Білім сапасын арттырудағы құзіреттілік

«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

                           

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы:

«Білім сапасын арттырудағы құзіреттілік»

 

 

Баяндамашы:

Бастауыш сынып мұғалімі Тасымова Мәншүк Қаппарқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

 

                                                     Жоспар:

І. Кіріспе
Жаңаша білім мазмұнын құру – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазіргі қоғам мұғалімі – рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
2. Ақпараттық құзіреттіліктің білім беру жүйесін арттырудағы маңызы

ІІІ. Қорытынды
Құзіретті мұғалім – ғылым мен ілімнің, ұлы көштің иесі.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім сапасын арттырудағы құзіреттілік

«Адам  ұрпағымен мың жасайды » – дейді халқымыз. Еліміздің тірегі-  білімді  ұрпақ.      Бүгінгі  қоғам  алдында  тұрған    ең жауапты міндет  – жас  ұрпақты    тәрбиелеу, тиянақты білім беру.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны  меңгеруімен өлшенеді.  Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де  кең болмақ.

Ұстаздың  шеберлігі – талантты  қажет ететін   ерекше бір өнер емес,ол   басқа да мамандарды  шеберлікке үйретуде  қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесінде   бүкіл ғұмырымен  қажыр қайратын   және бойындағы асыл   сезімдерін   бағыттаған   мұғалімдерді   айтуға болады.

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Олай болатын болса, сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.

«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән беріп,  зейінді жарықпен салыстырады.»-деп А.Байтұрсынов  айтқандай әр сабағымызда  оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінуіміз қажет. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтарды ашу барысында жұмыс жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды интеллект карта арқылы көрсетеді. Осындай топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс –әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады.

Оқу үрдісіне технологияны меңгеріп, енгізу – әр мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдық дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деген  Я.А.Коменский .

       Шығармашыл бола тұра көптің бірі  болып қалмау, артында із қалдыру құзыретті мұғалімнің негізгі қағидасы болып табылады. Мұғалім нәтижесінің негізі – өзіндік білім алу. Егер білім алу саналы түрде, өз қалауымен, жоспарланып, өзімен бақыланып тұрса, онда -білім алу жүйесі тиісті деңгейде болады. 

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Қазіргі мұғалім:

ü   Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;

ü   Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;

ü   Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

ü   Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;

ü   Білімді, шебер, іскер болуы тиіс

Бұрынғы оқушы тек қана тындаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

ü -Дүниетаным қабілеті жоғары;

ü -Дарынды, өнертапқыш;

ü -Ізденімпаз, талапты;

ü -Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.

Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.  Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Оқыту үрдісінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай тандауы керек. өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.

  Тұлға құзыреттілігін  дамыту мақсатында жаңа технологиясының  маңызы зор деген   тұжырымға келдім.

Сын тұрғысынан    ойлау сынау  емес ,шыңдалған  ойлау. Бұл технологияны сабақта қолдансақ:

1.Қызығушылықты ояту. Үйрену  процесі. Бұрынғы білетінімен, жаңа білімді ұштастырудан  тұрады. Үйренуші жаңа  ұғымдарды,түсініктерді   өзінің  бұрынғы  білімін жаңа ақпаратпен  толықтырады. Қызығушылықты оятудың  екінші мақсаты  үйренушінің  белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен  бөліседі, тобында талқылайды,яғни   айтады,бөліседі,   ортаға салады.

2. Мағынаны  тану. Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа ақпаратпен  танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды. Тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін  оқу стратегиялары бар .Олар   lNSERT және Түртіп алу жүйесі. 3. Үшінші кезең   «Ой толғаныс»  Дәл осы кезеңде  үйренуші  не үйренгенін саралап,салмақтап  оны қандай   жағдайда,  қалай қолдану  керектігін  ой елегінен өткізеді.      Сын тұрғысынан  ойлауды дамытудың  мақсаты   барлық  жастағы   оқушыларға  кез  келген  мазмұны  сыни  тұрғыдан  қарап, екі  ұйғарым   бір  пікірдің   біреуін   таңдауға саналы шешім  қабылдауға  үйрету. Сын  тұрғысынан   ойлау  технологиясының   мені   қызықтырғаны   баланың  өзі ізденіп   дәлелдеуі. Ол бұрын тек  тыңдаушы  болса, енді  ізденуші,   ойланушы,өз  ойын  дәлелдеуші,,  ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы. Нәтижесінде тапсырмалардың  түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады. Негізінен    сын тұрғысынан ойлау технологиясының  пайдасы көп деп ойлаймын. Өйткені  өзім әр сабағымда осы технологияның   элементтерін пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:

·        Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

·        Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

·        Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

·        Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

·        Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

·        Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлік саралау технологиясының элементін де өз сабақтарымда қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар:

·                           Математикалық сайыстар;

·                           Эстафеталар;

·                           Жарыстар;

·                           Тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс құрастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

   Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Сондықтан интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу – танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.

       Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ .

         Қорытындылай келе, өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары, жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт бере отырып, оқушы құзырлығын дамытамын.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007

2. Тоғымбаева А.Ә. Педагогтың кәсіби құзырлылық моделі. «12 жылдық білім»журналы 2006 №3

3. Қазбекова Н.Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудыңэлементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006 №1

4. Алимова Қ. «Дамыта оқыту» мәселесінің педагогикада зерттелу жайы

Бастауыш мектеп №4 2009

5. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық  Алматы 2007

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *