Оқушы құзыреттілігінің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылықтары

Бейбітхан Сейтхан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.

Оқушы құзыреттілігінің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылықтары.Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелі, мектепте оқыту үдерісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді.

Ал құзырет ұғымына мынадай  анықтама беруге болады: құзырет деп оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік ұшқырлығын анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктерді айтады. Бұдан құзыреттілік пен құзырет ұғымдарының бірін-бірі толықтыратыны және бірімен-бірі  байланысты  екендігін  көруге  болады.

Оқушылардың құзыреттілігі – оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші, оның жетістігі қойылған педагогикалық  мақсатқа жету болып табылады. Құзыреттің түйінді құраушысы біліктілік болып табылады.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман”- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

 

 

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүниежүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық-практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың  бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-тағылымы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың  білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы, т.б. қадағалап, оқушылармен жеке-дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.

Осы бағытта тарих сабағында оқушылардың инновациялық технологиялар арқылы ойлау-шығармашылық белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруға көңіл бөлемін.

Жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру барлық ұстаздарға, соның ішінде тарих пәнінің мұғалімдеріне де үлкен міндет жүктейді. Себебі,тарих сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен сақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу, оның тілі мен тарихы, еліміздің табиғаты, байлығы, экономикалық дамуы туралы білім беру мүмкіндігі мол. «Жанам деген жүрекке от берейік» дегендей, әрбір мұғалімнің міндеті – оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *