Пейзаждағы ауа перспективасы

Боранбаева Камшат Бакдаулетовна

Сабақтың тақырыбы: Пейзаждағы ауа перспективасы

 

Сабақтың мақсаты: ауа перспективасының не екенін білеміз. Кеңістіктегі зат бояуының түсін ажырата білеміз.

 

Құрал-жабдықтар: Плакаттар, слайд, ақ қағаздар, қарындаштар 4 сынып оқулығы.

 

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа тақырыпты орындау.

4.Тапсырмалар орындау.

5.Сабақты бекіту.

  1. Үй тапсырмасы.

 

Сабақ барысы:

1.Уақыттың тығыздығына байланысты балаларды топқа бөліп, топтарының аттарын белгілеп жазамын. Мысалы: Қызыл түс, жасыл түс, сары түс қылып үш топқа бөлемін.

 

2.Қызығушылықты ояту.

Біздің күлкіміз көңілді

Жеткізсін жылумен шаттықты

Бөліскен жақсыгой өмірде

Қуаныш, мейірім, бақытты

 

3.Үй тапсырмасын сұрау:

Сынып  бойынша үй тапсырмасын бекіту мақсатында мен топтық жұмыс ұйымдастырдым. Сыныпты 3 топқа боліп, олардың әрқайсысына тапсырмалар беремін.

1-топқа: суретті құрастыр

2-топ: Сәйкестендір

3-топ: Ажырата біл

 

1-топ: табиғат тақырыбындағы суретті құрастырып, соны қорғайды.

2-топ: Әр табиғат бейнесін қандай түстермен салынатынын сәйкестендіру керек.Мысалы: жылы түс, қою түс,ашық түс

3-топ: Күннің екі мезгіліне бейне берілген, олардың қай уақытта түс те ме, алде кешке салынғанын анықтап, қорғау.

 

Үй тапсырмасын бекіту. Ал, балалар біз откен сабағымызда түстердің жарыққа тәуелділігін өткен болатынбыз. Ол біздің мезгілімізбен де ,күн ретімен де тығыз байланысты. Жарық неғұрлым жақсы түскен сайын суретіміз де ашық түсті болады.

 

 

Жаңа тақырыпқа кіріспе:

Мына ағаш діндеріне мән береміз. Екі суретте қандай айырмашылық бар. Кімнің ойы қандай ? Несімен сипаттаймыз.?

 

Я, балалар біз мына суреттен тек сызықтық перспективаның табиғатты толық бейнесін жасауға көмек бермейтінін білдік.

Жаңа сабақ:

Міне, балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Пейзаждағы ауа перспективасы.

 

Балалар осы суреттен біз қандай әсер аламыз. Сурет туралы ойымызды ортаға саламыз. Жақсы. Міне, балалар ауа мен жарықтың әсерінен бізге алыстағы нарселер анық емес, бұлдыр боп көрінеді. Ол неліктен деп ойлаймыз? Ауа бір орнында тұрмай үнемі қозғалып отырады.Сондықтан бізге таулар алыстағы денелердің бейнесі бұлдырлап көрінеді. Ауа газдардан  тұрады. Бүгінгі жаңа сабағымызда біз алыстағы дененің суретін қалай бейнелей алатын болдық?

Оны мына видиомен қорыта кетсек:

 

Видио  1 мин.

 

Осы видионы корсету барысында картиналарды таратып беремін.

 

Ал балалар осы суреттер бойынша әр топтан бір оқушыдан қорғауға шықса. Ойымызды жинақтаймыз. Саспаймыз.

/әр топ суреттер бойынша қорғайды/

Сергіту сәті:

Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске салады

Мың құлпыртып бояймын

Туып өскен даланы

Қызыл- бояу қызғалдақ

Сары- бояу сарғалдақ

Жасыл -бояу жайлауым

Іздеп барар армандап..

Ал,  балалар кітаппен жұмысқа мән берейік.

Бүгінгі ауа перспективасына байланысты бізге бірнеше суреттер берілген. Егер осы суреттерді жақсылап бейнелеп тақтаға кезекпен шығып ілеміз.Бұл сурет көрмесін Галереяға саяхат деп алдым. Ал ендеше жұмысқа кірісеміз.

 

Балалар суретке кіріседі:

 

Қорытынды:

Бағалау парақшалары таратылады;

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *