Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл білімдерін жетілдіру және оны шешу жолдары

Байздрахманова Лиза

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету. Баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Жас ұрпақтың ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып,өмірге қажетті дағдыларға үйрету.Тіл тазалығын сақтауға, өз ана тілін құрметтеуге, патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Тіл –табиғаттың үлкен сыйы. Тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.Тіл ақауы бар балалар өз тіл кемістіктерін сезініп, ұялшақ, момын болып келеді және құрбыларымен тез қарым-қатынасқа түсе алмайды. Қазіргі кезде үш жастағы балабақшаға сөйлемей келген бала тәрбиешіні таң қалдырмайды. Баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Менің тобымда 2 кіші ботақан тобында да балалардың тіл білімдерін жетілдіруде көптеген қиындықтарға тап болдық, мысалы
-Сөздік қорының кемдігі;

-Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы

-Дыбыстау кемшілігі;

-Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;

-Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Топта мүлде сөйлей алмайтын, сөздерді байланыстыра алмайтын, тіл білімі мүлде дамымаған бала жоқ. Тек ана  тіліміздің ұяң дауыссыздарын дұрыс айта алмайтын, айта алмағандықтан басқа дыбыстармен алмастыру, бұрмаланып сөйлейтін балалар баршылық. Әсіресе ,Мадьяр Малика, Муратханова Раминаның сөйлеу тілі өте нашар дамыған. Бізге келгеніне 4 ай көлемінде уақыт болды. Алмазов Нұрасыл, Қуанышбек Айша 1 кіші топта мүлде сөйлей алмайтын, ата-аналарға берілген кеңестердің арқасында , атқарылған жеке жұмыстардың арқасында балалар сөйлей бастады,бірақ түсініксіз. Байланыстырып сөйлеу тілі нашар дамыған балалар Дәулетхан Ануар , Асхатов Нурали, Ясмина, Меделхан Арайлым.

Осы қиындықтарды шешу  жолында , балалардың тілін дамытуда  жаңа әдіс- тәсілдер  мен технологияларды өз тәжірибемізде  тиімді қолдануды жөн көрдім. Жаңа технологияны, әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Мен де өз жұмысымда осы заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы:

1.Ойын технологиясы

2.Денсаулық сақтау технологиясы

3.ТТШТ  технологиясы

4.Қатынастық-ақпараттық технологиясы

  1. Сын тұрғыдан ойлау технологиясы

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік,әңгімелесу, бақылау, мнемокесте,модельдеу,сөздік т.б

1.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын технологиясын қолданудың  орны ерекше екендігіне көз жеткіздім. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен тілдік қарым-қатынас жасайды.   Балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткіземін.
а)Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «қай пішінге ұқсайды?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз?», т.б.
ә)Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығыл-

ды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»,  «Ұқсасын тап», «не артық?» т.б.
б)Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «», «Жақсы-жаман»,«дұрыс-бұрыс»,«біреу-көп» т.б.

2.Балалардың тіл білімдерін жетілдіруде денсаулық сақтау технологиясының маңызы өте зор.Мысалы балалармен бірге танымдық сағаттарда артикуляциялық жаттығулар кешенін, тіл ұстарту жаттығуларын, тілдік, сөздік ойын түрлерін, саусақ ойындарын жүйелі түрде өткіземіз.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» «Моншақ», «қасқыр», «доп», «күн», « ,ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі.  Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіругебағытталған.

3.Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТТШТ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруда, тілдерін дамытуда тиімді екенін байқадым.  ТТШТ – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Мысалы:«Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айту керек.«Не жетіспейді?» деген ойын арқылы баланың есте сақтау қабілеті шынығады. «пішіндерді топтастыр», «не артық», « ұқсас затты тап», неге ұқсайды» т.б ойын түрлерін қолдану арқылы  балалардың қызығушылықтарын оятып, тіл білімдерін жетілдіруде үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.

4.Қатынастық-ақпараттық

  1. Жаңа технологиялардың бірі – «сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» СТО-ды дамыту  әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескенеңбегі.Сынтұрғысынанойлау технологиясының ең басты өлшемі ,

оның тиімділігі,нәтижелігі, жаңашылдығы.Балаларды өз ойын еркін жеткізу

ге дайындау, оқу қызметінің үш кезеңарқылы жүзеге асыру.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын оқу қызметінде ойландырар  сұрақтар қою арқылы мысалы, жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар,не сурет екендігін көрсетемін, неге қоянның жүні қыста ақ болады?, сиыр неге үй жануары?т.б. Оқу іс-әрекетінің қортынды бөлімінде балалардың өз ойларын еркін айтуға, қортынды жасай алуға, өз-өзін,құрдастарын  бағалауға бағытталған сұрақтар қоямын. Мысалы, Айша қуыршақ жылап келді не істейміз?, оған қалай көмектесеміз?, тапсырманы дұрыс орындадың ба? Неге Ануарда  бүгін әдемі шықпады деп ойлайсың?деген  сұрақтар қою арқылы балалардан жауаптар алуға тырысамын. Менің тобым екінші кіші топ  балалардың тіл білімдері нашар дамығандықтан  өз ойларын еркін жеткізе алатын балалар саны санаулы. Бірақ балалардың талпынысы жаман емес.Мен сыни тұрғыдан ойлау технологиясын өз тобымда  2-3  ай көлемінде қолданып жүрмін . Оның тиімділігіне күмәнім жоқ.

6.Өз жұмысымда баланың сөздік қорын, тілін дамытуда мнемотехника әдісін қолданудың  да  маңызы өте зор. Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр.
Мнемотехника – оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту. Әсіресе балалармен жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, табиғат құбылыстары,жабайы аңдар, құстар т.б тақырыптары  жайлы әңгімелеу барысында осы мнемотехника әдісі өте тиімді. Балалар түрлі -түсті суреттерге қарап, өз ойларын айтуға, құрбысының әңгімесін  тыңдауға, тыңдау арқылы есте сақтау қабілеттері жақсы дамуда.

Баланың қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі,

тапқырлығы,өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасапқана қоймай,коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, баланы ізденіске жетелейді.Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

Жыл көлемінде осы заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданудың арқасында, 2016-2017 оқу жылына қарағанда балалардың сөйлеу тілі, сөздік қоры, тілдің дыбыстық мәдениеті, тілдің грамматикалық құрылымының  біршама жақсарғаны байқалды.

Осы 2017-2018 оқу  жылының басына қарағанда жыл ортасында балалардың көрсеткіштері Коммуникация білім беру саласының білім көрсеткіштері  3 деңгей -14% – 50% көтерілді, 2деңгей- 50%- дан -32%-ға, 1 деңгей- 36%-дан – 18%-ға азайды.

Қортындылай келе өз жұмысымда осы заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануды жалғастырамын. Көрсеткіштері төмен балалармен жеке жұмыстар атқарып ,ата-аналарына жеке кеңестер беруді жалғастырамын. Әсіресе ата-аналарға  балалармен үй жағдайында  дәнді-дақылдармен ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойын түрлерін, іс-тәжірибелік ойындар, тілдік , артикуляциялық ойын түрлерін ойнауға  жиі кеңестер түрін түрлендіре отыру керектігін өте тиімді.

Халық байлығының асыл қазынасы –рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен , ана әлдиінен бастап, балабақшада әрі қарай жүзеге аспақ. Қазақта «сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001

2.Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж

3.Бала мен балабақша журналы

4.Интернет ресурстары

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *