“Мамандық әлемі”

 


Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету
Қатысушылар: 9 сынып оқушылары, ата – аналары
Құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

Тренинг барысы

1. Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау – тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан – дүниеңе үңілу…»

Жоспар:
– Есімдер аллитерациясы
– Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер
– Ең – ең… (ойын)
– «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру
– Мамандықты тап (ойын)
– Мейірімділік алаңы (жаттығу)
– Бос микрофон

2. «Есімдер аллитерациясы» ата – ана баласының, бала ата – анасының есімін және де бір жағымды қасиетін айтып шығады

3. «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»
– Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
– Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.
– Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
– Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой – ниетің салмақтана түспек.
– Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
– Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
– Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.
– Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін – келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.
(Оқушылар мен ата – аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

4. «Ең – ең…» (ойын)
Ата – аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
– ең жасыл мамандықтар
– ең ақшалы мамандықтар
– ең таза мамандықтар
– ең көңілді мамандықтар
– ең тәтті мамандықтар
2 – 3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

5. «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы
Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігін және кәсіби қызығушылығын анықтау. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі)

6. «Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Сварщик

7. «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан (қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер) таратылады. Гүлдерге – оқушылар, жасыл шөптерге – ата – аналар, күннің шуақтарына – ұстаздарға арналған кәсіби таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.

8. «Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.

 

ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы

«Көкпекті орта мектебі» КММ педагог-психологы

Мукатаева Хамида Оралбековна

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *