9 саны мен цифры
Меруерт Керімбекова
Білім саласы: Таным
Білім бөлімі: Математика
Тақырыбы: 9 саны мен цифры
Мақсаты: Балалардың математика сабағына қызығушылығын арттыру.
9 сан мен цифрын таныстыру.
1-ден 9-ға Тура және кері санауға, реттік сандарды айыра білуге, санның көршісін табуға санамақ, жұмбақтар, логикалық есептерді бере отырып, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе сандар, санағыш геометриялық пішіндер.
Әдіс-тәсілі: көрсету, таныстыру, үйрету.
Шаттық шеңбер
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Қыз қолында гүл жүрсін
Ұл қолында ту жүрсін
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Апта күндерін атаңдаршы?
Балалардың жауаптары
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
Біз өткен оқу іс-әрекетімізде кандай санмен таныстық? Қане есімізге түсірейік, ауада жазайық.
Балалар:8 санымен таныстық
Тәрбиеші:Біз бүгін 9 санымен танысамыз. (слайд көрсету)
Балалар біз бүгін математика еліне саяхатқа шығамыз. Сендерге автобусқа билет алдым. Билетте сандар жазылған. Осы сандар бойынша рет-ретімен отырыңдар.
Міне келіп жеттік. Мына сандық не үшін тұр екен, ішін ашып көрейін.
Хат бар екен, оқып беру.
- Сәлеметсіздер ме балалар?Математика еліне қош келдіңдер!Бізде көптеген тапсырмалар бар. Сендердің білімдеріңді тексереміз. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар сыйлық беріледі.
Балалар орындаймыз ба?
Балалар: иә, орындаймыз.
Балаларды 4-топқа бөлу.
1-тапсырма Көршісін тап. Сандарды ретімен орналастыр.
1 | 3 | 5 | 7 | 9 |
10 | 8 | 6 | 4 | 2 |
0 |
3 | 2 | 7 | 6 | 9 |
2-тапсырма «Қосу және азайту» тақтадағы есептерді шығару.
2-1= 8-2= 7-2= 5+2=
3+2= 6+1= 5+1= 1+8=
5+3= 4-3= 3+2= 7-1=
7-3= 2+5= 6-3= 6-5=
3-тапсырма Логикалық сұрақтар
Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (9-2=7)
Бұлбұл әсем сайрайды
Ел-жұрт ұйып тыңдайды.
6 бұлбұл 3-уін қосқанда
Нешеуі болып сайрайды. (6+3=9)
Аулада 5 үйрек
Қорада 4 үйрек
Қосқанда барлығын
Болады неше үйрек (5+4=9)
Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Тоғыз еді ағашта
Ұшып кетті біреуі
Сонда қалды нешеуі? (9-1=8)
4-тапсырма
1-топ суретпен жұмыс.
2-топ геометриялық пішіндерден жұмыс
3-топ санашышпен 1-ден 9-ға дейін жазу
4-топ «Қатесін тап»
5-тапсырма
«Апта аттарын айту»
Шарты: кеспе сандарды таңдап алу және оны қай сан екенін, қай апта екенін айту.
6 «Оң және сол» деп айтылады.
Балаларға жалпы тапсырма
1 Оң қолымен мұрныңды көрсет
2 Сол қолымызбен маңдайымызды ұстайық
3 Оң қолды жоғары көтеріп, бұлға
4 Сол қолдарыңмен құлақтарыңды ұстаңдар
5 Оң қолмен мейірім таратайық
Сергіту сәті «Өз саныңды тап».
Бұл ойында балаларға 1-ден 9-ға дейін сандар беріледі олар музыка ырғағымен жүріп, жүгіріп музыка тоқтағанда сандарды ретімен тұра қалады.
- Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар! Енді сендердің алған білімдеріңе, ұшқырлықтарыңа қарай жұлдызшалар беріледі.
Балалар бүгін барлықтарың да оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Математика еліне саяхатқа барған ұнады ма? Осындай көңіл-күйімізбен топқа қайтамыз.
Тәрбиеші: Дәптермен жұмыс. 9 санын дәптерге жазу.
Ауада қолмен жазу, жерге аяқтың ұшымен жазу.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Сандарды тура және кері санау, салыстыра білу, пішіндер туралы.
Игерді: 9саны мен цифрының жазылуы туралы түсінікті.
Меңгерді: сұрақтарға толық жауап беру іскерлігін.
Түркістан қаласы
«Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ішінен ашылған шағын орталық тәрбиешісі
«Құлыншақ» тобы Меруерт Керімбекова
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718