Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы

Садыкова Айнагуль Сембаевна

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың аудан туралы және ауданды табуда алған білімдерін есептеулерде қолдана алу біліктерін дамыту үшін біріккен және өздік жұмыс түрлерін жүргізуге жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:
• білімділік: аудан туралы алған білімдерін бекіту, ауданды өлшеу бірліктерінің арақатынасын анықтай отырып, ар өлшем бірлігімен таныстыру, игерген біліктерін іс – жүзілік тұрғыда қолдану, осы тақырып бойынша деңгейлерін анықтау;
• дамытушылық: ауызша және жазбаша математикалық тілдерін дамыту; логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
• тәрбиелік: танымдық, оқу еңбегіне деген көзқарасқа; коммуникативтік қарым – қатынас мәдениетіне, басқаларды тыңдау, өз ой – пікірін білдір, жұппен жұмыс істеуге; өзін – өзі бақылауға; математиканың қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сыныппен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)
2. Үй тапсырмасын тексеру. (2 мин.)
Жеке оқушымен жұмыс
Тақтада үш оқушы үлестірмемен жұмыс жасайды.

 

Бір қорап печенье 23 кг.  Осындай 7 қорап печенье неше кг?

500 кг = …… ц
3 ц = ……кг
4т = …… ц

Анасы дүкеннен 5 кг 400 г, ал қызы одан 3 кг 200 г жеңіл болатын сөмке әкеле жатыр. Екі сөмкенің салмағы қанша?

3. Игерген білімдерін тексеру (5 мин.)
Ауызша сұрақтар
1) Фигураның ауданы дегеніміз не?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
– Ауданды өлшегенде қандай бірлікті қолданамыз?
№1 Оқулықпен жұмыс. Парақ қағаздың, өшіргіштің, сынып тақтасының, сіріңке қорабының, үстелдің, оқулық мұқабасының ауданын қандай бірлікпен өлшеген қолайлы?
– Бақшаның, алаңшаның, бөлменің еденінің ауданын қандай бірлікпен өлшеген ыңғайлы?

№2  Кестені жаттап ал:
Ауданды өлшеу бірліктерін атаңдар: м², см, дм², а
Орналастырыңдар: өсу ретімен; кему ретімен атаңдар.
– Ең үлкен бірлік қалай аталады екен?
– Кестені жаттап алыңдар: 1 дм² = 100 см²
1 м ² = 100дм²
1а (ар) = 100м²
Армен қандай жердің ауданы өлшенеді?

2 (ә)   2дм²=200см²      4м²=400дм²      5а=500м²

300см²=3дм²              700дм²=7м²       400м²=4а
– Ірі өлшемнен кіші өлшемге айналдыру үшін қандай амал қолдандық?
– Кіші өлшеммен ірі өлшемге айналдыру үшін ше?
№ 3. А) бөлігі ауызша орындалады.
– Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Ә) бөлігін жазып көрсетеді. 8дм • а
Б) бөлігін тақтаға шартын жазып, есепті шығарады.
а – 10дм
S – 80дм²
b -?
Ш: 80: 10 = 8 (дм)
Ж: ені 8дм
№5 есепті талдай отырып шығарамыз.
А) бөлігінде ұзындықты емес, ауданы тауып аламыз.
Ә) бөлігін жазбаша орындаймыз.
Тік төртбұрыш мен шаршыны салыстыру.
– Қандай ұқсастық бар?
– Қандай айырмашылық бар?
№6 және 7 тапсырмалар талданып орындалады. Шаршыда бір ғана өлшем арқылы аудан мен периметрді табуға болатыны қорытындыланады. Шаршының периметрін табу үшін қабырғасын 4 – ке көбейтеміз.
– Шаршының ауданын табу формуласын жазыңдар.
– Тік төртбұрыштың ауданын табу формуласын жазыңдар.

5. Сергіту (1 мин.)
6. Игерген білімдерін қолдану (10 мин.)
№8 есепті талдай отырып, өздері орындайды.
Қорытынды: сұрақ-жауап
7. Үйге тапсырма    №8 21 – бет
2) Өз бөлмелеріңнің ауданын табыңдар.
9. Рефлексия (2 мин.)
– Не білдік?
– Алған білімді қолдануға бола ма?
– Сабақта не қиын болды, қандай тапсырма жеңіл болды?
Бағалау

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *