Отбасы. Отбасы мүшелері

Мусабаева Гульсим Калиевна

Мақсаты:

  1. Отбасы-әр адамның шағын отаны.Отбасынеке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол қоғамның бір бөлшегі деген ұғымдарға тоқталу.Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінк беру.Оқушыларға әке-шеш бауырдың қадірін үйрету.
  2. Өз пікірлерін айтуға, талдау жасап, қорытынды шығаруға дағдыландыру.Ойлау қабілетін дамытып,шығармашылық әрекетін қалыптастыру.
  3. Балалардың бойында ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін, құрмет сезімін ояту.Сыйластыққа, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі.
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Өзін және сыныптарын бағалайды.
Түйінді түсінік: Отбасы, адамзат, қоғам.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта,Бәйтеректің суреті,«Сәби бақыты»бейнетаспа  видеоклипі, «Қарттар үйі»бейнетаспа, отбасы суреттері.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
                                             Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   

 Психологиялық дайындық жүргізу.

                                                    Оқуға зейінді болайық,

Еңбекке бейімді болайық,

Оқығанымыз есте болсын,

Күнделігіміз «5»-ке толсын!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Білу:  Жердің күнді айнала қозғалуы Жыл мезгілдерінің ауысуы

(Жұптық жұмыс)

Тест І нұсқа
1. Жерге жақын жұлдыз
А) Уран Б)Юпитер В)Күн Д) Сатурн
2 . Күн меннен Жердің ара қашықтығы
А) 150 000 000 Б) 15 000 000 В)1 000 000 Д)1,5 000 000
3. Күннің көлденең өлшем бірлігі
А)140 000 000 Б)14 000 000 В)1 40 000 Д)1 400 000
4. Күннің беткі қабығының қызуы
А) 6 000º Б) 60 000º В) 600 000º Д) 600º
5 . Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
А)1954 ж Б)1957ж В)1959ж Д)1953ж
ІІ нұсқа
1 . Қай айда «Ғарышкерлер күні» аталып өтеді?
А)12наурыз Б)12ақпан В)12мамыр Д)12сәуір
2. Біздің мемлектіміз қай материкте орналасқан?
А) Оңтүстік Америка Б) Еуразия В)Аустралия Д)Антарктида
3.Жер шарында неше мұхит бар?
А)4мұхит Б)6мұхит В)2мұхит Д 8мұхит
4. Мұз құрсанған материк
А)Африка Б) Оңтүстік Америка В) Антарктида Д) Еуразия
5. Ең үлкен мұхит
А) Солтүстік Мұзды Б) Тынық В) Атлант Д) Үнді

Сергіту сәті:

«Сымсыз телефон»

1-топ: Ата, қарындас

2-топ: Ана, іні
3-топ: Әке, әпке

4-топ: Әже, аға

5-топ: Апа, сіңілі
ІІІ. Жаңа сабақ :

Түсіну:

Ата,          Апа        қарындас

Әке, әпке       Отбасы          Әже, аға

              Ана,            Сіңілі                      Іні

          Отбасы– Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.
Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс

 Оқу стратегиясын қолдану арқылы мәтінді  мәнерлеп, тізбектей  оқу.

Өз бетімен мәтінді оқу.

Ү.Бекіту:

Қолдану: «Диалог құру» (Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды)

1.Отбасы дегеніміз не?

2.Отбасы мүшелерін ата

3.Отбасы қаражаты неге жұмсалады?

4.Отбасы құқықтары

5.Баланың міндеті

6.Ата-ананың міндеті

7.Отбасы тәрбиесін қандай болу керек?

8.Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?

-Ал, олай болса сендер өз отбасыларыңмен бақыттысыңдар ма?

 

«Менің бақытты отбасым» туралы әңгімелеу.

Жинақтау:Олай болса балалар қоғамда барлық отбасы бақытты  деп ойлайсыздар ма?

Біздің қоғамда отбасы туралы қандай  өзекті мәселе болып жатыр деп ойлайсыздар?

  • Жетім балалар, қарттар үйі

Талдау: «Сәби бақыты» әнін орындау. (Есенқұл Абылайхан, Меделхан Айару)

  • Оқушыларымыздың айтқан әнінен не түсіндік?
  • Бұл адамның жүрегін ауыртатын қандай жағдай?
  • Қоғамда жетім балалар болмау үшін қандай үлес қосар едің?

Бейнетаспа: Қарттар үйі

– Қарттар үйі не себептен болады?

-Мұндай жағдай болуына кім кінәлі деп ойлайсыздар?

– Сен өскенде қандай үлес қосар едің қарттар үйіне?

Бағалау:Топтық жұмыс

1-топ:Әке  моделі

2-топ:Ана моделі

3-топ:Бала моделі

4-топ:«5 жолды» өлең

ҮІ. Қорытынды: 5.Кестедегі сөздерден мақал – мәтелдерді дұрыс табу

Отбасы бала көзі
Отбасы қоғамның іргетасы
Отбасы махаббат ұясы
Отбасы тәрбие бақыты

 

Отбасы қоғамның ұясы
Отбасы тәрбие бақыты
Отбасы махаббат іргетасы
Отбасы бала көзі

 

Кері  байланыс:

«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) «Тілек ағашына» оқушылар алмаға, көбелекке ата – аналарына деген тілектерін жазады.

ҮІІ.Бағалау:

Үйге тапсырма: 2 бет оқу, түсінігін айту.Отбасы суретін салу

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *