Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Сабақтың түрі: «Ауызша сабақ» -1

Сыныпта 24 оқушы – 100 %        15 бала-63%

 

Сабақтың кезеңдері:

I-кезең    Жалпы сөздік қор

II-кезең   7-кілттік сөз

III-кезең  Қарама-қарсы сұрақтар

IV-кезең  Сын тұрғысынан ойлау.

 

Сабақтың тақырыбы:  «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері»

Мақсаты:

Оқушылар география ғылымының дамуына қомақты үлкен үлес қосқан ғалымдар жайлы,географиялық зерттеулердің кезеңдерге бөлінуімен танысады.

Білімділік:

Жаңа сабақты меңгертіп, оқушының зейінін, ойлау жылдамдығын есте сақтау қабілетін дамыту.

Дамытушылық:

Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылардың сабақты құрастыруға қатысады.

Тәрбиелік:

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ғылыми  ізденушілікке жол ашу.

Әдіс-тәсілі:

АКТ материалдары, флипчарт, слайдтар.

 

Үстеме міндет:63% оқыту сапасының көрсеткішіне жету.

 

Мұғалім тақтаға (ООМ) орынға отырғызу матрицасын сызады.

 

    

          А     Ә               Б      В              Г     Д

1

 

 

2

 

3

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

I-кезең (ЖСҚ)-жалпы сөздік қор. (5 минут)

 

(Түсіндіру)

1.Уақытты белгілеп, есептеп отырады.

2. Уақыт бітті. Мұғалім

     ООМ-толтырады.

    63-100 сөз жазуы керек.                              

(Ойлау әрекеті)

Жалпы география сабағынан білгенін естеріне түсіріп жазу.

II-кезең  (КС)

Кілттік сөз.

Есте сақтау.

1.Тақырыптық мәтіннен мұғалім (5 минут) түсіндіреді.

2.Мұғалім тақтаға 7 кілттік  сөзді іледі.

1.     Ойкумен

2.     Африка

3.     «Жаңа дүние»

4.     Теңіз

5.     Материк

6.     Пифагор

7.     Зонд

3.ООМ-толтырады.

    6-7 сөз-«+»

    5 сөз«-»

Есте сақтайды

(30 минут)

Дәптерлеріне жазады

III-кезең (Қ.Қ.С.)

Қарама-қарсы сұрақтар

   (Оқыта үйрету)

1.Мәтінмен жұмыс береді.

2. Мұғалім тағы сандық жағынан берілген мәтінге байланысты түсіндіреді.

3. Әр балаға сұрақты мұғалім дайындайды.

4. Уақытты белгілеп отырады.

5. ООМ-толтырады.

      (Оқу жылдамдығы)

1.Тірек конспекті немесе кітаптан оқиды.

2.Оқушылар жылдамдықпен жауап береді.

(Әр бет-3 минут)

IV-кезең (С.Т.О.)

Сын тұрғыдан ойлау

 

 

 

1.Мұғалім әр оқушыға сұрақ    дайындап, сын тұрғысынан ойлау мәтін бойынша жұмыстың сапасын анықтайды.

2. ООМ-толтырады.

Мұғалімнің қойған сұрағына мағыналы түрде сыни-тұрғысынан ойлап жауап береді.

«Иә» немесе «Жоқ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Географияның алғашқы ғылыми түсініктерінің негізін салушы ғалым? (Тарих ғылымының негізін салушы  грек ғалымы Геродот 9-томдық «Тарих» атты еңбегінде)

2. Математикалық  географияның негізін салған  тұңғыш рет  географиялық картаны жасаған грек ғалымы? (Эратосфен)

3. Исландия мен Гренландия аралын ашып, оған қоныстанған халық? (нормандар)

4. «Ұлы географиялық ашылулар» кезеңі қай ғасырлар аралығы? (XV-XVIIIғ)

5. Х.Колумбтың үш рет саяхат жасаған жері? (Вест Индия)

6. Жер шарын айналып өтіп,  еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитын ашқан испан экспедиторлары? (Ф.Магеллан мен С.Элькано)

7. Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашқан ағылышын саяхатшысы? (Джеймс Кук)

8. 1819-1821 жылдар аралығында Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция қай материкті ашты? (1820 ж 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты)

9. «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбегін жазған тверлік көпес? (А.Никитин)

10.Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеген орыс экспедиторлары? (П.П.Семенов-Тян-Шанский мен Н.М.Пржевальский )

11.1870-1887ж  Тынық мұхит аралдары мен Жаңа Гвинея, Аустралия жағалауларын зерттеу жүргізген орыс саяхатшысы? (Н.Н.Миклухо-Маклай)

12. Орта ғасырда географиялық ашуларды бастаған кімдер? (Арабтар)

13. Арабтар қай жерлерге саяхат жасады? (Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауынан Зонд аралдарына дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат жасады)

14. Қай ғасырда жер туралы  мәліметтер толықтырылды? (XIIIғ)

15. Орталық Азияны зерттеушілердің қатарындағы қазақтың ұлы ғалымы? (Ш.Уәлиханов)

16. Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері  туралы жаңалықтармен толықтырған  венециялық көпес? (Марко Поло)

17.1957-1958ж аралығындағы Халықаралық Географиялық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілген жұмыс қандай деректермен байланысты? (Антарктика материгінің табиғатымен, оның мұз жамылғысы  және мұз астындағы жер бедерінің  сипатымен байланысты)

18.Үндістанға баратын жолды іздеу  барысында Х.Колумб қай аралдарды ашты? (Кіші Антил аралдарын ашты)

19.Ежелгі грек ғалымы? Жылды 365 күңге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеген. (Аристотель)

20.Географиялық кезеңдер қандай кезеңге бөлінді. (Ежелге дәуірлердегі, Орта ғас,Ұлы геог ашулар кезеңі, XX ғ геогр кезең)

21. Жерді географиялық жағынан  сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған римдік ғалым? (Страбон)

22. Орыс саяхатшыларын ата. (Д.Ливингстон, Р.Стенли Африка т.б.)

23. П.П. Семенов-Тянь-Шанский мен Н.М.Пржевальский экспедиторлары тылсым табиғаттың қай жерлерін зерттеді? (Орталық Азия мен Тибет)

24. XIII ғ Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып,құнды географиялық деректер жинақтаған еуропалық саяхатшылар? (Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук)

 

Сын-тұрғысынан ойлау

1. Географиялық зерттеулер тарихи бірнеше кезеңге бөліне ме? «Иә»

2. Геродоттың 119 томдық «Тарих» атты еңбегі бар ма? «Жоқ» 9

3. Семенов-Тянь-Шанский, Ш.Уәлиханов, Прежевальский Ежелгі дәуірдегі» зерттеушілер ме? «Жоқ» XIX ғ

4. Жер шар тәрізді ме деген Пифагор ма? «Иә» Пифагор

5. Тұңғыш рет географиялық картаны жасаған Миклухо-Маклай ма? «Жоқ» Эратосфен

6. География ғылымының атасы-Эратосфен ба? «Иә»

7. Марко Поло, Плано Карпини, Афанасий Никитин физиктер ме? «Жоқ» саяхатшылар

8. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XIX ғ ма? «Жоқ» XV-XVIII ғ

9. «Ұлы географиялық ашылулар кезеңі» X ғ ма? «Жоқ» XV-XVIII ғ

10. Ай мен күннің тұтылуын дәлелдеп берген Аристотель ме? «Иә»

11. Семенов-Тянь-Шанский, Ш.Уәлиханов, Прежевальский орта ғасырдағы ғалымдар ма? «Жоқ» XIXғ

12. Тынық мұхитты ашқан  Фернан  Магеллан   мен Себастьян Элькано ма? «Иә»

13. Семенов-Тянь-Шанский, Ш.Уәлиханов, Прежевальский XIX ғ ма? «Иә»

14. Тұңғыш рет географиялық картаны жасаған Эратосфен бе? «Иә»

15. «Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XV-XVIII ғ ма? «Иә»

16. География ғылымының атасы Х Колумб пе? «Жоқ» Эратосфен

17. «Ойкумен» картасының  құрастырған Эратосфен бе? «Иә»

18. «География» деп аталатын 17 кітап жазған римдік ғалым Страбон ба? «Иә»

19. Х. Колумб Колумб өзені Вест-Индияға  30 рет саяхат жасаған ба? «Жоқ» 3-рет

20. География ғылымының атасы Эратосфен бе? «Иә»

21. Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегі бар ма? «Иә»

22. Тұңғыш рет жер шарын айналып өткен? Ф. Магеллан ба? «Иә»

23. Географиялық ашылулар тоқтатылады ма? «Жоқ»

24.Табиғат аппаттарын болжау, оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізіле ме? «Иә»

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *