Ш.Құдайбердиев. “Адамның нашар мінезі”
Батыс Қазақстан Облысы Казталов ауданы Қоныс ауылы
Батырова Анаргул Мырзахметовна (Бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы |
Ш.Құдайбердиев. « Адамның нашар мінезі » |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты |
Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Шәкәрім туралы және «Адамның нашар мінезі » өлеңінің тақырыбы мен идеясы, көркемдік бейнесі жөнінде түсінік алады.(барлығы) эстетикалық бағалау қабілеті қалыптасады,(көпшілігі) өмірмен байланыстырады, алған білімінің құндылығын анықтайды.(талантты және дарынды оқушылар) |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
презентация, интерактивті тақта , Шәкәрім кітаптары. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Ой қозғау, «Қапшықтағы фасоль»әдісі ,сұрақ қою техникалары, видеоподкаст,топтық жұмыс, жеке жұмы, миға шабуыл, 1 сұрақ 5 идея қалыптастырушы, формативті бағалау түрлері. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе |
6мин |
Ширату «Ұшақ» ойыны Ұшаққа әр оқушы өздерінің жаман, жақсы қасиеттерін жазып бір-біріне ұшырып, кім екенін анықтау. І топ «Елгезектер» ІІ топ «Ақылдылар » Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасын жұптық әдіспен жатқа оқу,тексеру,критерий арқылы жұпық бағалау.
Жұбыңның үй тапсырмасына дайындығын критерий бағандарының тұсына құс тұмсығын қою арқылы белгілеп, бағасын қойып бер. |
Сәлемдеседі. Екі топқа бөлініп отырады. Оқушылар жұппен тұрып,бір-біріне өлеңді мәнерлеп жатқа оқып береді,өзара критерий арқылы бағалайды. Оқушыларға жұптық бағалауларын оқиды. Жаппай бағалау парақтарын жинайды.
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім |
6 мин |
Миға шабуыл 1.Балалар парақшаларда берілген өлеңді оқып оның кімнің өлеңі екенін анықтаңыздар? –Бұл өлең естеріңізде бар ма? – «Сен ғылымға »3 сынып – « Жаз келер »3сынып 2. «1 сұрақ 5 идея» әдісі Оқушыларға Шәкәрім туралы ресурс беріледі. Ол туралы берілген параққа жазады. Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11- шілдеде Семей облысы, Абай ауданында туған. Шәкәрім Орта жүз, Арғын руы, Тобықты. Ол төрт рет қажылыққа барып, «қажы» атанған. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, сазгер.
Ә) Ой қозғау Бейнеролик арқылы адамның мінезін көрсету. – Фильмдегі кейіпкердің бойынан не байқадыңдар ? – Мұны бір сөзбен қандай мінез дейміз? – Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Адамның нашар мінезі »деп аталады. Сергіту сәті. Жалқаубек әні 1.Жүресінен отыру 2. Аяғын тізесіне біршама бүгіп отыру 3, Әдеттегі тұрған бағыты жым болып тұру 4. Қолын шынтағымен көтеру 5. Қолын жоғары көтеріп, алақанын соғып, аяқтың ұшымен тұру
|
Ой қозғайды
Бейнеролик көреді Тақырыпты жазады |
|||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды |
|
І тапсырма :Топпен мәнерлеп оқу
Ең үздік оқитын оқушыны таңдату; Топтан жеке алға шығып мәнерлеп оқу. «Кинометафора» әдісі Видеоролик «Адам мінез құлқының денсаулығына әсері» ІІ тапсырма Топтық жұмыс Енді адам бойындағы өзіңіз білетін өмірде көріп жүрген жағымды, жағымсыз қасиеттерді еске түсіріп жазайық. Өлең кімге арналған? Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап. Балалар, біз өзін- өзі тану сабағында «Данышпан ата» кеңестерін тыңдаған болатынбыз. Қане, еске түсірейік. Жағымды: Жағымсыз:
«Бэкроним» әдіс Ақылыңа ақыл қос. Елгезек екі айтқызбайды. Жақсы балаға айтсаң – білер, Жаман балаға айтсаң – күлер. мақал-мәтелдердің мағынасын ашу . -Достарыңның ішінде осындай мінезді балдар болса оған қандай кеңес берер едің? «Қапшықтағы сұрақ » әдісі (Кері байланыс) 1.Қалай ойлайсыздар, нашар мінез деген не? 2.Ақылды адамдар қандай болады? 3. Өлең кімге арналған? 4. Шәкәрім қай жылы дүниеге келген? 5.Шәкәрімнің туған жері 6.Шәкәрім қай рудан,жүзден тараған? 7.Ызақор өлеңінің негізгі идеясы не?(Ашу ызасын ұстай алмайтын адам-ызақор.Ашу-ызаңды ұстай білу керек,егер ұстай алмасаң бір нәрсеге ұрынасың) 8.Еріншек өлеңінің негізгі идеясы ?(Жалқаулық,еріншектіктің түбі надандыққа соқтырады) 9.Адам бойын ыза кернегенде не болады екен ? 10.Ашуға берілген адам қайтеді? 11.Еріншектіктен не пайда болады? |
Автор туралы айтады
Кластер толтырады Жұппен жұмыс Оқып береді Сөздік жұмысы Топта мәнерлеп оқу Ең үздік оқитын оқушыны таңдау Топтан жеке алға шығып мәнерлеп критерийге сай оқу Бірін-бірі «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Топпен жұмыс Сұраққа-жауап береді Жұптық Дәптермен жұмыс |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
5 мин |
– Қандай бала болуымыз керек? Талапты Талантты Еңбекқор Ақылды Оқуда озат Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін ,мұғалім суммативті бағалайды. Өлеңді мәнерлеп оқу, сыныптағы достарына мінездеме беру. Рефлексия «Аралдар » |
Мақал-мәтелдің мазмұнын ашады
Өздеріне формативті баға береді. Үй тапсырмасын жазып алады. Рефлексия |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718