Білім әлеміне саяхат
Санат Рина
Мақсаты: Жыл бойы алған білім дағдыларын нақтылау.
Білімділік: сұрақтарға толық дұрыс жауап беруге, дәстүрден тыс сурет салу әдісін өз беттерімен көрсете білуге төселдіру.
Дамытушылық: сөздік – логикалық ойлау дағдысын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: балаларда ұжымдық жағымды эмоция қалыптастыру.
Алдын–ала жұмыс: Алтын әженің хаты топқа келеді. Хаттың мазмұнымен танысып, көмек ұшын беруге дайын екендігін жеткізеді.
Қажетті құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қарындаштар, таратпа материалдар (кеме, ағаштың суреті дыбыстық талдауға және жоғалған сандар), текшелер, А3 – форматта қағаз – 3 дана, моншақтар, пластмасс бөтелке, ою ойылған картоп, музыкалық аспаптар (жетіген, домбыра, сылдырмақ, тұяқ),
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Балалар әуенмен залға кіреді.
Шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Күнімізді бастамас бұрын «Сәлем – сөз атасы», – демей ме, келген қонақтармен амандасайық.
- Жарайсыңдар, балалар! Енді, бір – бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
- Балалар, осында келмес бұрын біздің топқа хат келген еді. Хат кімнен келіп еді?
- Алтын әжеден келді. Бізден көмек сұрапты.
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Алтын әжеден хат алған болатынбыз. Алтын әжеге бармас бұрын барлығымыз білімізді сынап «Білім еліне» барып қайтайық!
- Мұнда екі топқа бөлініп отырып білім жарысын ұйымдастырайық./балалар екі топқа бөлініп отырады/.
- Бірінші топ «Сұңқар» тобы болсын!
- Екінші топ «Тұлпар» тобы болсын!/Ойын шартын түсіндірледі/.
- Келесі ұяшықты «Сұңқар» тобы таңдайды.
- Біз таңдаймыз кітапты таңдаймыз.
Логикалық есептер
І – топтың тапсырмалары
1.Аспан көгілдір, ал шөп қандай?
2.Ит тауыққа ма, әлде мысыққа көп ұқсай ма?
3.Жазда 5 аққала жарысты, екеуі озып кетті, нешеуі қалып қойды?
ІІ – топтың тапсырмалары
1.Аспанда 4 тауық ұшып бара жатыр еді. Қонақтап қалып қойды. Нешеуі ұшып кетті?
2.Қыз мезгілі. Ағашта 3 алмұрт өсіп тұр. Оның 2 жұлып алды. Нешеу қалды?
- Шанамен қай кезде сырғанауға болады?
ЖОҒАЛҒАН САНДЫ ЖАЗ
І – топтың тапсырмасы
1 3 5 7 9
ІІ – топтың тапсырмасы
2 4 6 8 10
- Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.
- Біз таңдаймыз киіз үйді.
Тапқыр болсаң шешіп көр!
Қолы бар, Күнде жейміз
Саусағы жоқ. Тәтті дейміз
Мойны бар, Қадір тұтып құрметтейміз. (нан)
Басы жоқ. (Көйлек)
Қабат – қабат қаптама, Бұрап қойған сағаттай,
Ақылың болса аттама. (Кітап) Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)
Ішіне тамақ салынған, Сыртылдайды күнімен,
Есігі мықтап жабылаған (Жұмыртқа) Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
- Келесі ұяшықты Сұңқар тобы таңдайды.
- Бізді таңдаймыз. Кеменің ұяшығын.
- Бұл ұяшықтың тапсырмасы «Дыбыстық талдау» Ағаш және кеме сөзіне дыбыстық талдау жаса.
– Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.
– Біз домбыраны таңдаймыз.
– Домбыраның ұяшығында «Мен бастаймын, сен аяқта!» – деп аталады. Мен сендерге мақал – мәтелдің басын айтамын, сендер аяқтайсыңдар.
Тапсырма: «Мен бастаймын, сен аяқта!»
І – Топтың тапсырмасы
Ел іші – алтын бесік
Еріншектің ісі – екі
Ананың сүті – бал, баланың тілі де бал.
ІІ – топтың тапсырмасы
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
Жақсының жаттығы жоқ.
- Келесі ұяшықты «Сұңқар» тобы таңдайды.
- Біз Глобусты таңдаймыз.
- Глобустың тапсырмасы:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш ғарышкері кім?
- Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.
- Біз ағашты таңдаймыз.
- Ағаш ұяшығының тапсырмасы:
Сөздерді ата және алғышқы дыбысын ата?
- Осымен біздің «Білім әлемінің сендерге қояр сұрақтары аяқталды.
- Олай болса қай топтың жеңіс жеткенін білу үшін алдарыңдағы алған жұлдызшаларыңда санай қойыңдар!
- Енді денемізді сергітіп алайық.
Бой сергіту: Қара жорға әуенімен
- Ал, балалар, Алтын әжеге уәде еткенміздей, барып көмектесейік.
/ Шеберхана да Алтын әже отырады/.
Балалар: Сәлеметсіз бе әже?
Алтын әже: Есенсіңдер ме балалар. Қош келдіңдер! Менің хатымды алдыңдар ма?!
Балалар: Иә алдық. Біз сізге көмектесуге келдік.
Алтын әже: Жақсы болды. Сұраныстар өте көп, үлкермей жатырмын. Сендердің көмектерің өте қажет.
Тәрбиеші: Иә, әже! Біздің балалардың қолынан бәрі келеді.
Алтын әже: Олай болса, кім текемет жасағысы келеді, кім алқа жасағысы келеді, ал енді біреулерің кестеге келіңдер.
/балалар өз қалаулары бойынша үшке топқа бөлінеді/.
Алтын әже: балалар, қандай әдемі етіп жасағансыңдар! Текеметке қандай өрнекті қолдаңдыңдар?
- Алқа немен жасадыңдар?
- Кестеге қандай түсті гүл салдыңдар?
- Өнерлі балалар екенсіңдер. Алғысым шексіз.
Тәрбиеші: Алтын әже, біз тек қана қол өнері ғана емес, біздің балалар ұлттық аспаптарда ойнай алады.
Алтын әже: Бәрекелді! Олай болса тамашалайық.
Тәрбиеші: Балалар өнермізді көрсетейік.
/балалар аспаптарын алып, орындарына жайғасады/.
Тәрбиеші: ал, балалар, әжемізбен қоштасып өзіміздің балабақшамызға қайтатын уақыт келді.
Алтын әже: Бәрекелді, өнерлеріңе тәнтімін. Көп рахмет!
Балалар: Сау болыңыз әже!
Алтын әже: сау болыңдар, балалар!
Қорытынды: міне, бақшамызға да келдік. Бүгінгі күн сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Біз қайда бардық? Кімге қолғабыс жасадық? Менде сендерге ризамын білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете алдыңдар. Осымен бүгінгі білім әлеміне саяхатымыз аяқталды.