Жергілікті жер компоненттерін пайдалану әр оқушының шығармашылық ойлауын дамытумен қатар, өзіңің туған өлкесіне, өмір сүріп отырған мекеніне деген сезімін оятып,сүйспеншілігін арттырады.

Мукатаева Ж. Б , педагог-психолог, «С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп »КММ ,Аягөз ауданы,Мамырсу ауылы

              Жергілікті жер компоненттерін пайдалану әр оқушының шығармашылық ойлауын дамытумен қатар, өзіңің туған өлкесіне,өмір сүріп отырған мекеніне деген сезімін оятып,сүйспеншілігін арттырады.

             Егеменді еліміздің гүлденіп , көркейе түсуі,туған өлкенің табиғатына деген  аялы көзқарас қалыптастыру үшін әр баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу-бүгінгі  күн талабына  туындап отырған маңызды міндеттердің бірі. Осыған  байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейкесті міндет балалардың шығармашылық қабілеттерін дамту болып табылады.Осыған орай «Қарым –қатынасқа үйренейк» атты психалогиялық тренинг арқылы 1 сынып оқушылары арасында сыйластық  қарым-қатынас орнату, табиғатқа , адамға деген жылулық сезімдерін арттыру , бірлесе еңбек ету дағдыларын жетілдіруге болады.

            Әдістер: әңгіме, түсіндіру,ертегі оқу,ойындар мен жаттығулар.

            Сабақ барысы:

1.Сәлемдесу рәімі.

            Психолог . Сәлемсіндер ме, балалар ! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қарым-қатынасқа үйренейік!»

            Кез-келген адамның бойында екі сәуле болады.Ол ақ және қара сәулелер,-егер де адам баласы жүрегі таза,өзгелерге қамқорлық танытатындай адамгершілігі болса, ол адам өзінің қоғамға қажет екенін сезінеді. Сендер өнер- білімнің  түрлі саласында тың жаңалақтар аса қарқынды үрдіспен ашылып жатқан қоғамда өмір сүріп жатқан ұрпақсындар. Демек, осындай қоғамда заманға сай жетіліп шығу үшін жан-жақты білім мен тәрбие керек. Ақыл-ойлардың толысқан , ізгі ниетті, мәдениетті де әдепті, дүниетанымы жоғары тұлға ретінде кемелденулерің үшін әрқайсыларыңа ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек тілеймін.

        Амандасу   рәсімі:

Күлім қағып қолымды,

Қатты-қатты (1,2,3)деп соғатын.

Қарап тұрған көршімен

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын!

      1.Жаттығу  «Суретті аяқта» .

      Мақсаты: өзара түсінісу және бірлесе жұмыс істеу.

      Нұсқау : ақ парақ алып , өзіңізге ұнаған қарындаштың түсін таңдаңыз. Өткен сабақта біз мектеп бағына саяхатқа шығып , қыс мезгілінде біраз құстарды кезіктірдік . Құстар жайлы біраз мәліметтер білдік . Олар ағаш бүршіктерімен қоректеніп жүрген , қыстап қалған құстар ғана : ала қарғалар , торғайлар, сауысқандар . Міне , осы ауылдағы құстар тіршілігі бейнеленген мектеп суретшісі Сыдықов Қайрат Рақымжанұлының «Келді тағы қыс айы…» атты суретін аяқтау керек.

         Мен шапалақ ұрғанда сурет салуды бастаймыз. Тағы шапалақ ұрғанда сурет салып  отырған  парағыңызбен  қарындаштарыңызды  сол жағыңызға көршіңізге бересіз , ол суретті аяқтайды . Шапалақ ұрған сайын парақты шеңбер бойымен жалғастырып отырасыз , сурет алғашқы иесіне жеткенше.

        Талдау: Сізге сурет ұнады ма?

Көңіл-күйіңізбен,сезіміңізді бөлісіңіз?

Басқа адамның салған суретіне әрі қарай қолдау жасау қиын болды ма?

М.Плянсковский «Достық сабағы» ертегі оқу.

         Екі торғай өмір сүріпті, Чик және Чирик.Бір күні Чикке апасынан посылка келіпті. Бір жәшік бидай екен. Бірақ бұл жайлы Чик досына түк айтпапты. «Егер де бидайды таратсам ,  өзіме түк қалмайды» , -деп ойлапты. Сөйтіп , барлық дәнді өзі шоқыпты. Жәшікті тастағанда , біраз дән жерге түсіпті . Бұны тауып алған Чирик ұқыптап теріп алып досына келіпті :

      – Мен бүгін 10 шақты бидай дәнін тауып алдым . Екеуміз бөліп жейік .

      – Қажет емес .- Сен таптың . Өзің же !- деді Чик .

      – Жоқ , біз достармыз .Дос деген бөліп жеу керек .

      – Сенікі де дұрыс шығар , – депті Чик .

         Бірақ өзі ұялыпты . Өзі жалғыз бір жәшік бидайды шоқып , досына бір дән де бермеді . Ал қазір бидайдың дәндерінен дәм татпаса , ұят болды,ренжиді . 5 дән алып , оған :

       –  Рахмет, саған , Чирик ! Дәнге де , достық сабағына да ,- депті .

       –  Қандай достық сабағы ? – депті түсінбеген Чирик .

         Психолог: Балалар , кімді нағыз дос дер едіңіздер ? Неге ? Егер де досыңды алдасаң , өзіңді бақытты сезінуге бола ма? Дәннің қандай пайдасы бар? Ол біздің ауылда қай жерде өсіріледі?Дастарханға нан болып жеткенше қандай  іс-әрекеттер орындалады ?

       Слайд қөрсетіледі. «Нан бар жерде,ән бар».(Астық өсірумен айналысатын «Жауқар» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігіне бейнекөрініс).

       Психалогиялық ойын «Өмір ағашы».

       Психолог:  Әр оқушы  өмір ағашын салу керек.

Тамыр-өмірдің мақсаты.

Өзегі-өзің жайлы мәлімет жасау.

Бұтағы-қандай қасиеттер бойында бар деп санайсың.

Жапырағы– өзіңде қандай қасиеттер болғанын қалайсың.

Тұжырым-түйіндеме: Өмірдің мақсатына қарай жеміс блады.

         Ендеше, осы ағашты біз мектеп ауласындағы ағашпен

салыстырайық . Кластың терезесінен жоғары класс оқушыларының технология сабағында оларды  баптап жүргенін көріп қаламыз .Оған көркейіп өсуі үшін не қажет екенін анықтайсың да шеңбер бойына жазасың.

         Қорытынды : «Смайликтер » жаттығуы.

         Партаның үстінде әртүрлі  бейнеленген смайликтер тұрады .Балалар өздеріне ұнаған смайликтерді таңдайды. Сабақтан алған әсерлерін балалар сол смайликтер арқылы білдіреді.

          Қорыта келгенде,оқушыларға жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану оқушының ой-өрісін,ойлау қабілетін арттырады. Патриотизімді , ұлтжандылық қасиетті барынша сіңіру мақсатында ел, жер , тіл, ұлт тақырыптарымен қоса адамгершілік, жауапкершілік , адалдық,еңбекқорлық жайында сөз қозғап, оқушылардың өзіне ой түйіндеуге тапсырамын.

 

Қолданылған әдебиеттер:

          1.Мектептегі психология журналдары.2015 ж.

 

          2. Ғаламтор материалдары.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *