Көңілді қыс
Киманова Гульсара Ораловна
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі оның шығармалары туралы білімін кеңейту . «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнын мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, сызбалар, суреттер, слайд, бағалау парағы, ойындар.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Топқа бөлу, топтың атын, ұранын ойластыру. (2 минут)
-Бүгін сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін сендермен топпен жұмыс істейміз.Бүгін біз қыс мезгіліне саяхат жасаймыз.
- Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу-ауызша . (5 минут)
10-Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі?
20-Қыс мезгіліне байланысты болжамдар.
30-Қыста жерді басып кетті, ал көктемде ағып кетті (қар)
40-Табаныма байладым, қос аяқпен айдадым.(шаңғы)
50-Қыс қандай? (қарлы,аязды)
60-Қыста ағаштар қандай? Неге?
- «Ой шақыру» стратегиясы (2 минут)
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше бүгін біздің қайталау сабағымыз қыс мезгіліне байланысты болады.
Бүгін біз сендермен белгілнеген аялдамалар бойынша сяхатқа шығамыз . Саяхаттағанды ұнатасыңдар ма? Ал саяхаттаған кезде, адамдар шаршаған кезде не істейді?
-Әрине, дем алады. Ал біз сабағымызда аялдамаларда берілген тапсырмаларды орындаймыз.
1 аялалдама: «Қыс мезгілі» аялдамасы.
2 аялдама «Қыс өлеңі»
3 аялдама «Саханалық көрініс» аялдамасы.
4 аялдама «Қысқы орман» аялдамасы.
Осы аялдамаларда бізді көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Ал, балалар, біз саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше бастайық.
1 аялдама «Қыс мезгілі» аялдамасы. 7 минут
Бұл аялдамада бір топ кластер, бір топ коллаж жасайды қыс мезгіліне байланысты. Екі команданың топбасшылары алға шығып, стикерде жазылған қағаздарды таңдайды. Әр топ өз істеген жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.
2 аялдама «Қыс өлеңі» 7 минут
Бұл аялдамада екі топқа екі өлең беріледі , сол өлеңді оқып мазмұнын талдап айтып береді.
Сергіту сәті «Алақай, балақай» (2 минут)
3 аялдама «Саханалық көрініс» 8 минут
Бұл аялдамада екі топқа екі мәтін беріледі сол мәтінді саханалап берулері керек.
4 аялдама «Қысқы орман»5 минут
Мына аялдамадан өту үшін ,сендер Жер-Ананың хатындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
- Қыста қыстайтын құстардың аттарын атаңдар?(қарға,сауысқан,суықторғай,шымшық,тоқылдақ)
- Аңдардың қысқы тіршілігі туралы айтыңдар (аю, қоян)
- Қысқы киімдер туралы айтып беріңдер.
- Қысқы қандай ойындарды білесіңдер?
Қорытынды.
-Бүгін сабағымызда не айтылды?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдаршы?
-Бүгін сабақ сендерге ұнады ма?
-Сендерге не қиын болды?
– Не оңай болды?
-Біз бүгін қандай жұмыстар жасадық?
Бағалау.
«Өз жұмысыңды бағала»
Әр топ өз жұмыстарын бағалап бір- бірлеріне баға қояды.
Жасыл түс-мен бәрін жақсы түсіндім және досыма түсіндіре аламын.
Сары түс-мен түсіндім, бірақ маған көмек қажет.
Қызыл түс-маған бүгін сабақ қиын болды, түсінген жоқпын.