Н.Байғанин. Амангелдi батырым

Қызылбаева Балғын Жарылхановна

Сабақ:       әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Н. Байғанин.Амангелдi батырым
Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мазмұнымен таныстыру. Ұлт азаттық көтерілістің батыры А. Имановтың өмірі мен ерлік істері жайында мағлұмат беру. Өз ойларынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
2. Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой ұшқырлығын ұштауға, өз ойын еркін жеткізуге баулу, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылыққа баулу.
3. Батырлыққа, ерлікке, отанын, елін қорғай білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс, негізгі идеяны айқындау.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: А. Иманов, Н. Байғанин портреттері, сөзжұмбақ, слайд, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді мазмұндау. Махамбет пен Исатай туралы мәліметтер жинастыру.
ІІІ Өткенді пысықтау
Өткен сабақты пысықтау арқылы сөзжұмбақты шешу. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
VІ Жаңа сабақ
Амангелді туралы әңгімелеу. Қысқаша мәлімет беру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатын айту.
– Ел тәуелсіздігі, бейбітшілігі үшін қасықтай қанын қиған, жанын құрбан еткен батырларымызды біз ешқашан ұмытпаймыз, құрметтейміз. Осы батырлардың бейнесін мәңгілік есте сақтау үшін не қойылады?
– Ескерткіш.
– Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындай отырып, осы ескерткішке гүл шоғын қоямыз.
1-ші гүл шоғын қою.
Автор туралы мәлімет беру.
Ақтөбе облысы————— Халық ақыны,
Темір ауданында —————- жырау ———– дүниеге келген ——————Өнер қайраткері ———- «Қазақстан – майданға» ————————«Батыр туралы жыр»,———–«Батыр ұлға», «Жеңіс үшін»,
«Амангелді батыр», т. б
VІІ Оқулықпен жұмыс
2-ші гүл шоғын қою.
1) Өлеңмен танысу. Мағынасын ашу
а) іштей оқу
ә) тізбектеп оқу
б) мәнерлеп оқу
2) Өлеңді талдау. Сөздікпен жұмыс
Амангелді
(оқушылар Амангелді батырға сипаттама береді)
VІІІ Сергіту сәті
ІХ Дәптермен жұмыс
3-ші гүл шоғын қою.
Шығармашылық тапсырма
1-қатар. Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтел жазу
2-қатар. Өлең ұйқасын табу
3-қатар. Суретке қарап әңгіме құрастыру
Х Жаңа сабақты пысықтау
4-ші гүл шоғын қою
«Кім тапқыр?» ойыны
Ойынның шарты: Тақырыпқа сай ұяшықтағы сандарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.
Өмірбаяны: 10 – Амангелді батырдың туған жерін ата. (Торғай облысы)
20-Әкесі кім? (Үдербай)
30-Қандай тілдерді меңгерген? (түрік, парсы, араб)
Мінез-құлқы: 10- Амангелді Иманов кім?(ержүрек батыр)
20- Қандай өнері бар?( қолбасшылық, ұйымдастырушы)
30-Мінезі қандай? (ақылды, намысшыл)
Сандар: 10-Туған жылын ата. (1873жыл)
20- Ұлт-азаттық көтеріліс қашан басталды? (1916жыл)
30- «Амангелді батырым» өлеңі неше жолдан тұрады? (16)
ХІ Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау
ХІІ Қорытынды
5-шы гүл шоғын қою.
– Барлығыңда сабаққа белсенді араласып, жақсы жауап бердіңдер. Ең басты қосар үлестерің білімді, тәрбиелі жақсы азамат болып өсу. Отанымызды қорғауға дайын болу.
Ұлыларға ұқсап өссең, жас ұлан!
Бақытқа жете аларсың әрқашан!
Сабағымызды «Көк тудың желбірегені » әнімен аяқтаймыз.
Оқушыларды бағалау, мадақтау.   

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *