Техникалық және кәсіптік білімі беру
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 1-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды қамтамасыз ету бойынша» техикалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесі оқу орындары бойынша орындары бөлінген. Өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері 9-11 сыныптардың бітірушілер және оқу орнына түспеген сондай-ақ өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Өзге санаттағы адамдарға :
-көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар және әлеуметтік көмек алмайтын төмен отбасыларынан шыққан балалар;
-мектеп интернаттарында тұратын балалар;
-дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білімі бар ұйымдарында тәрбиеленетін балалар;
-интернаттағы тәрбиеленушілер;
-денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсеттетін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;
-жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар;
-кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бағытталған шаралар тиісті жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтарға оқуға жолдама береді.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жергілікті атқарушы органдар берген жолдамалар негізінде осы оқу орнына өтініш береді және мынадай Құжаттарды ұсынады:
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– білім туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);
– № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;
– әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болған жағдайда);
– жолдама.
Осы құжаттарды өзі не ата-анасы немесе заңды өкілдері тапсырады. Құжаттарды қабылдау жылына бір рет 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі және шарт жасалынады. Осы мамандықты игеріп шыққан соң мемлекеттік үлгідегі құжат «Диплом» беріледі.Бағдарламаға қатысушыларға степендия, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қала аралық теміржол және автомабиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді және ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718