С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Сулейменова Акгуль Сапаровна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу,«Ақсақ киік«өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып автор шеберлігін тануына көмек тесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

Дамытушылық: а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықта нып,түйінді ой,өзіндік пікір қалып тастыруына жол ашу;

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей  білуге,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрi:  жаңа  тақырыпты  меңгерту  сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, топтастыру, «Фишбон»  немесе  «Балық  қаңқасы»  әдісі, «Кубизм» әдісі«Еркін  жазу» әдісі , «Автор  орындығы»  әдісі,РАФТ.

Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,география, музыка.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, электронды күй дискісі, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты  ояту.

ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

«Өнер алды-қызыл тіл«

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай,талмай үйрен,біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл-асыл қазына,

Байлығың-білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

Үй   тапсырмасын  сұрау:

Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» дастанының мазмұнын  айту

ІІ.Мағынаны  тану   Топтастыру.

Сәкен Сейфуллин кім, оның қандай еңбектерін білеміз?

 «Фишбон»  немесе  «Балық  қаңқасы»  әдісі

Жүзеге  асыру  қадамдары:

1-қадам:Өлеңді  әр  оқушы  оқып  шығады.

2-қадам: Оқу  процесінде  қаңқаның  басында  мәтінде  қарастырылған    проблема   белгіленеді.

3-қадам: жоғарғы  «қосымша  бұтақтарында» проблеманың   себебі  белгіленеді, төменгі   «сүйекшелерінде»  оқу  барысында   себепті   нақтылайтын   дәйектер   жазылады.

4-қадам: балықтың  «құйрығында»  қорытынды  жазылады.

5-қадам:жұпта,топта  жұмысты  талқылау.

6-қадам:топ  жұмысын  аудиторияда  презентациялау.

Проблема —  Киіктердің  азайып  бара  жатуы.

Себептері – ақбөкендердің  қорғалмауы.

Дәлелдері — адамдардың  ақбөкендерді  атуы, азық  етуі, мүйіздерін  шетке  сатып,пайда  табуы

Қорытынды – табиғатты  қорғау, табиғаттың  тепе-теңдігін  сақтау, табиғатқа  қол  сұққандарға  жаза қолдану.

  1. Қ.Сағырбаев «Ақсақ киік» күйі (компьютерден) баяу орындалады. Мұғалім өлеңнен үзіндіні әсерлеп жатқа оқиды.
  2. Проблемалық сұрақ.Күй әуенімен өлеңнен қандай әсер алдыңыздар?

«Ақсақ киік» өлеңін оқығанда қандай сурет көз алдарыңа келді, қандай сезім туғызды?

3.Киікті көргендеріңіз бар ма?

 

«Кубизм» әдісі  бойынша  өлеңді  талдау

1-қадам:Оқушыларды  4 топқа  бөлу;

2-қадам:Кубиктің  көмегімен  төмендегі  тапсырмаларды бөлу;

  1. 1. Суреттеңіз: Жануардың табиғи ерекшелігі.
    — Физиологиялық дамуы, жамылғысы.
    — Мекен ететін ортасы туралы.
    — «Киік”сөзінің этимологиясы.
    Сүтқоректілердің жұп тұяқтылар отряды
    — Денесінің ұзындығы -150см
    — Салмағы – 50 кг
    — Мекені – шөл және шөлейтті жерлер ( Бетпақдала, Арысқұм, Үстірт)
    — Өмір сүру мерзімі 10-12 жыл
    — 1960-1970ж – 1млн
    — ХХІғ басында- 100мыңнан аз
    — Мүйізі – Тибет медицинасында
    — Еті – жеуге жарамды
    — Терісі – бағалы
    — Баласы – құралай

2.Қолданыңыз:

Шығарманы  бөлімдерге  бөліп, әр  бөлімге  ат қой . Композициялық  құрылысын  жаса.

  1. Әңгіменің басталуы.
  2. Әңгіменің дамуы.
  3. Әңгіменің байланысуы
  4. Әңгіменің шиеленіс.
  5. Шарықтау шегі.
  6. Әңгіменің шешімі.

Түсініксіз сөздерді ата

-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.

-Қос-шатыр,күрке. – Бетеге- шөп атауы.

-Киік –аталық жануар. –Бөкен-аналық жануар.

— Боялыш- жапырақсыз сойдиған шөл өсімдігінің аты.

— Көкпек – шөлде өсетін өсімдік аты.

  1. Талдаңыз
    авторы –
    тақырыбы-
    идеясы –
    жанр түрі –
    шумақ саны –
    тармақ –
    бунақ –
    буын  саны –
    ұйқас –
    әдеби – теориялық  ұғымдар –
    а) пейзаж
    б) теңеу
    с)эпитет
    д) метафора
  2. Салыстырыңыз. Киік пен бөкеннің айырмашылығы неде деп ойлайсыздар?
  3. Байланыстырыңыз.

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні

Экологиялық жүйедегі орны туралы.

Киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оныңсандықкөрсеткішітуралыне білеміз?

-Қазақстандағыкиіктерсаныныңөзгеруітуралы гистограмма

Қазақстан  картасынан   Бетпақдала  жерін көрсету

ІІІ. Ой-толғаныс  бөлімі «Еркін  жазу» әдісі.

Жүзеге  асыру  қадамдары:

1-қадам: Тақырыптың  қойылуы«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

2-қадам: оқушыларға  5  немесе  10 мин жазғызу.

3-қадам: жазғандарын  әуелі  жұпта   бір-біріне   оөып  беру, сосын   топта.  оқылады,  жазылғандарды  кері  байланыс  жасау   үшін   мұғалім  жинап  алады.

«Автор  орындығы»  әдісі.

1-қадам:  жұмысты  жазып  болған соң тақтаның  алдына  үстел  қойылады.

2-қадам: үстелге  отырып , өз  жазғанын    автор   ретінде   аудитория    алдында   оқуға  шақырылады.

3-қадам: аудитория  тыңдап, сұрақ  қояды.

Үйге  тапсырма: «Ақсақ киік»өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.

РАФТ   жазу

Р- рөл – оқушы

А-аудитория-  дос,халық, т.б.

Ф-форма- хат,үндеу,т.б.

Т- тақырып- «Біз — табиғат сақшысымыз»

Бағалау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *