Оқушылардың жас ерекшерліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Муханова Айзада
“Танымдылық даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда,танымдық шығармашылық зияткерлік қабілеттер ойлау үрдістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдылығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.” (1.77 бет)
Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы осы сөздерді негізге ала отырып, таңдаған әдіс-тәсілім бойынша оқушыларымды танымдылыққа, шығармашылыққа,зияткерлік қабілеттерін дамыта түсуді мақсат еттім. Оқу үрдісінде оқушының жас ерекшелігін ескеру маңызды деп ойлаймын. Оқушыларым тарих пәнінен жұмыс жасағанда тапсырманы орындауға бейімделген. Сабақтарымды өз мақсатыма жету үшін олардың жас ерекшелігін басты назарға алу маңызды болды.Сондықтан да жоспар құруда біріншіден тақырыпқа сай әдіс-тәсіл таңдап алғаным дұрыс па әлде оқушының жас ерекшелігіне сай әдіс-тәсіл алған дұрыс па деген сұрақ туындады.Алдағы уақытқа жоспар құру қашанда қиын.Мен оқушыларым осы жұмысты алып шығады деген сенімен мына әдіс-тәсілдерді сабақпен жас ерекшеліктерімен байланыстырдым. Олар: ментальды карта, желпуіш, балық қаңқасы, ойлан-жұптас-талқыла, өрмекші торы, өкіл, ыстық орындық, тыңдайтын үшбұрыштар, адасқан сөздер. Бұл стратегиялар арқылы оқушыларды пікірлерін ашық айтуға, төзімді болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, бір-бірлерімен диологқа түсуге үйретемін деп масат қойдым. Менің ендігі ойым осы мақсатымды тезірек жүзеге асыру болды.
Бихеовиористер ортаны зерттеген болса,Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның ақыл-ой үрдістеріне сүйенген.Осылайша іс-қимыл немесе оқу үрдісі ретінде сана ойлары едәуір қызықтырған (1.77 бет)
Расында да мұғалім үшін басты назарға алынатын қашанда оқушының ақыл-ойы мен санасының қалыптасуы. Мен де өз тәжірибемде оқушыларымды барынша зерттеп,қойған мақсатыма жеттім.Шәкірттерім менің қорқынышымды сейілтті. Мен сабақ барысында қай тәсілді қай сыныпқа қолданамын,не қиын болды барлығын бақылап екінші бетпе-бетте әріптестеріммен пікір алмастым. Толық мақсатқа таз арада жету мүмкін емес дегенмен болашаққа деген сенім менде бұрынғы кезге қарағанда жақсарды.Оқушыларымның сабақ барысындағы жеткен жетістіктеріне тоқталсам:
Негізгі бөлімде тақырып бойынша түрткі сұрақтар арқылы тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын пайдаландым. Жаңа сабақ қазақ әдебиетімен тығыз байланысты болғандықтан, оқушылар осы тақырып бойынша біраз хабардар екенін байқадым. Себебі қойылған түрткі сұрақтарға жан – жақты өз пікірлерін білдірді. Тіпті бір – бірінің ойларына қарсы ойлар айтылып, жаңа тақырыпты талдау барысында зерттеушілік әңгімеге ұласты. “Сырым Датұлы деген есім сендерге таныс па?” “Сырым қазақ халқына жалпы қандай атпен таныс?” “Сырымның бойында қандай қасиеттерді айта аласыңдар?” деген түрткі сұрақтардың негізінде қою арқылы жаңа тақырыпқа шолу жасадық. Оқушылар өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтірді.
Қорыта келгенде менің оқушыларым болашақта өз-өзінен реттейді,сыни ойланады,сандық технологияны меңгереді,шығармашылық жұмыс жасайды,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді. Оқушы бойына барлық осы қасиеттерді қалыптастырып, үлкен тұлға болып,білім алған ұясынан биіктеп ұша береді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718