10-сынып қазақ тілі емтихан билеттері

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

жоғары санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Султангереева Г.О.

 

 

 

                                                        10»А» сынып

 

                                  қазақ тілі пәнінен билеттер (ауызша)

 

№1 билет

 

1.Зат есім.

 

2.Адам қарым- қатынасындағы сөз мәдениетінің рөлі.

 

3.Берілген сөздерді әдеби тіл нормасы бойынша топтап жаз:

 

Жүзгөн,қияң-гескі,жұлдұз, жүйрік,жұлын,майталманға,ұзұн,нөсөр,нүктөлі үтүр,қыстыгүні,мазасы кетті,сөгілу

 

№2 билет

 

1.Сын есім.

 

2.Тіл табыса білу өнері.

 

3.Қарамен берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

 

Тәрбие басы-тіл(М.Қ.) Тіл жүректің айтқанына көнсе,жалған шықпайды(Абай)

 

№3 билет

 

1.Сан есім.

 

2.Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні мен ерекшеліктері.

 

3.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда:

 

Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.(Ғ.М.)Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.(Әл-Фараби)Кішіпейілдің абыройы асады,тәкаппардың құты қашады.(А.Йүгінеки)

 

№4 билет

 

1.Етістік.

 

2.Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары.

 

3.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

 

Әйімбала, емхана, дәріхана,жауапкершілік

 

№5 билет

 

1.Есімдік.

 

2.Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары.

 

3.Тұрақты тіркестер баламасын жаз:

 

Қас пен көздің арасы, төбе шашы тік тұрды, ит өлген жер, жүрек жұтқан, тақырға отырғызып кетті, қой аузынан шөп алмас, қолы ашық, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман,жерден жеті қоян тапқандай,ит арқасы қиянда

 

 

 

 

 

 

 

№6 билет

 

1.Үстеу.

 

2.Дауыс мәнері.

 

3.Берілген сөздерді лексика-грамматикалық мағынасына қарай талда:

 

Саяжай,сәйгүлік,ерлік,өнерпаз

 

№7 билет

 

1.Одағай.

 

2.Тыңдау әдебі.

 

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

 

Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада:біреулері нені айтуға,нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып,істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады (Л.Н.Толстой)

 

№8 билет

 

1.Еліктеу сөздер.

 

2.Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі.

 

3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса:

 

Махамбеттің поэзиясына тән өжеттік,өрлік,өткір сын-әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітімі,тұлға-тұрпаты,ісі,сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.Махамбет-тілге шебер ақын.

 

№9 билет

 

1.Шылау.

 

2.Этнолингвистикалық атаулар.

 

3.Берілген мақал-мәтелдерді буын түрлеріне ажырат:

 

Арлы адамның белгісі-шындыққа жығылады,арсыз адамның белгісі-құр күлкіге ұрынады.Адамның сұлулығы-шыншылдығында.Адал еңбектің абыройы жоғары.Аталы-сөз-ақылға көз.

 

№10 билет

 

1.Құрмалас сөйлем.

 

2.Басқа тілден енген атаулар.Неологизмдер.

 

3.Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса:

 

Кітап-өмір ұстазы.Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы керек. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес.(С.Қожамқұлов)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№11 билет

 

1.Жай сөйлем.

 

2.Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері.

 

3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса:

 

Ілкіден жеткен рухани дүниелердің күй керуеніне теңделіп,күйшіге ерекше міндеттелуі тегін емес.Көбінесе бұл күйлер әуенінде шалқу болмайды,әуен қайталауларға құрылып,қысқа демді болып келеді.

 

№12 билет

 

1.Күрделі сөздер.

 

2.Терминдер және сөз мәдениеті.

 

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

 

Кейбір аңыз-әңгімелерде  Қорқыт 295 жыл өмір сүрген деген болжам жасалады. Халық шежіресінің айтуынша,Қорқыт аты тек туыстарының ұнатып қоя салған аты емес. Қорқыт-көпті көрген,ойшыл-дария,атақты қобызшы.

