«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»

 

Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.

 

Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.

” Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады.Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық,бақылау жасауға талпыныс,өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге  жүретін процесс. Зерттеу,іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады.. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба- латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі.Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді.Ол белгісізді іздеу,жаңа білімді іздеу процесі.Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша,жобалау мен зерттеу басынан-ақ әрекет түрлерінің бағыттары,мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков “жобалау мен зерттеу бағыттылығы,мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі ’’, атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:

           -оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;

          -ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;

          -өз білімін өздігінен құрастыра алуы;

          – ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;

          -сын тұрғысынан ойлай алуы;

                     Зерттеу түрлері:

1)теориялық          2 ) фантастикалық          3) эксперимент

Теориялық зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды.

Фантастикалық- өмірде болмайтын фантастикалық құбылыстар мен заттар жөнінде.

Эксперименттік – өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді  талап етеді.Балалар үшін ең қызықты эксперимент-нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер.Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады Экспериментальді (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер,байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

      1.ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ

Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты-тақырыпты дұрыс таңдау.Тақырыпты таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады.   Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

Зерттеу жұмысының басты шартыоның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.                                                                                                                    Мақсатбұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.

Міндеттерқадамдарды,мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.                                                                                                              Жұмыстың өзектілігіяғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.

Болжам-логикалық дәлелденбеген,тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылмаған білім

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін жобаның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі.

Зерттеудің қол жетімді әдістері:

1.дербес ойлау

2.кітаптан оқып білу

3.кино,теле фильмдерден білу

4.интернет желісінен іздеп табу

5.басқа адамдардан сұрап білеу

6.байқау

7.эксперимент жүргізу.

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады

        Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық,байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып,олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда,бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар.Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине,ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі:проблеманы қалай анықтауға болады,болжамды калай құрылымдау керек,байқауды,эксперементті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы,оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген ұмтылысы негізінде құрылған оқытуда зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.Балаларды оқуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бола болмысының білмекке құмарлығымен,оны қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері,олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар,өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе,өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде»алмай,өз бетімен ашады. Кіші жастағы балалар тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады.                                          

Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:

  • Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді,
    • Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге
    бейімделеді;
    • Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады;
    • Танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру,бастысын бөліп
    шығару,өмірде қолдану әдістерін меңгереді;
    • Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың
    жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *