Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Қазіргі заман сұрауы бойынша білім берудің жаңа деңгейге көтеріліп жатқаны барлығымызға мәлім. Сол себепті оқушы да, мұғалім де осы өзгерістер заманында адасып қалмас үшін, жаңа талаптарды орындауға дайын болуы тиіс.

Елімiздің бiлім беру жүйесінің өзіне ғаламдық стандартқа сәйкес, жаңа технологиялар мен әдіс – тәсiлдер еніп жатыр. Мемлекетіміздің  мұғaлімдерінің алдарына қойған мақсаты ортақ, ол жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сaбақтарының сапaсын көтеру, оларды тиімді пайдаланумен қатар білімді, ізденімпaз, ақпараттық технологияларды еркін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлғa тәрбиeлеу болып табылады. Сондықтан да,  21 – ғасырдың ұстазы заман талабына сай білімді де білікті болуы қажет.

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 46 бет).

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының өз алдына қойған мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қазіргі таңда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ең қажет  әдістеменің бірі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау деген – әрбір жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселелерді ойлап, зерттеп, оны қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушыларымен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 46 бет).

Оқушыларға сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін:

– оқушылардың ойлауына, ойын ашық, еркін айтуына рұқсат беру керек.

– оқушылардың белсенді іс – әрекетін әрдайым қолдап отыру қажет.

– оқушылардың пікірін күлкіге айналдырмау керек.

– оқушылардың бір – біріне айтқан сынының дәлелді, ашық болуын талап ету қажет.

Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны басты тұлға деп алып:

– оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру қажет;

– оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоя білу, нәтижеге  қол жеткізу керек;

– жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуына мүмкіндік беру;

– мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым – қатынас орнату қажет.

Сын тұрғысынан ойлау модулін дұрыс пайдалана білген жағдайда, оқушы да, сонымен қатар мұғалім де өз бетімен ізденуге талпынып, шығармашылық бағытқа қарай көз бұрып, өз идеяларын еркін ортаға салып, бір – бірінің пікірін тыңдай алуға үйренеді. Осы модуль арқылы мұғалім өз шәкіртінің бойында өзін – өзі дамыта жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастырып, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрететін болса, онда ол дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, оқушы өз ойын еркін жеткізе алатын, басқалардың пікірімен санасатын, туындаған мәселе бойынша өз ойын айта алатын тұлға болып қалыптасады және оның ойын шыңдауға мүмкіндік туады.

Сабақ барысында «сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін пайдалану, оқушыларды топпен, жұппен жұмысқа үйрету, жауаптарын дұрыс әрі нақты айтуға қалыптастыру, ақпаратты талдау, бір – бірімен бөлісу дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік сезімге тәрбиелеу, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, ақпаратты өз бетімен іздеуге бағыттау, ойларын қорытындылауға дағдыландырады.

Жаңашылдыққа ұмтылу, сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану мұғалімдер үшін өте тиімді деп ойлаймын. Жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларды топтық, жұптық жұмыс барысында сын тұрғысынан ойлауға, өзін – өзі және бірін – бірі бағалауға, өз ойларымен, идеяларымен бөлісуге, бір – бірімен пікір таластыруға үйренетініне көзім жетті.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *