормен: Көшеде тек жүрелік, Өзінше бұл да бір ерлік. Ата — ана қынжылмасын, Түсірмесін ұнжырғасын.
Ән «Жол тәртібін білейік» (Жазда апамның аулына» өлеңінің әнімен)
Жол тәртібі біздерді,
Апаттардан қорғайды.
Адамдардың өмірін,
Полиция қорғайды.
Қайырмасы:
Бағдаршамға қарайық,
Ережені сақтайық.
Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейін!