Орта білім беру мазмұнның жаңарту жағдайында мұғалімнің үздіксіз кәсіби Дамуының мәселелері

Кайрат Гулнур

Қазіргі жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түскен заманда адамның жалпы білімін көтеру кең де ауқымды мәселе болып отыр. Ал олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми – техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктердің қарыштап дамуынан туындайтыны анық.
Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Яғни қазіргі қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптас-қан мамандарды талап етіп отыр.Ал бұл талапқа сәйкесінше, қазіргі ақпараттандыру қоғамында жаңа оқыту әдістерін, оқулықтарды, интернет, компьютер, т.б қажеттіліктерді пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Оларды тиімді пайдаланып, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясының толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазірәлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын-құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьмин-аның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы». Мұғалім сана және ойлау процесін іске қоса алады,өзінің меншікті қызметін балалардың өзіндік шешімімен біріктіріп ұйымдастыра алады.Мұғалімнің кәсіби дамуы оқушы,мұғалім,ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынастың азаматтыққа,білім беруге жаңа технологиялардың тиімділігін өз іс-тәжірибелері арқылы бөліседі. Болашақ ұрпаққа білім беру мен оларды дамыту мұғалімнен өмірдің қандай саласынан болмасын туындаған мәселерге оң көзқараспен қарап,олар туралы позитивті пікірде болуды талап етеді. Мұндай көзқарастық ұстаным бәрімізде де болуы тиіс,барлық ұстаздар осыған ұмтылуы қажет.Қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас оң позитивті болғанда ғана жеке тұлғаның дамуы нәтижелі болады деп ойлаймыз. Тіпті біз қарым-қатынасымыз оң болу үшін,ойымыз да оң болу керек деп те айтар едік. Еліміздегі әлеуметтік-саяси ахуал, позициялар,пікірлер, әр түрлілігі жағдайында адамдар арасындағы сенім,өзара түсінушілік адами қарым-қатынастарға деген қажеттіліктерді қатты сездіруде.Әр адамның өз ішкі әлемі,өмірлік тәжірибесі,әлеуметтік құбылыстарға деген өз көзқарасы бар екенін ескерсек,мұнан туындау қаупі бар қарама-қайшылықтарды шешу толеранттық сананы қажет етеді. Сондықтан мектеп өз пәнінің аясында ғана ойлайтын өте тар ұғымдағы кәсіби мұғалім емес ,адам танитын,оның жанын түсінетін рухани тәлімгер ұстазға аса зәру. Олай болса мұғалім құзыреттілігін қалыптастыру мыналарды талап етеді.1.)Мұғаліннің өзін-өзі іске қосуын жетілдіруі қалыптасатын орта жасау.2).Үздіксіз білім алуға деген қажеттіліктерін оятуға жағдай жасау:3) -Ішкі мүмкіндіктерін белсенді,қарқынды ету арқылы шығармашылығын дамыту мүмкіндігіне жол ашу.
Бүгінгі білім беру жағдайында әрбір ұстаз жүрегіне ой салар өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагогтарға қойылатын талаптар да өте жоғары.
Кәсіби даярлық – дегеніміз, бұл қызметкерге жедел-қызметтік міндеттерді нәтижелі де сапалы орындауға мүмкіндік беретін іскерліктің жоғары қалыптасу деңгейі.Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, заманауи мұғалім– рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.  Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беруді жаңаша ұйымдастыру-оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сабақ – біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма, сондықтан да ол бір тұтастығымен, бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс.  Әрине, ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығарма-шылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы-өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Болашақтың бәсеке-сіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес.Соған сай ұстаз-ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, орт-аның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патр-иот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтініміз айқын.
Мұғалімнің негізгі міндеті-сабақ үрдісін ұйымдастыру, жаңа технологияларды қолдану  ғана емес, керсінше, ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік таным біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне, осы мұғалімнің іс- әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер болуға тиісті.Педагогикалық Білім Концепциясында « Мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген.Қазіргі жаңа формация мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай,оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестір-ушісі бола білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.Ұлы ағартушы А. Байиұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» – деген тұжырымында:« Шығармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.

Яғни, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлауды, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, ізденуге бағыталған күтілетін нәтижелер болып табылады. Мұның өзі қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеуде белгілі бір құзіретіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзыреттіліктер қатарына мыналар жатады:
1.Бағдарлы құзыреттілік – өз Отанының патриоты болу
2.Мәдени – танымдылық құзыреттілік – өз халқының мәдениеті, жетістіктерін білу
3.Оқу- танымдық құзыреттілік-оқушының зерттеу әрекеті
4.Ақпараттық – технологиялар құзыреттілігі- өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу,өзгерте білу, ақпараттық технологияларды игеру.
5. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі-отбасы, еңбек, экономика, саяси, қоғамдық қатынастар жайлы қажетті білімге ие болу.
6. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау,өз алдына жоспар құру.
7. Коммуникативті құзыреттілік-адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін білу, топтармен жұмыс жасау.Бұл жерде арнайы назар аударатын мәселе – мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі. Ақпараттық қарым – қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі. Ақпараттық ресурс-ақпарат көзін алу үшін алыстан оқыту, мультимедиялық, электрондық проблемаларды меңгеру. Әрбір ұстаз , өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруы қажет.Егер мұғалім өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.
Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана ,бүгінгі қоғамымызды байытатын,дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мұғалімнің кәсіби білік-дағдылары-өз кезегінде оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса, жаңаша өмірге бет бұрып,жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие,сапалы білім беретін жеке тұлға,мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім-ғасыр көшін бастаушы болып табылады. Бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін орта мектептердегі білім берудің басты мақсаты – мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру және мектеп ісін басқарудың тиімді жолдарын қарастырып, педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.Білім беру мекемелерінің мұндағы мақсаты-білім беру процесінде педагогтың, адамның дара тұлға ретінде қалыптасуына ерекше педагогикалық, психологиялық жағдай туғызу. Бұл жалпы білім беретін мектептердегі басқарудың әдіс-тәсілдерінің бәріне, мұғалім мен оқушының тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыруға, оның бейімділігін анықтауға бағыттайды. Сапалы білім мен саналы ұрпақты қалыптастырушы, әрине, ол – ұстаз. Ал ұстаздың анықтамсын дана Әл-Фараби былай деп көрсеткен: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын , дихрем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әдептілік және әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да, әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Нағыз педагог деп оқушы жүрегіне жол таба білген адамды айтамыз. Ендеше қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Жаңа формация мұғалімі кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни, ол ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам. Мұғалім өзі құзіретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай.«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі – педагогтардың құзіреттлігін үздіксіз дамыту.
Педагогтың кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады.
І.Кәсіби қасиеті: – ұйымдастыру қабілеті ;- білімнің тереңдігі;- ғылыми білімі;
– дарындылығы;- шығармашылығы;-интеллектуалдық қасиеттері.
ІІ.Моральдық –этикалық:- қарапайымдылығы.-ақиқатқа құштарлығы;-мейірімділігі;-адамгершілігі.
ІІІ. Психологиялық даярлығы:- сыртқы келбеті;- – сөйлеу мәдениеті;- киім киісі;- – әдептілігі.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, бір сөзбен айтқанда кәсіби құзіретті ұстаздың қалыптасуын үздіксіз дамытуды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған дерек көздері:

   «12 жылдық білім» 2006 жыл. № 4. Тақырып. «Мұғалімнің кәсіптік қабілетінің шыңдалуы», 13 бет

 // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1600000205

         Мұғалімге арналған әдістемелік құрал. ҚР білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академия. «НЗМ» ДББҰ, 2015.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *