Етістік
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін еске түсіру,қайталау.
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін байқау,дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру,белсенділікке,ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы етістік туралы берілген білімді еске түсіру
Сабақтың түрі:Қайталау сабағы
Сабақтың өткізу әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс:Математика,ана тілі,дүниетану.
Қолданылатын стратегиялар:Топтастыру,түртіп алу,,болжау,5 жолды өлең,рафт, Венн диаграммасы т.б.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,ребустар,фигуралар т.б.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту кезеңі:
1)Ұйымдастыру кезеңі
2)Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі жарық мейірімді,
Болып кетер дереу сонда жан-жағым.
3)Өткен сабақты бекіту
Жаңа сабақ
Миға шабуыл: 1)Сөз табы деген не? 2)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-Балалар ,біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ.Өйткені жұмыс түрлері өте көп.Сондықтан сіздерден жұмыла,белсенді жұмысқа кірісулеріңізді сұраймын.
-Үстел үстінде 3 түрлі фигура қиындылары бар.Әркім өзіне ұнағанын таңдап алады.
-Бұлар қандай фигуралар?
-Геометриялық фигуралар
-Мінеки,фигуралар арқылы жаңа жұмыс тобын құрдық.Осы топтар бойынша жұмыс жүргізіледі.
-Ал енді бәріміз тақтадағы ребусқа қараймыз.Ребусты шешіп көрейік.
Екі етіктің суреті және ортасында «С» әрпі бар ребус.Шешуі:Етістік.
ІІ.Мағынаны тану кезеңі:
Онда етістік туралы жалпы не білетініміз туралы топтастыру жасау.
Анықтамасы
|
Жасалуы Дара
Болымды Күрделі
Болымсыз Туынды
Негізгі
380 -жаттығу
Түртіп алу стратегиясы бойынша мәтін таратылып,жұмыс жүргізіледі.
V білемін |
– білмеймін |
+ жаңа ақпар |
? таңғалдырады |
|
|
|
|
Сөздікпен жұмыс:Месопатамия-Кіші Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің елі;шық себет-қол өнермен жасалған корзина;қыш кітап-керамика,яғни балшық,құм,жер құрамын суға езіп,арнайы қалыпқа салып,оған деректер жазып,кептіріп,отқа қақтайды.
381-жаттығу
Жұмбақты шешіп,оны жатқа жазу
1-топқа:жұмбақты тақтаға жазып,етістіктің астын сызу,сұрақ қою.
ІІ-топқа: етістіктің дара немесе күрделі екенін анықтау.
ІІІ-топқа:дара етістікті күрделі етістікке айналдыру.
382-жаттығу Сурет ілінеді.
-Келесі тапсырма не туралы екенін анықтау.
Кодоскоптан мәтіннің үш бөлігі оқылып,үг болжау сұрағы қойылады.
-Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?
-Әрі қарай не болды?
-Ал сендер өздерің автордың орнында болсаңдар не істер едіңдер?Оқиғаны қалай аяқтар едіңдер?
383жаттығу.І топқа:дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып ,сөйлем құрау;ІІ топқа:мына сөздер қай сөз табы?Осы сөздерден етістік жасап,сөйлем құрау;ІІІ топқа:Мына берілген сөздер қай сөз табы?Осы сөздерден етістік жасапсөйлем құрау
ІІІ.Ой толғаныс кезеңі:
Ітопқа382-жаттығудағы Шанаға 5 жолды өлең құрастыру
ІІ топқа Зат есім мен етістікті салыстыру Венн диағграммасы арқылы салыстыру
ІІІ топқа «Етістікті дұрыс меңгер!»тақырыбында рафт құрастыру.
Бағалау
Үйге тапсырма:Көркем әдебиеттен болымды және болымсыз етістіктерге 3-4 сөйлем жазып,етістіктерді сөйлем құрамына талдау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718