Сөз таптары
Бейсенбаева Карима Кабдоллаевна
Сабақтың мақсаты:
1.Сөз таптары.Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың
білімдерін,ұғымдарын қайталау.
2. Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын шығармашылық,
қабілеттерін байқау.
3. Оқушылардың ана тілін сүюге,адамгершілік қабілеттерін
қалыптастыру, сөздерді түсініп,үлгі,өнеге алуға.
Сабақ көрнекілігі: мәтін, сурет.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Оқушылармен амандасу,сабаққа зейінін аудару
3. Өткен тақырыпты пысықтап,бекіту
Психологиялық дайындық
Кәне бәріміз бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып сабағымызды бастау үшін көніл-күйімізді көтерейік.
Міне балалар бүгінгі сабағымызды ерекше өтеді, өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.
Сабақты бастамас бұрын, біз өзіміздің сабақ ұраның айтып кетейік.
Қазақ тілім- өз тілім дана тілім,
Абай, Мұқтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым қазақ тілім
Сабағымыз жүйелі өту үшін, біз барлығымыз бірігіп сөз жұмбақ шешеміз.
Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алайық:
1. Балық түрі (сазан)
2. Көру мүшесі (көз)
3. Гүлдей нәзік жан (қыз)
4. Асыл….. (тастан)
5. Өнер…… (жастан)
6…………., қара, сарымыз (ақпыз)
7. Аңшы қаруы (мылтық)
8. Қара емес (ақ)
9. Өтірік емес (рас)
10. Ақымақ емес (ақылды)
Қандай сөз шықты?
Сөз таптары деген сөз шықты.
Бүгінді біздің сабағымыз сөз таптар туралы.
Ал енді балалар біз Қазақстанды көркетуіміз үшін өз үлесімізді қосуымыз керек.Біз ол үшін сабағымызда жақсы жұмыс жасауымыз керек.Нәтижесін сабақ соңында береміз.
Міне,оқушылар кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі – қазақ тіліміз – қазақ тілі сабағы.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Сөз таптары туралы меңгерген білімімізді тиянақтау барысында жаттығу жұмыстарын жүргізіп,қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ тілі өте бай тіл. .Оның құрамында мыңдаған сөздер бар.
Сөздератқаратын қызметіне,мағынасына,сұрағына қарай 9 топқа бөлінеді екен.Біз бастауыш сыныпта төрт сөз табымен жұмыс жасаймыз.
1.Қане кім айтады қандай сөз таптарын білесіңдер? Балалардың жауабы:
Ендеше,бүгінгі сабағымыз топпен өтеді
Әр топ өздері сөз таптарың тандайды.
Мұғалім сөзі: Қазақ тілі – өте бай тілі.Оның құрамында мыңдаған сөздер бар.
Сөздератқаратын қызметіне,мағынасына,сұрағына қарай 9 топқа бөлінеді екен.
Бастауыш сыныбында 4 сөз табымен жұмыс жасаймыз.
Ендеше,бүгінгі сабағымыз топпен өтеді
I – топ.Тапсырма
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімнің сұрақтары қандай?
3.Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер?
II – топ. Тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не?.
2. Сын есімнің сұрақтарын ата
3. Сын есімнің қандай түрлерін білесіңдер
II – топ. Тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не?.
2. Сын есімнің сұрақтарын ата
3. Сын есімнің қандай түрлерін білесіңдер
III – топ.Сан есім
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары
3. Сан есімнің түрлері
IV – топ.Етістік
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің сұрақтарын атау
3. Етістіктің түрлері
2тапсырма
Мәтінмен жұмыс.
Мәтіннің қандай түрлерін білесіндер? Балалардың жауабы.
Мәтінді түгел оқыту. Сұрақ-жауап.
Мәтін неше бөліктен тұрады? ? Балалардың жауабы
Дәптермен жұмыс.
3тапсырма
Мәтінді бастапқы бөлігін көшіріп жазу.
.Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.Мысал келтір.
4тапсырма
Карточкаменжұмыс.
Сергіту сәті.
5тапсырма
Диалог
6тапсырма
Мәтін құрастыру»Көктем» тақырыбына. Сөз таптарың табу.
7тапсырма
Сурет салу
«EXPO – 2017» көрмесі Қазақстанды дүние жүзіне танытатын болады.Біз келешек жас ұрпақ осы көрмеге білімімізбен биіктен көрініп өткізуге ат салысайық.
Сөз таптарына бірнеше сөз жазу.
Сабақты бекіту: сұрақ жауап
Үйге тапсырма : 5- жаттығу.ереже.
Бағалау
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718