Тұғыры биік елбасы!
Сулейменова Гулдана Сабыржановна
Мақсаты: балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айтып, Елбасының жасаған еңбектері туралы ұғым беру. Отанға, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Шаттық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансың ба, жер-ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанм.
Құрметті балалар, сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз. Еліміз осылай жылдан-жылға көркейіп, жайнап, өсе берсін! Президентіміз аман болсын, еліміз тыныш болсын!
Кең даласын егін жапқан,
Бар баласы, бақыт тапқан,
Менің жерім,туған елім-
Күн сәулелі- Қазақстан!-дей отырып, «Тұғыры биік Елбасы!» атты оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
-Балалар, бүгін бізде қандай мереке?
-Тұңғыш Президент күні.
-Дұрыс айтасыңдар, бүгін бізде үлкен мереке! Бұл мерекені біз жыл бойы тойлап отырамыз.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан.
-Балалар, біздің Елбасымыз кім?
-Нұрсылтан Әбішұлі Назарбаев
-Балалар, мынау менің ненің сурет?
-Қазақстан Республикасының картасы.
-Ал, балалар, біздің Президентіміз қандай зәулім уйде жұмыс жасайды?
-Ақордада.
-Біздің қаламызға осындай әдемі ғимараттарды кім салдырды?
-Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев
-Дұрыс айтасыңдар.
-Сендер сияқты кішкентай балапандар балабақшаға барсың, жастар білім алсын, – деп көптеген мектепрмен оқу орындар ашуда Президентіміз.
-Балалар, біздің Респуликамыздың рәміздеріне не жатады?
-Ту, Гимн, Елтаңба.
-Олай болса, балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, Мемлекеттік Гимнімізді орындайық. (Гимн орындалады).
-Балалар, сендер, өз отандарынды жақсы көресіңдерме?
-Иә, жақсы көреміз.
-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
-Отан – оттан да ыстық.
-Отан – от басынан басалады.
-Отан үшін отқа түс күймейсің.
-Өте жақсы, балалар. Сендер отан туралы мақал-мәтелдерді біледі екенсіңдер.
Қазір біз сендермен қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» ойынын ойнаймыз. Құрметті балалар «Тұғыры биік Елбасы!» атты оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті. «Елбасымыз жасасың, Қазақстанымыз жасасың!»
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718