Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Дюсупбаева Ұлжан Нұржанқызы

Мақсаты: Балаларды жақсы мен жаман сөздерінің мапғынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету. Бала бойына мейірімділік,адамгершілік жәнеде басқа әдептердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау. Әңгіме кейіпкерлерінің қылықтары мен мінез құлқын талқылау,жақсы қылықтарын атап көрсету арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушылық:  Балалар бүгін бізде ерекше күн,бізге көптеген қонақтар келіп отвыр. Қане қонақтарымызбен амандасып алайық:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз

Шаттық шеңбері:

Мектептің біз есігін,                                          Бұл екінші үйіміз

Төртке тола ашқанбыз.                                     Бір туғандай бәріміз

Балапандай өсіріп                                               Біз – осы үйдің гүліміз

Мәпелейді мектебім                                         Біз – осы үйдің сәніміз

 

-Балалар бізде бүгін « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие шарасы болмақ. Жақсы  әдептердің бірі үлкенді сыйлау,құрметтеу болып табылады.

Біз үлкендерді қалай құрметтейміз,қалай сыйлаймыз?

-Үлкеннен бұрын сөйлемеу.

-Үлкеннің алдын кесіп өтпеу.

– Әрқашан үлкеннің тілін алу.

– Үлкендерге көмектесу т.б

 

-Балалар біз сыйластық туралы тақпақ білемізғой,айтайықшы

Кім үлкенді тындаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде ,

Сыйлы болмақ өзіде.

Ал балалар сендердің ойларынша жақсы бала қандай болу керек?

Жалпы  топтық тақпақ

Ролдерде:Абзал,Ақнұр,Хузайфа,Айша

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

-Сәлеметсіз бе, ағай- деп,

-Сәлеметсіз бе, апай-деп,

– Есенсізбе, әжей-деп,

-Амансыз ба, атай -деп.

-Ұл қыз сәлем береміз

Өнегелі өренбіз.

-Балалар әдепті , жақсы,тәрбиелі  бала деп айтып жатамыз. Бұл сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз адамның жасаған әрбір ісі,қимылы,жүріс-тұрысы,сөйлеу мәнері,өзін-өзі ұстай білуі ол адамның әдептілігі,мәдениеттілігі,тәрбиелігі жайлы сыр шертіп тұрады. Ендеше осы тәрбиелік шарамыздабіз сіздерге көптеген мағлұмат береміз,ойларыңызды кеңейтіп,сіздергше кішкене де болса болашаққа жол көрсетеміз деп ойлаймын.

 

Ал енді балалар біз адам бойындағы , жақсы мен жаман әдеттері туралы әңгімелейміз

(Слайд арқылы жұмыс).

Жақсылық пен жамандық туралы мақал мәтелдер

1.Жақсы бала арлы бала

Жаман бала сорлы бала

2.Жақсы туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы

  1. Жақсымен жанас

Жаманнан адас. Т.б

Балалардың бойын жазып, сергіту сәтіне шығарамыз.

Көріністер.

1.Жалқаулық.

Мәтінін оқитын: Таубалды Нұрай,Сағидолла Назерке

Рөлдерде:Анель,Бердиар,Дарын,Рахман

2.Кешірім сұрау

Рөлдерде: Айша мен Жантөре

  1. Қуыршаққа талас

Рөлдерде: Кәусар,Дильяра

Слайд арқылы ертегі көру

«Қызғаншақ қыз»

Қорытынды ойын «Жақсы мен жаман»

 Балалар хормен

Біздің топта балалар

Тату тәтті ойнайды

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Бала « Жақсы мен жаман» сөздерінің мағыналарын ажырата білуі керек.

Меңгеруі: Бала бойына жақсы әдеттерді қабылдай білуді үйрету

Жасайды: Күнделікті өмірде бойына сіңірген жақсы әдеттерді пайдаланып,адамдарға мейірімділік,қайырымдылық,қамқорлық,жақсылық жасай алуы керек

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *