Мамандық таңдауында ата ананың маңызы

Тулебаева Бибігүл Бүркітовна

Мақсаты: “Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата – ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: түрлі – түсті қағаз, үнтаспа, А4 қағаз, слайд, қанатты сөздер.
Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын – жаттығу.

Жүргізілу барысы:
Ұйымдастыру: Ата – аналардың қолына жасыл және сары түсті жапырақшалар таратылып, екі топқа бөліп отырғызылады.
1. «Ой – қозғау» топпен жұмыс
2. «Бүгінгі менің ойым» айдары бойынша пікірталас.
3. «Шабыт» ойын – жаттығу
4. «Сүйіспеншілік сипаты»
5. Қорытындылау.

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл – Фараби

І – бөлім «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ… І – бөлім «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК – ОЛ…
Еңбек – бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал мамандық латын тілінен аударғанда – ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.

ІІ – бөлім “Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін – өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым – қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой – ниеті салмақтана түседі.
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез – келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет. Мүмкіндігі болып жатса, “Жігітке жеті өнер де аз” деген сөз тегін емес. Таным көкжиегі кеңіп, білім қоры артса несі айып. Сәйкес мамандық болса, кең түрде білген, игерген жақсы. Сол мамандықты тереңдете, үнемі қыры – сырын байқап, ізденіп білім толықтыру да жаман емес. Тек тоқырап қалмау керек.
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз, ондағы ата – ананың рөлі қандай?
• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың кеңдігі жақсы.
• Ата – аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.

ІІІ – бөлім «Шабыт»
Тапсырма бойынша ата – ана өзі келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын анық, ашық түрде жариялайды.
Мысалы: Мамандық бір – ақ рет біржола таңдалады – келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады.
• Мамандық бір – ақ рет біржола таңдалады.
• Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
• Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
• Отбасы мен достарының ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.
• Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
• Ақша болса, мамандық қажет емес.
• Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
• Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
• Мамандық таңдау – күн көріс қамы.

ІҮ – бөлім “Сүйіспеншілік сипат”
“Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді” (Л. Н. Толстой)

Көрсетілген дәйексөздің мағынасын ашу.
Мамандықтың бәрі жақсы, баламның өз қалауы бойынша мамандық таңдауға жағдай жасаймын, бірінші кезекте жоғарғы оқу орнын емес, әуелі мамандық таңдауды бірінші кезекке қоямын деген ата – аналар жасыл жапыраққа өз ізгі ниетін білдірсін, апікірге кереғар ұстаным ұстайтын ата – аналар, яғни мамандық таңдауда әлі де шешілмеген көкейінде проблемасы бар ата – аналар сары жапыраққа ой – ниетін білдіріп ағашқа жапсырамыз.
Енді осы ойларыңыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар…
Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауда беріліп жатқан бағыт – бағдарыңыз көмескі, оң жолға қойылмаған. Ал егер жасыл жапырақ көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауға бағыт – бағдар беру өз мәні де жүргізіліп жатыр деп айтуға болады.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп – көгеруі үшін, өздеріңіз айтып жатқан жақсы ойлардың барлығын балаға сүйіспеншілікпен ұқтыра, қалыптастыра, дарыта білуіміз қажет.

Қорытынды бөлім:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес. Балаңызға, мамандық таңдауда қадірменді ата – ана ақыл қосар ақылшысы екеніңізді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңізді, яғни ертеңгі күнгі сүйеніш – тірегі екеніңізді ұмытпаңыздар.

Құрметті ата – аналар!
Адам, өмірінде екі – ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі – мамандық, екіншісі – адал жар.
Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу – өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый – құрметке бөлену болып табылады.
Жалпы адамның өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл солай риза болады екен. Кәсіп таңдау бір жағынан – болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол – өзінің ішкі жан – дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және әлсіз жақтарым мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалға жауабың.
Жүректен жүрекке: Ата – аналар ортаға шеңбер құрып тұрады. Балауыз шамды қолдан – қолға беріп бір – біріне жылы сөздер айтады.

 

Айдарлы негізгі мектебінің психологі Тулебаева Б.Б.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Ата анамен баланың арасында байланыс бар.Сол байланыс екеуінің бірдей ойына әсерін тигізеді. Ең бастысы бала таңдап ал ата анасы қолдау керек сол баланың үмітін арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *