Мамандығым-мақтанышым
Ахметжанова Назерке
Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек-деген. М.Шаханов.Йақиыны менжеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көрінуге және әр тәрбиеленушінің бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетеуге тырысамын. Мен жас өспірімдерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Ізденіс жоқ жерде сылбырлық, енжарлық, бас көтеріп оқу іс-әрекеттерінің мәні кетеді. Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші – өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.
Бала деген адамға қанат бітіртіп,шабыт береді ғой,мен бүгінгі ой-толғаумды басқаша елестетіп жаздым,өз қиялымда егер мен періште болсам,жалпы тәрбиеші маманы ретінде бала мен балабақша үшін не істер едім деген сұрақ туындайды.
.Йә мен періште болып, қанаттарім болса, кез келген тілекті орындай алсам,ең бірінші өзім қызмет етіп жатқан салама көп өзгерістер енгізер едім.Біріншіден: балабақшаның дизайн ауыстырып,әр баланың жүрегіне өз балабақшасын көрген сайын ұлттық сезімі оянатын ою-өрнектермен безендіріп,әр қазақтың баласының ұлыттық сезімін,балабақшаның қабырғасын бастап оятар едім.Екіншіден: Тура мектепетегідей тегін білім алғыздыртып,барлық балаға балабақшаға оқу міндетін жүктер едім; Ешбір мектепке дейінгі жастағы бала үйде отырмас еді. Барлық тәрбиешінің әлеуметтік жағдайы жақсарар еді.Тәрбиеші мамандығына деген сұраныс артып,саны емес сапасы зор мамандар көп болар еді.
Үшіншіден:Денсаулық саласына көңіл бөліп,арнайы басейндермен ,арнайы кешедермен ,арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етер ем;
Төртіншіден: Жаңа технологияларды пайдаланатын көптеген құралдарды шет елдерден алып ,жастайынан бала ойының дамуына мол мүмкіндік жасар едім.Қазіргі кезде ұлттық құндылығымызды насыйхаттайтын «электорнды киіз үй» соны барлық балабақшаларға дәріптесек.
Бесіншіден: Әр қандай елді мекендерде яғни ауыл болсын қала болсын,тең дәрежеде жағдай жасар едім;
Йә бұл менің өз қиялымдағы балабақша бейнесі.Әрине бұның бәрі жай ғана арман ғой.Ал шынайы өмірде орындалу үшін ,қаншама еңбек,қаншама уақыт қажет әрине.Орындалуы да мүмкін кім білсін.
Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Бала біздің өміріміздің жалғасы.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718