Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
2. Түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен жұмыс,ой қозғау, топтастыру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық .
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Сөз таптары |
Заттың атын білдіретін сөздер |
Заттың санын білдіретін сөздер |
Заттың сынын білдіретін сөздер |
Заттың іс-қимылын білдіретін сөздер |
алма |
+ |
|
|
|
барды |
|
|
|
+ |
жеті |
|
+ |
|
|
қызыл |
|
|
+ |
|
тарақ |
+ |
|
|
|
оқыды |
|
|
|
+ |
қоңыр |
|
|
+ |
|
он |
|
+ |
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
–Балалар осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
-Не?
-Осы сөздердің көпше түріне қандай сұрақ қоямыз?
-Нелер?
Ал, осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз?
-Кім? (Кімдер?)
-Олай болса,өткенді еске түсірейік. Кім? Не? деген сұрақтар қандай сөздерге қатысты қойылатын еді?
-Ендеше осы ережеге сүйене отырып, “Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп айтамыз” деген жаңа ережемен танысамыз. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы “Зат есім”.Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Балықшы тапсырмасы
1.Сөзжұмбақ шешу.
2.Ережені түсіндіру жұмысы.
3.Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті:Зз әрпі.
Дәрігер мамандығының тапсырмасы: Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Тігіншінің тапсырмасы
377- жаттығу Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.
ІV.Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек
Сазгердің тапсырмасы
379- жаттығу. Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу.
Суретшінің тапсырмасы
Ойын «Биікті кім бағындырады?».
З |
||||||
А |
т |
|||||
Т |
а |
с |
||||
Е |
с |
е |
к |
|||
С |
а |
ғ |
а |
т |
||
І |
н |
і |
л |
е |
р |
|
М |
а |
т |
а |
л |
а |
р |
2,3,4,5,6,7 әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздер тауып жазу.
V. Қорытындылау:
Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Зат есімге мысал келтіру.
VІ.Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
378 – жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718