Ұлт болашағы білімді

Оралова Сымбат Болтайқызы

Қай заманда болса да бала тәрбиесі – басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Осы қағиданы жетік түсінген Тәуелсіз мемлекеітіміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі, «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Сондықтанда кешеден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі екендігі дәйекті.
Жалпы бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мәселелері әріптестік педагогиканы талап етеді. Мектеп пен ата-ана, мектеп оқушылары бәр-бәрімен тығыз байланыста болғанда ғана ұрпақ тәрбиесі жемісті болмақ. Болашақтың іргесін бүгінгі жастар қаласа, ертеңгі ұрпақ өз жалғасын табуы тиіс. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында өткізілген тәлім-тәрбие сағатының бірі – «Бала – басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында ұйымдастыру еліміздің кез-келген өңірінде білім беріп жатқан ұстаздар қауымының жауапты ісі.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады, – демекші ашық есік күнінде әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар ата-аналармен, қоғамдық орындардың қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылып отырылады.
Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?! Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұспа тұс келген тағылымы мол іс шара «Қария сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында салт-дәстүрмен, дүниеге жаңа келген жас нәрестеге бата беру дәстүрімен басталып,
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды.
Тәрбие алам, – деп келдім деген мақсатпен мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін тәрбие сағаттарымен жалғастыру үрдіске айналдырған. Атап айтар болсақ, мектеп ғимаратындағы «Балдәурен» шағын орталығында «Отбасым – алтын діңгегім» тақырыбында қызықты сәт, даярлық сыныптарында «Аялы алақан» тақырыбында мерекелік байқау шаралары өтіп отырылады. «Ата-аналар» мектебімен бірлесіп «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» тақырыбында дөнгелек үстел, «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Бабаның еккені – балаға сая», «Өнерлінің өмірі көркем», «Атадан – өсиет, анадан – қасиет», «Отбасым – бақыт мекені» тақырыптарында танымдық ойын, сахналық қойылым, байқаулар және «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын?!» тақырыбында әртүрлі іс-шараларды өткізіп отыру формалары мектеп өміріне кеңінен енуде.
Елбасымыз өзінің жыл сайынғы кезекті халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Іс-шара барысында тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абайдың
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, – деген қағидасын басшылыққа алып, білім мен өнерді қос қанаты санайтын өнерлі өрендердің өсіп өркендеуіне жол ашылуда.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *