Математика әлемінде 5 көлемінде санау

Амангельдиева Гульнур Кайратқызы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Математика әлемінде 5 көлемінде санау.

Ересек.Мақсаты: Тең  туралы ұғымдарын қалыптастыру,

Міндеттері: 1.Білімділік: Заттарды салыстыруды үйрету

2.Дамытушылық: іс-әрекет дағдыларын меңгерту,ойлауға,ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндерді анықтау,түстерін ажырату.

3.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру

Ортаңғы.Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау                                          

Міндеттері: 1.Білімділік: Логикалық есептерді меңгерту

2.Дамытушылық: Заттарды салыстыруға үйрету

3.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру

Әдіс – тәсілдер: сұрақ –жауап, демонстрациялық ойын.

Сөздік жұмыс:санау

Қажетті көрнекі құралдар: Сандар

Билингвалды компанент:  пішін-фигура,бір,екі,үш,төрт,бес-один,два,три,четыре,пять

Мотивация

Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.Біз әдепті баламыз,алдымен қонақпен амандасып аламыз.

-Біз қандаймыз?

Ендеше ақылдылығымызды көрсетеміз бе?

Онда кірісейік.

Мен бәріңе денсаулық тілеймін

Мен бәріңе мейірім тілеймін

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін,

Мен бәріңе де көңілді сабақ,көңілді ойын тілеймін!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

-Сәлемесіз бе?!

-Ақылдымыз

-Иә

 

Барлығы қайталайды

Ізденіс-ұйымдастыру

Есік қағылады,пошташы хат әкеледі:

-Бұл балапан тобы  ма?

-Сендерге хат келді.Мен басқа адамдарға хат жеткізуім керек.Сау болыңдар!

Тәрбиеші хатты ашады,оқиды.

Әуен қойылады.5-ке дейінгі сандарды алғызып,автобусқа өз орындарына отырып,оңға-солға бұрылу арқылы математика әлеміне аттану.

1-тапсырма.а)1-5 сандар тұрады.Сандарды тура-кері 3 тілде санау.Ауада жазу.ә)Тақтамен жұмыс: суреттер ілініп тұрады,жанына керекті санды қою.

 

Әуен қойылады.Поездбен жүру.

 

2-тапсырма а.)Логикалық есептер жасыру.

ә).Қапшықтың ішінен қарамай пішін алып шығу.

 

Әуен қойылады.Поездбен жүру.

 

3-тапсырма.Үстел үстінде бөліктерден сан құрастыру.

Ойын ойнау «Өз көршіңді тап»

Әуен қойылады.Мақсаты: бастарына атрибут киіп,әуенмен билейді,әуен тоқтағанда тура,содан соң кері тұра қалады.

 

Әуен қойылады.Поездбен жүру

 

4-тапсырма.Суреттер арқылы салыстыру.Үлкен-кіші,көп-аз.

Қоян тығылып тұрады.

-Ой,балалар мынау не тығылып тұрған?

-Қоян екен ғой,аңдар қоянды ұстап,мында қамап қойыпты ғой.Біз қоянды құтқардық Алақай!

-Осындай қамқоршы,көмектесетін балаларға қоянның сендерге әкеле жатқан сыйлығы бар екен.Қонақтарға да ала келген көңіл-күйді білдіретін смайликтері бар екен.Соны қонағымызға таратайық.

Балалар жауабы:

-Иә

-Сау болыңыз!

Мұқият тыңдайды

Сандарды алады,автобусқа өз орындарына отырады.

1,2,3,4,5-5,4,3,2,1

Неше сурет көрді,сондай сан жанына қояды

Ойлайды,жауап береді

Пішінді алып,атайды,түсін ажыратады.

Сан құрастырады

Ойын ойнайды

Салыстырады

-Қоян-Алақай!

Муслим,Румиса таратады

 

Рефлекстік жинақтаушы.

Қорытынды сұрақ-жауап

Сыйлықты алмас бұрын,қоянды ортаға алып,шеңберге тұрып келген қонақтармен қоштасайық:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Балалар Сұрақтарға жауап береді,өлең жолдарымен қоштасады

Біледі: Сандарды 3 тілде санауды,салыстыруды

Меңгереді: Түстерді ажыратып,бөліктерден сан құрастыруды

 Игереді: Ойлау арқылы, логикалық есептерді шығаруды

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *