Қызықты биология елінде

Дюсенгалиева Маржан

Мақсаты:
1. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта/ слайд-презентация/, суреттер.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөліну

  1. Сайыс кезеңдері:

І кезең – «Таныстыру»

ІІ кезең – «Сен білесіңбе» ширату сұрақтары.

ІІІ кезең –«Кім шапшаң» Тапқыр болсаң тауып көр.

ІҮ кезең –«Тіл білгірі» үш тілділік

Сайыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Табиғат- тіршілік бастауы» атты биология апталығында өткелі отырған «Қызықты биология елінде»атты 7-8 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін интеллектуалдық – танымдық сайысына қош келдіңіздер.

Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын интеллектуалды ойынды бастаймыз

Ойынға 3-топ қатысады.Ұпайды көп жинаған топ «Қызықты биология елінде» сайысының жеңімпазы атанады.

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі: Қағазғалиева Г
  2. Бірлестік жетекшісі: Өмірзақова Қ

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

І кезең – «Таныстыру»

Топ бір-бірін таныстырады. Бүгінгі сайыстан не күтеді, қандай мақсаттары бар.

ІІ кезең –  «Сен білесіңбе» ширату сұрақтары

Әр топқа 6 сұрақ қойылады.

1-топқа сұрақ.

  1. Алғаш жасушаны көрген ғалым. (Роберт Гук.)

2.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі.  (Окуляр)

  1. Экожүйе компоненттері нешеге бөлінеді. (2ге Тірі,жансыз табиғат)

4.Ұрықтан дамитын тамыр.   (Негізгі тамыр.)

5.Нейрондардың қысқа тармақталған өсінділері.  (Дендрит)

6.Жасуша ішіндегі сұйықтықты  реттеп отыратын бөлігі.   (Вакуль)

2-топқа сұрақ.

1.Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі.   (Айна)

2.Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа.   (Түзуші.)

  1. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым. (Микология.)
  2. Тірі ағзаның ең кіші бөлігі. (Жасуша.)

5.Оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері. (Анаэробты ағзалар)

  1. Дүниедегі ең биік ағаш. (Эвкалип.)

                                          3-топқа сұрақ

  1. Өсу гормоны қандай без бөледі. ( Гипофиз.)

2.Жұлынның ұзындығы қанша см.   (42-45)

3.Ересек адамның жүрегі минутына неше рет жиырылады.  ( 70-75)

  1. Қан қабылдайтын адам. (Реципиент)
  2. Жасушаның көбеюге қатысатын бөлігі. (Ядро)
  3. Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі. ( Буын.)

ІІІ кезең –«Кім шапшаң» Тапқыр болсаң тауып көр.

Қиылған суреттерді шапшаң құрастырамыз, құралған суреттен алманың суреті шығады.Алманың қандай пайдасы бар, құрамында не бар, алма туралы біз білмейтін тағы қандай мәліметтер бар осы туралыайтады. Алманы үзбей аршу және оны 30 секунтта жеп тауысу керек.

ІҮ кезең –«Тіл білгірі» үш тілділік

3-топқа  3 түрлі жемістің және жануардың аттарын айтамын, оқушылар  қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді.

1-топқа сұрақ

  1. Жапырақ – Листья – Foliage
  2. Мысық – Кошка – Cat
  3. Алма – яблоко – Apple

2-топқа сұрақ

  1. Ағаш – Дерево – Тree
  2. Жылқы – Лошадь – Horse
  3. Қырыққабат -Капуста – Cabbade

3-топқа сұрақ

  1. Гүл – Цветок – Flower
  2. Түлкі – Лиса -Fox
  3. Банан – Банан – Banana

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған, сен күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз:

Сонымен бүгінгі «Қызықты биология елінде» сайысы өз мәресіне жетті.

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *