Саусаққа арналған жаттығу
Джумабаева Мамик
№ 1. «Қызық-ай»
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, «мүйіз» жасайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Күлкілі, әрі қызық-ай екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)
Күлкілі, әріқызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырық пен аяқтарын соғады)
Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақ пен доқ көрсетеді)
Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді)
№ 2. «Салат»
Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды)
Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді)
№3. «Қолтырауын»
Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)
Тістері тура шегедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелете үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады)
Бұл жерден қой өтпеді ме? (қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)
Деп сұрадым ойын білмекке (алақандарын бір-біріне ысқылайды)
Ал ол болса тымпиып жатыр (көздерін қысады)
Көзін қысып қылқиып жатыр
№4. «Мысық»
Мысық біздің саққұлақ
Тышқанды жақсы есту үшін бірақ (ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды)
№5. «Кім келді?»
Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)
Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)
Апа, апа, бұл сізбе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)
Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)
Әке, әке, бұл сізбе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)
Ағатайым, бұл сізбе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)
Қарындасым, бұл сізбе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)
Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)
Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)
№6. «Торғай»
Саусақтары бас
Алақан қанат (алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақтар өріледі. Саусақтарды қозғау)
№7. «Үкі»
Орманда қараңғы (екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады («Орман»))
Бәрі-бәрі ұйқыда (алақандарын беттестіре жақтарына таянып («Ұйқыға кетеді»))
Үкі ғана ұйықтамапты (бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («Үкінің көздері»))
Маңғазданып отыр қатты (қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді («Маңғаз үкі»))
Әрі-бері отырды да (қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға ауысады)
Қараңғы ға қанат қақты
№8. «Қаз»
Қаз тоқтамай қанқылдайды
Жақындаса шымшылдайды (білек тік, алақан түзу. Сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі. Барлық саусақтар бір-біріне жабысып тұрады)
№9. «Қораз»
Қораз, қораз қоқылдақ
Ерте тұрар қоқылдап
Алтын айдар басында
Ән салар үй қасында (алақан үстінде, сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі, қалған саусақтардың аралары ашық үстіге қарайды)
№10. «Доп»
Он, тоғыз (алақандарымен шапалақтайды)
Сегіз, жеті (отырған күйі аяқтарын алақандарым енқағады)
Төрт, үш (алақандарымен шапалақтайды)
Екі, бір (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)
Доп ойнайық (алақандарымен шапалақтайды)
Кел, жүгір (қолдың біресе ішімен, бір есе сыртымен көздерін жабады)
Тек білейік (әр сөз ырғағымен шапалақтайды)
Анықнық (әрсөз ырғағымен аяқтарын топылдатады)
Допты алып қашқан (отыра қалады)
Кім қумақ?
№11. «Сөздер»
1-2 деп санаймыз (саусақтарды біріктіріп бүгіп санаймыз, кері ашып санайды)
Әріптен сөз құрамыз (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді («күн» жасайды)
Күн – шуақты сөз екен (бас бармақ, ортаңғы терек, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқсаусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды)
Мысық-құлақты сөз екен (сұқсаусақ пен кішкентай саусақты тік ұстайды «мұйіз» жасайды. Бас бармақ, ортаңғысаусақ, атыжоқ саусақтар біріктіріле бүгіледі)
Сиыр-мүйізді сөз екен (екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды)
Қарбыз-жолақты сөз екен
№12. «Шаян мен мысық»
Тасасында көпірдің (сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдына ұстап «көпір жасайды». «Көпірдің астына оң қол саусақтарын төмен қарата ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлатады)
Кәрі шаян тұрыпты (алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді)
Көпірден өткен мысықтың (иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады)
Құйрығынан жұлыпты (сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақ пен біресе біріктіре, біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді)
«Құтқарыңдар, (сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады)
Мяу-мяу-мяу! (екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді)
Босатыңдар шаяннан!» (сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын топылдатады)
Қане, кім бар келіңдер!
Мысыққа көмек беріңдер!
№13. «Сәлем»
Сәлемдесем әрдайым (екі қолдарын айқастырып кеуделеріне қояды)
Үйде және көшеде (екі қолдарын алға жаяды)
Тіпті «сәлем» – деймін мен («қанаттарын» екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)
Тауыққа көрші үйдегі (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды)
Сәлемет пе, (екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді)
Шуақты күн көкте! (екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді)
Сәлемет пе, (екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің үстіне қойып алдына ұстайды)
Нұрлы аспан көкпеңбек! (оң жаққа оң қолын жаяды)
Сәлеметпе, (сол жаққа сол қолын жаяды)
Самал жел желпіген» (оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды)
Сәлеметпе, (бастарын шайқайды)
Кішкентай түбіртек!
Сәлем, таң жаңа атқан!
Сәлем, күн арайлы!
Сәлемге еріну!
Бізде әсте болмайды
№14. «Өрмекші»
Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)
Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)
Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақан мен сол қол алақаның үстінен тез «сырғанап түседі)
Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)
Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)
Құрғады тез-ақтөңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті, дереу, тезірек
№15. «Күз»
Аспанда бұлт көшеді, (қол сопақша)
Жамбыр тырс-тырс жауады. (саусақтармен тырсылдату)
Құстар ұшып кетеді, (қол қанат)
Жапырақтар түседі. (қолды толқындатып түсіру)
№16. «Ойыншықтар»
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Кей қуыршақ ұйықтайды,
Айытқаныңнан шықпайды.
№17. «Отбасы»
Бас бармағым – атам, (саусақтарға массаж жасап отырып айтылады)
Балан үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен,
Бұлардың барлығы менің отбасым.
№18. «Көкөністер»
Бау-бақшада мен болдым, (саусақтарымен үстелдің үстінде жүргізеді)
Көкөністерді таптым. (қолды жаяды)
Міне қияр мен сәбіз (екі қолдың саусақтарымен сопақшаны келтіреді)
Қызылша мен қызанақ (домалақты келтіреді)
Жаман емес бұл егін. (шапалақтайды)
№19. «Жемістер»
Бау-бақшада жинадым,
Саусақтарды мен тидым.
Мынау алма, апельсин,
Мынау алмұрт, мандарин,
Мынау банан, ананас,
Жинағанда қол талмас.
№20. «Жаңбыр»
Аспанда бұлт көшеді, (қол сопақша)
Жамбыр тырс-тырс жауады. (саусақтармен тырсылдату)
Құстар ұшып кетеді, (қол қанат)
Жапырақтар түседі. (қолды толқындатып түсіру)
№21. «Көкөністер»
Бау-бақшада мен болдым, (саусақтарымен үстелдің үстінде жүргізеді)
Көкөністерді таптым. (қолды жаяды)
Міне қияр мен сәбіз (екі қолдың саусақтарымен сопақшаны келтіреді)
Қызылша мен қызанақ (домалақты келтіреді)
Жаман емес бұл егін. (шапалақтайды)
№22. «Қамыр илеу»
Қане қолдар билейік!
Қамырды біз илейік.
Саусақтармен балбырап,
Тәтті тоқаш пісірейік.
№23. «Үй тұрғызу»
Балғамен қағам-қағамын, (жұдырықты бір – бірімен соғады)
Жүз шегені мен қағамын.
Биік үйді құрамын, (екі алақанын беттестіреді)
Туыстармен тұрамын (саусақтар амандасады)
№24. «Киімдер»
Легенге мен су құямын, (қолмен шеңбер жасау)
Ұнтақты суға қосамын, (саусақтарды бір-біріне тигізіп қозғайды)
Кір жуамын уқалаймын. (екі жұдырықты бір-біріне тигізеді)
Таза суға мен шаямын, (киімді шайған сияқты болады.)
Киім болды тап-таза,
Далаға жіпке жаямын. (киімді жайған сияқты)
№25. «Қолғап»
Ағайынды бес туыс (бес саусақты ашып көрсетеді).
Жамылатын тоны бар (саусақты жұму).
Бесеуінде бес қуыс (әр саусақты көрсету).
Сырттан кірер жолы бар.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718