«Өсімдіктер әлемі» қорытынды тест тапсырмалары. 6-сынып
«Өсімдіктер әлемі» қорытынды тест тапсырмалары.
6-сынып
1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым
А) Анатомия В) Бактериология С) Вирусология Д) Микология Е) Цитология
2. Күрделігүлділер тұқымдасына тән гүлшоғыр:
А) Собықгүл В) Шашақгүл С) Себет Д) Масақгүл Е) Сыпыртқыгүл
3. Тұмауды қоздырушылар-
А) Бактериялар В) Вирустар С) Саңырауқұлақтар Д) Шаң- тозаңдар Е) Құрттар
4. Қазіргі өкілдері көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер:
А) Шырша В) Плаун С) Қарағай Д) Мүк Е)Қайың
5. Хломидомонаданың қозғалуы :
А) ядро арқылы В) Қабықша арқылы С) Талшықтары арқылы
Д) Хромотофор арқылы Е) Көзшесі арқылы
6. Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы :
А) Туыс В) Түр С) Класс Д) Бөлім Е) Тұқымдас
7. Құрғақ жеміс-дәнек:
А) Күріште В) Бақбақта С) Меңдуанада Д) Орамжапырақта Е) Асбұршақта
8. Қосжарнақты өсімдік :
А) Жүгері В) Күріш С) Күнбағыс Д) Бидай Е) Сарымсақ
9. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесіп, тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланатын тірі табиғаттың ерекше тобы:
А) Саңырауқұлақтар В) Вирустар С) Жануарлар Д) Мүктер Е) Плаундар
10. Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар:
А) Паразиттер В) Сапрофиттер С) Симбиоздар Д) Спорофиттер Е) Ризоидтар
11. Гүлді өсімдіктердің кластары
А) Екеу В) Бесеу С) Үшеу Д) Төртеу Е) Біреу
12. Біржасушалы саңырауқұлақ :
А)Түлкіжем В) Діңқұлақ С) Түбіртек Д) Ашытқы саңырауқұлақ Е) Боз арамқұлақ
13. Раушангүлділерге жататын шөптесін өсімдік :
А) Жоңышқа В) Картоп С) Қойбүлдірген Д) Көкнәр Е) Алабота
14. Ғаламшарымыздың тазалаушы-санитары-
А) Топырақ бактериялары В) Түйнек бактериялары С) Сүтқышқылы бактериялары
Д) Шіріту бактериялары Е) Ауру туғызатын бактериялар
15. Жүгері, талшықты мақта, асқабақ, үрмебұршақтың отаны:
А) Орталық Америка орталығы В) Шығыс Азия орталығы С) Жерорта теңізі орталығы
Д) Оңтүстік Азияның тропиктік орталығы Е) Оңтүстік Батыс Азия орталығы
16. Алқа тұқымдасына жататын өсімдік
А) Итмұрын В) Қызанақ С) Сәбіз Д) Алмұрт Е) Бидай
17. Балдырдың жыныс жасушалары :
А) Гаметалар В) Зооспоралар С) Спорофит Д) Гаметофит Е) Зиготалар
18. Жалаңаштұқымдыларға жататындар:
А)Терек В) Сексеуіл С) Пальма Д) Арша Е) Ақ қайың
19. Қырықбуындар өсетін жер –
А) Құрғақ жерлерде В) Барлық ылғалды жерлерде С) Тас бетінде Д) Тек тас бетінде Е) суда
20. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өкілі :
А) Картоп В) Асбұршақ С) Қарақат Д) Темекі Е) Пияз
21. Жауқазын тұқымдасы –
А) Лалагүл В) Бұршақ С) Алабота Д) Астық Е) Раушангүл
22. Тамыры жоқ биіктігі 70см орман өсімдігі :
А) Балдыр В) Мүк С) Қына Д) Саңырауқұлақ Е) Жолжелкен
23. Сабағы өте көп буын мен буынаралықтан тұратын өсімдік :
А) Плаун В) Қайың С) Қырықбуын Д) Мүк Е) Қарағай
24. Май алынатын дақыл:
А) Құлпынай В) Зәйтүн С) Картоп Д) Қызанақ Е) Бидай
25. Пияз бен сарымсақтарда болатын ерекше ұшпа зат
А)Тілше В) Гербецит С) Фитонцит Д) Токсин Е) Крахмал
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718