 

№13 билет

 

1.Етістер,оның түрлері.

 

2.Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздар түрлері.

 

3.Қараман берілген сөздерге фонетикалық   алдау жаса:

 

Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі.Сөйлегенде сөздің жүйесін,қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.(А.Байтұрсынов)

 

№14 билет

 

1.Көсемше.

 

2.Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздың тілдік құрылымдық ерекшеліктері.

 

3.Берілген сөйлемдердің сөз тіркесі арасындағы байланыс түрі мен байланыс тәсілін анықта:

 

Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді.Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды,сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

 

№15 билет

 

1.Есімше.

 

2.Мекеме,ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздар түрлері.

 

3.Берілген мақал –мәтелдердің жалғасын тап:

 

Өнер алды-….    Тіл тас жарады,тас жармаса, ……  Шебердің қолы ортақ,….. Сөз тапқанға ….. Жақсы байқап сөйлер ….   Аяғы жаман төрді былғар,…. Суды шым тоқтатар, сөзді …. Ат жүйрігі айырады,тіл … Ине көзінен сынады,шешен …

 

 

 

 

 

 

 

№16 билет

 

1.Сөз тіркесі туралы түсінік.

 

2.Мекеме,ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының тілдік-құрылымдық ерекшеліктері.

 

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

 

Дана Қорқыт Мұхаммед пайғамбардың замандасы екен.Сыр бойында туған.Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы стансасынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы-қыпшақтың қызы.

 

№17 билет

 

1.Тұрақты сөз тіркестері.

 

2.Іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттары.

 

3.Қойылмай қалған тыныс белгілерін орнына койып,дұрыстығын дәлелде:

 

    Тақсыр соны сұрап не қыласыз Желдің өтінен шықтым ығына қарай ығып барам желге ұшам сайға қонам оның несін сұрайсың Білмеуші ме едіңдер  Ұшарымды жел біледі қонарымды сай біледі Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па сұрай келген сен ақымақ па деді де қаңбақ ұша жөнелді тақсыр деді Жиренше

 

Хан ұялғанынан еш нәрсе дей алмай қалады

 

№18 билет

 

1.Салалас құрмалас сөйлем.

 

2.Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті.

 

3. Қойылмай қалған тыныс белгілерін орнына койып,дұрыстығын дәлелде:

 

Іс оң бітіп Арманмен кетіп бара жатып Апамның орнында  мен болсам не істер едім деп ойладым Ашуға сабырмен жауап бере білгенге не жетсін Ондай күш жігер бар адамнан табыла бере ме Ал сен қалай ойлайсың

 

 

 

№19 билет

 

1.Сабақтас құрмалас сөйлем.

 

2.Сөз әдебі бірліктерінің қолданылуы,жұмсалу аясы.

 

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

 

          Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма,сірә да?! Елдің белін көтеретін  ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты!» деп сүйсіне тілге тиек еткендей тарих бетінде танылған ұланын қазақ халқы тағылым мен өнеге өзегі етіп алып, аңызға айналдыра пір тұтқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№20 билет

 

1.Жақты,жақсыз сөйлем.

 

2.Іскерлік қатынаста қаратпа сөздердің қолданылуы.

 

3.Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын тап:

 

Бармағын тістеу,жұлдызы оңынан туу,аузынан бір елі тастамайды,ат ізін суытпау,екі езуі  екі құлағына жету, маса шаққан құрлы көрмеу, мұрнынан шаншылып жүру,оң көзбен қарау,үріп ауызға салғандай

 

 

 

 

 

№21 билет

 

1.Жалаң,жайылма сөйлемдер.

 

2.Іскерлік әңгіме.

 

3.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:

 

Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы-айнадай жалтылдаған кең жайқын. Сол жайқында аппақ  болып шаңқиған екі аққу сыланып,ақырын әсем жүзіп көлбеңдейді. Екі аққу ұзын,сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сұңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады.

 

№22 билет

 

1.Толымды,толымсыз сөйлемдер.

 

2.Іскерлік келіссөздер.

 

3.Берілген сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып,дұрыстығын дәлелде:

 

Әй шырағым балам әуелі ар жағыңда әкең тұр Сәлем бер деді

 

Шүкірлік әке деп біраз тұрды да ат барған соң дәріс тәмам болмаса да хазіреттің рұқсатын фатиқасын алып қайттым деді

 

Бар ана шешелерің жаққа бар амандас балам деді

 

№23 билет

 

1.Атаулы сөйлем.

 

2.Іскерлік қарым-қатынастағы ұлттық ерекшелік.

 

3.Даналық сөздердің мағынасын түсініп, буын түрлеріне ажырат:

 

Ақылды адам сөзді орнымен айтып,жөнді жауап күтеді. (С.Сарайи.) Нағыз дос құлап жатқаныңда қолтығыңнан сүйейді(С.Сарайи.)

 

Бала нені білсе, жастан,ұядан-өле-өлгенше соны таныр қиядан. (Ж.Баласағұни.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№24 билет

 

1.Тід дыбыстары.

 

2.Іскерлік қатынаста телефонмен сөйлесу.

 

3.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

 

  Тасқала, шешендік, үміткер, мәдениет,тыңдаушы

 

№25 билет

 

1.Сөзжасам.

 

2.Іскерлік қатынастағы жазудың маңызы.

 

3.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда:

 

Сөз анасы-құлақ. Тыңдай білу тыңғылықты ойлай білудің де кілті екен. Әңгімешіл, сөзуар, тілімен көпті үйіргіш адамдар бар. Солардың ауызша айтқан әңгімелеріне құлақ түруге құлықты болған да жөн.(М.Б.)

 

№26 билет

 

1.Түбір мен қосымша.

 

2.Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар.

 

3.Берілген көнерген сөздердің мғынасын анықтап,  түрлеріне ажырат:

 

Болыс, ауылнай, сарбаз, атшабар, атқамінер, саратан, зауза, қауыс, сәуір, бастаңғы, бөстк, шекпен, хан, ханзада, би,сұлтан, дабыл, жадағай, жаппа, қосын, шеру, көбе, адырна, сүңгі, алаш, қорамса, ақырет, жатақ

 

№27 билет

 

1.Тіл мәдениеті және пунктуация.

 

2.Ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті.

 

3.Берілген мақал-мәтелдерге  морфологиялық талдау жаса:

 

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.  Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.

 

№28 билет

 

1.Үндестік заңы.

 

2.Іскерлік қарым-қатынастағы сөз әдебі.

 

3.Қанатты сөздердің ішіндегі қарамен берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

 

Ата-ана қадірін білмеген-халық қадірін біле алмас.Халық қадірін білмеген- ата-ана қадірін біле алмас. Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№29 билет

 

1.Орфография мен орфоэпия.

 

2.Сөйлеу әдептері,сәлемдесу.

 

3.Бірінші жай сөйлемді ойдан қосып,қарсылықты салалас жасап,синтаксистік талдау жаса:

 

А)…., өлеңді қайтіп қоярсың.  Ә)….., ашылған ұйқы қайта басты.  Б)…., дегенмен жылы киімді жолға алла шықпақ болды.

 

№30 билет

 

1.Стиль,оның түрлері.

 

2.Қазақ тілінің тарихы.

 

3Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:

 

Жоңғарларға қарсы қару асынып шайқасқа шыққанда, Райымбек он алты жаста екен. Батыр баба жастайынан шынығып,ат құлағында ойнаған,бауырларымен садақ атысу сынынан өткен.Нағашы атасы бәсіре берген Көкмойнағымен қатерлі сәттерде тілдесіп,қажыр-қайрат беруін өтінсе,тұлпар туған жануар иесінің тілегін екі етпейді екен.

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

комментариев 7

  1. Сәлеметсіз бе, маған осы тесттің жауаптарын жібере аласыз ба.

  2. Бағдат:

    Саламатсыз бе, маған осы тестің жауабы болса жібере аласыз ба.

  3. Мария:

    Сәлеметсіз бе, билеттер бойынша жауаптар жібере аласыз ба🙏

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *