Ондық бөлшектер

СҚО Айыртау ауданы Саумалкөл гимназия-мектебі №2

математика пәнінің мұғалімі Нурмухамбетова Гульнар Калеловна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

№85

Мерзімі:            

Сыныбы: 5

Қатысқандар саны:                                               Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

 

Ондық бөлшектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты өз бетімен меңгеріп, сапалық үлгерімді 63% пайызға жеткізу

Сабақтың түрі:

Жаңа білім

Бағалау критерийлері:

Барлығы: ондық бөлшектер ұғымын түсінеді;

Кейбіреулері: жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады;

Бірәзі: жай бөлшектердің бөлімі 2,4,25,50 болған жағдайда жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазады

Тілдік  мақсаттар:

Ондық бөлшектер, бүтін, бөлшек бөлігі, ондық үлес, жүздік үлес, мыңдық үлес

Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне көмектесуге, бір-бірін тыңдауға, сыйластыққа баулу

Бастапқы білім

 санның бөлігі, бөлігі бойынша санды табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

әдіс-тәсілдер

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың бойындағы қобалжуды жою үшін «Біз-күштіміз сергіту өткізу». Оқушыларды ортаға шақырып, үш рет айтқызу: «Біз күштіміз! Біз-жақсымыз! Біз-білімдіміз!».

Сергіту

«Біз-күштіміз»

Үй жұмысын тексеру

3мин

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау

Дәптерлер

3мин

Сабаққа бағалау критерийлер жасау( оқушылармен бірге тақтада бағалау критерийлер жазылады):

1.Тәртіпті сақтау

2.Толық жауап беру

3.Мәтіндерді түсініп оқу

4.Бір-біріне көмектесу

5.Дәптерге жазу

Тақтада оқу мақсатын жазып қою:Ондық бөлшектерді меңгеру

Бағалау критерийлер

Өткен материалды қайталау

2мин

1.Қандай бөлшектерді білесіздер? (дұрыс, бұрыс, аралас сан)

2.Қандай бөлшектерді дұрыс деп атаймыз?

3.Қандай бөлшектерді бұрыс деп атаймыз?

4.Қандай бөлшектерді аралас сан деп атаймыз?

5.Өзара кері сандар деп қандай бөлшектерді атаймыз?

6.Бөлшектің элементтері қалай аталады? (алымы, бөлімі, сызық-бөлу амалы)

«Миға шабуыл»

Сұрақ-жауап

Зейінді көшейту

Жаңа білімді меңгеру

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат

Мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибе

Практикалық тапсырма

10мин

І.Бүгін сабақта «Нені оқимыз?» (Ондық бөлшек)

Не үшін оқимыз? «Тиімді тәсілдерді үйреніп өрнектерді тез шығару»

Қалай оқимыз? (бағалау критерийлер бойынша)

Ондық бөлшек

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Ондық бөлшектер» туралы қандай   мәлемет білесіздер ме?

 «Жоқ, білмейміз»,- дейді оқушылар.

Мұғалім: «Ондық бөлшек» терминді оқығанда қандай сұрақтар туындайды? Ассоциацияларды жазу.

(Мысалы:  Бұл бөлшек жай бөлшекке ұқсай ма? Алымы, бөлімі бар ма? Не үшін қажет? Бұл қандай өрнек? т.с.с.

ІІ. Сұрақтарға жауап беру үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз.

Оқушылар мәтінді оқиды, талдайды, түсінгенін бір-біріне айтады.

ІІІ. Енді қойған сұрақтарға өзіміз жауап береміз (дұрыс жауап берген оқушыға шапалақ соғу):

1.Ондық бөлшек дегеңіміз не? (бөлімі 10,100,1000 болатын бөлшектер)

2.Бұл бөлшек жай бөлшекке ұқсай ма?(ұқсамайды) (бөлшектің бүтіні бар, бөлшек бөлігі бар, үтір)

3.Алымы, бөлімі бар ма?(жоқ)

Қорытынды: Егер жай бөлшектердің бөлімдері 10,100,1000 болса, онда бөлшектерді ондық бөлшектер түрінде жазуға болады.

Бөлшектің  бөлімінде қанша нөл болса сонша цифр жазылады.

Тапсырманы орындап болғасын оқушылар сергіту жасайды «Көз жаттығу»: Жабамыз, ашамыз, оңға, солға. (үш рет)

IVЖай
бөлшектерді ондық бөлшектер түрінде жазу:

a)310=…   210 =…  5100=…
13100=…  81000 =

ә)Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазу:

0,7=…   0,04=…  0,012=…  0,0064=

 (оқушы егер тақырыпты меңгерсе  үстелдің үстіне жасыл түсті парақты қояды, қиналып тұрса-сарыны қояды, мүлдем түсінбесе-қызылды қояды. Түсінбеген оқушыға тақырыпты жақсы меңгерген оқушы түсіндіреді)

V.Дұрыс сөйлеп үйрену: оқулықтан ондық бөлшектерді қалай оқу керек екенін оқиды.

VI.Ондық бөлшектердің разрядтары қалай аталады?

21,3456

21-бүтін

3: ондық үлес

4:жүздік

5:мыңдық

6.оң мыңдық

Тірек-сызба

 

 

 

 

 

 

 

«Өрмекші» стратегиясы

Жұптық жұмыс

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

Бағалау «Шапалақ» әдісі

 

 

Сергіту «»Көз жаттығу»

 

 

 

Дәптерге жазу

«Бағдаршам»

әдісі

 

 

«Көршімен сырласу» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

а)450м=4501000 km

b)37кг=371000 т

с)15кг=15100 ц

д)21:100

е)14:10

Қалыптас-тырушы бағалау

Сабақты бекіту

5мин

Кері байланыс

Талдау

 

Рефлексия

Жай бөлшектер:алымы, бөлімі, сызық

Ондық бөлшектер:бүтін, үтір, бөлшек бөлігі

Жеке рефлексия: «Табыс сатысы» парағын толтырады.

Үйге тапсырма №600 (1-4)№601(1) (үй тапсырмасына бағыт бағдар беру).

Фишбоун әдісі

«Табысы сатысы»

әдісі

Саралау

Бағалау

ТҚТ және денсаулық

Бүгін сабақ табысты өту үшін саралау әдістерді қолдандым:

1.Жұптық жұмыс: өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен отырғызу;

2.Миға шабуыл

3.Жеке тапсырмалар

4.Ассоциация

 

 

Формативті бағалау

1.Өзін-өзі бағалау (+;-)

2. Бір-бірін бағалау «Шапалақ»

3.Қалыптастырушы бағалау (дескриптор)

5.Бағдаршам әдісі

 

 

Сабақты басында «Біз күштіміз!» сергіту жасадық.

Сабақтың ортасында «көз жаттығу: жабамыз, ашамыз, оңға солға»

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған.                                 

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. (дескриптор арқылы неше ұпай алғанын есептедік)                                                                                                    

 Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.               

 Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.                                     

 Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға           

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Оқушылар өз бетімен тақырыпты меңгерді;

2.Оқушылардың сапалық үлгерімі 63% болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Жұптық жұмыс жақсы ұйымдастырылған;

2.Бағалау критерийлер қол жетімді, нақты болды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі:  Сабақтың соңында үнсіз отыратын оқушы сұрақтарға дұрыс жауап берді;

Қиындықтары туралы нені білдім: Мәтінді оқығанда оқушылар көп уақыт алды.

Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет: Мәтінді есептерді жылдам оқуға, қажетті мәлеметтерді  сызып қоюға үйрету.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *