География сабақтарында ойын технологияларын тиімді пайдалану
Базар Индира
«География сабақтарында ойын технологияларын тиімді пайдалану»
«Ойлы бала, ойыннан өседі» – дейді.
Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.
Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі.
Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерінің белгілі мөлшерін тез әрі жеңіл қабылдауына көмектеседі. Географияны оқыту әдістемесінде мақсатқа жеңіл жетудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тарағаны – ойын сабақ. Ойынды тиімді тәсіл ретінде қолдану тарихы тереңге кеткен. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер – ойын, оқу және еңбек. Ойын сабақтың басында, не ортасында, болмаса сабақ соңында қолдануға болады. Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, белсенділік қабілетін арттыру. Егер ойын сабақ ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл – күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу. Ойын сабақтың соңында қолданса оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі. Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш-қабілетін толықтыратын болса, мақал-мәтелдер, викториналық қызықты сұрақтар, ребустар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету ой – санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.
Ойындар – балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды . Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы – құрдастарымен қарым – қатынас жасауға үйренеді.
Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.
Географиялық ойындар-география сабақтарында кеңінен қолданылатын жаңа техналогиялардың бірі.
Географиялық ойындардың мақсаты:
Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге оқушылардың ұғымдарын кеңейтеді, және картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Географиялық номенклатураны меңгеруге , тапқырлыққа, шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Географиялық ойын сабақтарын оқушылармен өткізгенде төмендегі талаптарға көбірек көңіл аударамын.
Олар:
-Географиялық ойындар бағдарламаға сай келуі,
-Мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы
-Уақыт мөлшері оқушыларды жалықтырмайтындай болып, алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізілуі,
-Ойын түрлері сабақ тақырыбының мазмұнын ашып іскерлік пен дағдылар қалыптастыруға көмектесетіндей болу
-Қажетті материалдар алдын-ала дайындалып, мүмкіндігінше картамен байланысты жүргізу.
Ойындар сынып оқушыларын 2-3топқа бөлу арқылы немесе екеуара, үшеу болып, шағын бір топ құру арқылы өткізіледі.
Ойындардың түрлері.
География сабағында ойынның төмендегі түрлерін қолданамын.
Ауызша, жазбаша орындалатын ойындар.
-Карта арқылы орындалатын ойындар және ойын түрінде өткізілетін сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда орындалатын ойын.
Мен өз сабақтарымда:
Блиц оқу ойындары
Блиц оқу орындары – қысқа мерзімді шағын ойындар, олар оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Блиц ойындарда оқушыларға ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, білім алушылар оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да ойыннан кейін кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы уақытта оқушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді.
Блиц оқу ойынның ішіндегі «Шындық детекторы» ойынның мақсаты: «Шындық детекторы» (топ басшыларына сұрақ). Бір оқушыға 8-10 сұрақ қойылады. Белгілі бір оқушы сұрақтардың барлығына да шынайы түрде жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады. Қалған топтар жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап, өз ұстанымдарына дәлделеп келтірілуі керек. Ондағы оқушының өзіне деген сенімділік пен өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Ойынның нәтижесінде оқушының дұрыс емес жауап табуда әр сұраққа жауапкершілікпен қарау және де осы пәнге деген көзқарасын, өзіне деген сенмілігін, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылануын көреміз.
«Брейнг-ринг» ойыны
Топ (5) адамнан шағын топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында – бірінші деңгей сұрақтары, ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары. Әр бөлікке бір сұрақтан 1-ші деңгей сұрақтарына дайындықсыз жауап жауап беріледі, 2-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 3-5 мин уақыт беріледі. 3-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 7-10 мин уақыт беріледі. Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады. Ойын қорытындысы бойынша көп фишка алған топ жеңімпаз болып саналады.
Осы «Брейн-ринг» ойының нәтижесі оқушылардың білімдерін тереңдетуді, нығайтуды, пәнге деген қызығушылығын арттыруды, ойлау қабілетін жетілідіруді, өз бетімен жұмыс істеуге, іздену-зерттеу жұмыстарына үйретеді. Осылайша оқушы ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Кубизм стратегиясы ойыны
Шарты: кубикті айналдырып, түскен санына қарай интерактивті тақтада, қалташалардағы сұрақтарға жауап береміз.
Сандар сөйлейді
Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру
510млн.км2 –
361млн.км2 –
149млн.км2 –
“Сен білесіңбе?” ойыны
Шарты: жасырылған ребустарды шешу.
Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел?
“Бәйге” ойыны
Шарты: Викториналық қызықты сұрақтар.
Географиялық картамен жұмыс Ойын “Ең, ең, ең ….”
Ең ұзын өзен? Ең терең көл? Ең ұзын тау? Ең суы мол өзен? Ең үлкен түбек? Ең биік шың? Ең ыстық материк? Ең ежелгі тау? Ең үлкен мұхит? Ең терең шұңғыма? Ең лас теңіз? Ең кіші материк?
«Пошта» ойыны.
Тақтаға материктің аты жазылған төрт «пошта жәшігі» қойылады. Әр топқа бір конверттен таратылады. Әр конвертте жарты шар материктеріне қатысы бар сөздер жазылған парақтар бар. Әр топ өзінің материгіне қатысты сөздерді пошта жәшігіне салады.
Пошта ашылып дұрыс салынған сөздер 1 ұпайдан беріледі және ішіндегі географиялық нысандарды картадан дұрыс көрсеткен оқушы тобына және 1 ұпайдан әкеледі.
«Зообақ» ойыны.
Әр топ қатысушысына жануарлар бейнеленген суреттер таратылады. Суреттегі жануарлардың атын дұрыс атап, қай материкте, қай табиғат зонасында мекендейтінің дұрыс айтқан оқушы өзінің тобына 1 ұпай әкеледі.
Қорыта келгенде географиялық сабақтарда ойын элементтерін қолданған кезде оқушылардың сабаққа деген белсенділігі арттады, оқушылар арасында бәсекелестік пайда болады, оқушылар басқа қырынан көрінеді, ең бастысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттарды. Білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.
«Қызықты география» ойыны
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту;
Жүргізуші:
Құрметті «Қызықты география» интеллектуалдық сайысының көрермендері мен қатысушылары. Бүгінгі сайысымызға 8 – 10сынып оқушылары қатысады. Өзара «А» және «Ә» сыныптары ІІ топ құрайды.
Ойын кезеңдері:
5кезеңнен тұрады:
1 – кезең. «Ой шашу»
2 – кезең. «Ой қозғау»
3 – кезең. «Ең, Ең, Ең» капитандар жарысы
4 – кезең. «Ғажайып төрттік»
5 – кезең «Таңқаларлық құбылыстар» деп аталады.
Ойын шарттары:
Қатысушы топтар өздерін таныстырып ат қояды.
Адам күніне 13 рет күледі екен, ал әтеш болса алдымен мойнын созбай шақырмайды екен табиғатта осындай қызықтар да бар. Енді ойынымыздың І кезеңін бастасақ.
1 – кезең «Ой шашу». Екі топқа сұрақтар беріледі. (әр сұрақ 5 бал)
1 – сұрақ: Тұңғыш рет Беринг бұғазын сипаттаған.
Жауабы: В. Беринг
2 – сұрақ: Әйгілі орыс жазушысы А. С. Пушкин бейнесіндегі ел.
Жауабы: Италия
3 – сұрақ: Гомер «Одиссея» атты еңбегіндегі бұғаз? (Сцилла мен Харибданның арасы)
Жауабы: Мессин
3 – сұрақ: Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
5 – сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл
табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге
«Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және
адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
6 – сұрақ Алматыдан ұшақ солтүстік бағытта ұшып шықты. 1000км ұшқан соң ол батысқа бағыт өзгертіп 1000км кейін Оңт. 1000 км және шығысқа қарай 1000 км ұшты. Ол Алматыға қайта келеді ме? Жоқ. Тек 203 м жақындайды.
7 – сұрақ. Азияда – 2011 әнұранын жазған – Е. Хасанғалиев
8 – сұрақ: Солтүстік жарты шардағы астрономиялық көктем басталады?
Жауабы: 1 наурыз
9 – сұрақ. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады? Ол Грекия мемлекетініңкі
10 – сұрақ. Барлық континентте бар қала – Рим
ІІ – топ
1 – сұрақ: Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған.
Жауабы: Картоп
2 – сұрақ: Канин тұмсық (Канин нос) қайда орналасқан?
Жауабы: Баренц теңізі
3 – сұрақ Тудағы жазу рәміздің ең негізгі басты бөлшегі болып табылатын ел – Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның пайғамбары» деген сөз бар.
4 – сұрақ: Орамалды әйел – ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
Жауабы: Португалия, Испания
5 – сұрақ. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады? Жапония, Иордания, Сан – Марино
6 – сұрақ. Жердің өз білегінен айналу жылдамдығын пайдалана отырып сенбі күні кешке әуе шарына мініп, жер үстіне шығып тұрып Қара теңіз келгенше көтеріліп тұрып Қара теңіз келгенде төмен түсіп суға шомылып, кешкісін жексенбі күні қайтадан Алматыға келе алады ма? Жоқ себебі Жермен бірге ауа да қозғалады.
7 – сұрақ Ең суық астана – Улан-Батор
8 – сұрақ. Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде
Сахара шөлінде ме?
Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
9 – сұрақ
Бұл өзендер құрлықта емес, мұхитта ағады. Cуының температурасы мен тұздылығы бойынша мұхит суларынан өзгешелік жасайды. Жылы өзендер төменгі ендіктен, жоғарғы ендікке, ал cуық өзендер керісінше жоғарғы ендіктен төменгі ендікке қарай бағытталып ағады.
Бұл қандай өзендер?
10 – сұрақ. Адамнан телефоны көп қала – Вашингтон
Жүргізуші: Адам шашы 3кг затты көтере алады ма, 4 тізесі бар жануар піл ме әлде жоқ па? Осындай қызықты сұрақтарды талдау үшін ой қозғасақ.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718