Мектеп кітапханасы – білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы

Дөненова Шолпан Шаяхметқызы,

Теректі аудандық лингвистикалық гимназия кітапханашысы

«Мектеп
кітапханасы-білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы»

Мектеп кітапханасы-білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы

Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор..
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын , өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл – кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт – дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.
Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.Мысалы: «Мейірімділік шуақтары» библиотерапиялық кеш, «Кітап пен интернеттің пайдасы» пікірталас, «Жаңа дәуірдің кемел келбеті» кеш, «Жаңа кітаптар шеруі» кітап көрмесі, «Мен елімді жырлаймын» тарихи кеш, «Тіл ұлттың жаны» тілдер апталығы, «Қазақстан жетістігі Экспо-2017» көпшілік көрме т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.
Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай , келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ .
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан – дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.
Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері – халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.
Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес.Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор.
Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын – оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету – кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.
Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электорндық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты «ҚР Конституциясының 44- бабына сәйкес және ҚР-сының ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында », – деп көрсетіліп, 1997 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР президентінің Қазақстан Республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3645 бұйрығы бекітілді.
Біздің облыста барлық мектеп интернет жүйесіне қосылған.Ал кітапханаларға келетін болсақ, жаппай барлық кітапхана компьютермен жабдықталды деп айта алмаймыз, себебі кейбір алыс шалғай аудандардың мектептерінде жетіспейді. Жаңа ақпараттық технология Электрондық катологты құруда «РАББИС», «АБИС» электрондық бағдарламасына көшу. Кейбір мектептер бағдарлама бойынша автоматтандырылған. Оқырмандар дәстүрлі каталогтармен қатар электронды , электрондық каталогтармен жұмыс істеуді кеңінен пайдалана алады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларда жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологиясына алмастыру. Кітапхананы электрондық медиатекаға айландыру деп көрсетеді.
«Медиатека » дегенде түсінетініміз – әртүрлі нысандағы құжаттарды жинақтаған және қажетті арнаулы құрал-жабдықтармен және техникалық құралдарды пайдалана отырып, оларды пайдаланушыларға жоғары деңгейде ұсынатын қазіргі заманғы озық кітапхана.Кітапхана- медиатека мектептің жергілікті жүйесінде бола отырып, әлемдік ақпараттар қорына шығуға жол ашады.
Мектеп кітапханаларында жаңа ақпараттық технология ендіру мақсатында барлық кітапханашы мамандармен кітапхана ісінің негізгі бағыттарына арналған семинарлар, курстар, яғни әртүрлі тақырыптарда тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылуда.
Кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз. Қазіргі кезде интернет , теледидар, радио, басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырды. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды. Өйткені адамның жан-дүниесін , армандары мен сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық.
Сондықтан да кітап әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек. Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени – ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады.
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам өз кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет қызметіне үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт-дискілерді, сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды.
Бұдан жарты ғасыр бұрын дүниежүзі кітапхананы тыныш жайлы, кітап сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан және оқырмандар залында кітапқа үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде көрсетті. Мұндай суретті қазір де байқауға болады. Бірақ қазір кітапханалар монитор алдында отырған компьютерлі оқырмандар залы пайда болды.
Компьютер көмегімен олар электронды кітапханаларға шыға алады, электронды кітаптар оқиды, электронды беттерді парақтайды. Интернеттің кез-келген тұтынушысы кездестіретін проблемалардың бірі – ақпаратқа қол жеткізу проблемасы. Ол , біріншіден, ақпарат көлемінің өте толықтығынан көрініс табады. Қазіргі уақытта интернет ресурстарын пайдалану кітапханаларды іріктеу және технологиялық процестерді негізінен өзгерту фактісінің бар екенін жоққа шығармайды.
ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық тасқынның куәгері болды. Комьютермен интернет , жаңа байланыс құралдары, қызмет көрсетудің жаңа түрлері, ғылыми жаңалықтар осының бәрі оқушылардың ойына әсер етеді.
ХХІ ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтарды даярлау. Бұлар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге әсер етеді.Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет дүниежүзілік білім әлеміне еніп, одан өзінің қажетін білімді толығымен алуға қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді осы мәселенің шет елдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін көрсетеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі компьютерлік техникалық құралдарды оқыту процесінде пайдаланудың тұжырымдамасы компьютер сабақтарын ақпараттандырумен қатар, әдістемелік құралдар жасау , сонымен қатар білікті мамандар даярлау.
Бүгінгі заманауи азамат тек қана оқу, жазу, сызу , сөйлеумен, сонымен қатар, тек ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызмет сауаттылықпен қана шектелмей ақпартты өзі үшін бағалауға және оны өз мүддесіне пайдалану дағдысына қол жеткізуге , яғни әлеуметтенуге ұмтылуға қажет және бұл заңды құбылыс.
Білім берудің жаңа парадигмасы контектісіндегі ең негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, олардың оқу дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Білім сапасының жаңа жетістіктерін қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар орталығы ретінде мектеп кітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнаулы кітапхана, үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де жақындайды. ИФЛА және ЮНЕСКО (1999ж) манифестісінде кітапханалық ақпараттық жүйедегі мектеп кітапханасының негізгі миссиясы мен міндеттері туралы: «Мектеп кітапханасы – мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламаларды кітаптарды және басқа ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады»- деген нақты тұжырым бар.
Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттарының бірі оқушылардың оқу дағдысына қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ал, ақпараттық мәдениеттің құндылығы – жеке тұлғаға өзін-өзі іс жүзінде көрсетуіне және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндіктер туғызу арқылы өмірлік көзқарасын , санасын, өмірлік танымының қалыптастыруына қоғамдық ортадағы орнын анықтауына ықпал ете отырып, рухани тұрғыда байытады.
Жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үздіксіз білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біріншіден, ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына, өздігінен білім мен қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-құлқын қалыптасуына тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Екіншіден – ақпараттық мәдениет еріктен тыс әрекеттерден қорғауға, кез-келген саланың-әлеуметтік, экономикалық техникалық салалардың принциптік негіздегі шешімдерін жан-жақты талдай отырып кепіл болуға әрекет етуші құрал.
Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі мектеп кітапханасының мәртебесін көтереді. Сонымен қатар қазіргі таңда ақпараттық – кітапханалық жүйеде орын алып отырған инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыруға ықпал етіп отырғаны белгілі.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «қоғамдық ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздің қорымызда жиі кездеседі. Олай болса ақпараттандыру дегеніміз ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерістерін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.
Ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани , мәдени құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал жасау мүмкіншілігі басым тұрғаны мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2030 » даму стратегиясы мен «ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы ролі мен орны айқын анықтап алуымыз керек…. ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қорғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеткендігін үнемі есте ұстауымыз қажет.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайттарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.
Қоғам өмірін ақпараттандыру және онымен байланысты ақпараттық – коммуникация құралдарын жан-жақты дәріптеу орта кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына
айтарлықтай ықпал етеді. Оқу-тәрбие үрдісіне қажетті жаңа техникалық құралдарын береді, кәсіби білім беруге және оны меңгертуге қажетті автоматтандырылған ақпараттық жүйені жасауға ынталандырады.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше.
Оқушылардың тілін меңгеру барысындағы білімін бекітіп, қоғамдағы қарым-қатынасты аңғартып , қазақтың мәдени өмірінен хабардар болуды пікірталас арқылы сөйлеу тілін дамытуды көздеген дебат сабағының міндеттері: оқушыларды берілген тақырыпқа қатысты талдау жасай білу, кітапханадан негізгі ақпаратты таба білу, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін сұрыптау мен жүйелеу мақсатындағы дағдыларын қалыптастыру; тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға үйрету.
«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады», – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамымыз , жастарымыз, заман талабына сай жаңа ақпараттық технология мен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының көбінесе сырт қалатыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібергені айдан анық.
Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары – бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Өйткені оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Кітап-рухани прогрестің кепілі, ер мен елді , мемлекет п ен мемлекетті жақындастырар, түсінкке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап – әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру – білімге қызықтыру. Ата тарих пен ұлттық сананы қалыптастыру.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады.Соның бір айғағы кейінгі жылдары «Мектеп», «Жазушы», «Алматыкітап» баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде. Мектеп партасында отырған жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді рухани байыту – кітапхананың төл ісі.
Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана.Сондықтан да , мектеп кітапханасын – білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.

         Батыс Қазақстан облысы,

             Теректі ауданы.

Подстепное ауылы.           

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *