«Менің сүйікі кейіпкерім» ертегілер еліне саяхат
Қуанышбаева Самал Алтайқызы
Тақырыбы: «Менің сүйікі кейіпкерім» ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Балаларды ертегілерді тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани білімдерін жетілдіру. Балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл –ой белсенділігін арттыру. Еліміздің болашақ ұрпағы біліммен сусындаған, тапқырлығын тамсандыратын салауатты,саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге,үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу. Ертегі түрлерімен жақынырақ таныстыра отырып, ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру.
Театр түрлері: сахналық-қойылым, үстел-үсті театры, фланеаграф театры.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, көрсету.
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдерме балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдарма?
- Қандай ертегі түрлерін білесіңдер?
- Жарайды, қазір біз көптеген ертегі түрлерімен танысатын боламыз.
- «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналау
Балалар ертегіні ортаға шығып көрсетеді, ертегі кейіпкерлерін образға еніп орындайды. Сахналық қойылымды көрсетеді.
Автор: Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты. –
Ешкі: – Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», –
Автор: дейді. Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды. Қасқыр ұстаға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ұста таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті. Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
Қасқыр: – Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!
Автор: – деп әндетті. Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды. Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр.
Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:
Ешкі: – Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!
Автор: Ешкі Қасқырға келіп:
Ешкі: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады.
Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» – деп жауап қатты.
Ешкі: «Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» –
Автор: деді Ешкі. Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады. Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті
- «Қызыл телпек» үстел-үсті театры
Үстел-үстіне қойылған ертегі кейіпкерлерін жүргізе отырып, мазмұнымен байланыстырып таныстырады.
Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына:
Анасы:-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып,жағдайын біліп қайтшы,-дейді.
Қызыл телпек:-Жарайды,анашым,апарып берейін,-деп бәліш пен май салынған себетті алады.
Автор:Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.
Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып,гүл теріп,асықпай жүрді.Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.
Қасқыр:– Қызыл телпек,сен қайда барасың?-деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
Қызыл телпек:-Мен әжемнің үйіне барамын,оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын,- дейді қыз.
Автор: Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.
Қасқыр: – Ал әжең қайда тұрады?- деп сұрайды қасқыр.
Қызыл телпек:– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі дейірменнің жанында,диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып берді.
Автор:Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,қызға тиіспейд.Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
Қасқыр:-Жарайды,мен сенімен бірге сол ауылға барып,әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын,кел екеуіміз жарысайық.Сен мына жолмен бар,мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.
Автор:Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді.Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.
Қасқыр:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі: -Бұл кім ? – деп сұрайды .
Автор:Қасқыр дауысын жіңішкертіп.
Қасқыр:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.
Автор:Бұл кезде ауырып,төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:
Әже: Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.
Автор:Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.
Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.
Қызыл телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Қасқыр:-Бұл кім ?-деп даусын жіңішкертіп
Қызыл телпек:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.
Автор:Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:
Қасқыр:-Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.
Автор:Қызыл телпек ішке кіріп,әжесінің жанына керуетке келіп отырады.
Қызыл телпек:
-Әже,әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен ?
Қасқыр:
-Мен сені жақсы көру және есту үшін!
Қызыл телпек:
-Әже,әже неге сіздің тісіңіз үлкен?
-Бұл сені жеу үшін!- деп Қызыл телпекті жеп қояды.
Автор:Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп төсекте қарны қампыйп жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді де,қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.
- «Қоянның үйі» фланеграф театры
Тақтаға ертегі суреттерін ретімен орналастыра отырып, ертегі мазмұнымен таныстырады.
Қоянның үйшігі.
(орыс халық ертегісі)
Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине бірден еріп кетті.
Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.
-Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
-Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
-Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз.
Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
-Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
-Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой ! Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады.
– Қоян-ау, не болды. Сонша неге жылайсың?
– Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
– Жылама! Мен оны қуып шығамын.
– Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттерде қуып шыға алмады.
– Көресің, қуып шығамын.
– Аю үйшіктің алдына келіп:
– Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.
– Түлкі болса пеш үстінен:
– Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! – деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
– Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?- деп сұрады.
– Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
– Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
– Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде қуа алмайсың!
– Жүр, көрерсің! Қуамын!
– Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
– Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: Киініп жатырмын», – дейді.
-Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! – деп әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» – дейді.
Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді.
Аман – сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
Ертегілерді қорытындылау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718