Өзгеріске ену – басты міндет

Жумаканова Индира Токтарбековна

Еліміздің дамығын мемлекеттер қатарына қосылуы үшін ең алдымен, жас ұрпақтың жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, білімді де, білікті болуына айрықша назар аудару керектігі белгілі болып тұр. Себебі, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқанындай «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Өз мамандығының білгір ұстазы шәкірттерін білім суымен нәрлендіре алады, оқушыны пән бойынша оқып-үйренгендерін өмірде пайдалана алуға бағыттайды. Білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін мектептегі бір немесе екі ұстаз ғана емес, мектеп ұжымындағы бүкіл ұстаздар қауымы бар күш-қуатын аямауы қажет. Осы мәселелерді ескере отырып, мен мектеп ұжымына нағыз көшбасшы болуды және барлық мұғалімдердің оқыту үдерісіне жаңалық енгізудіөз алдыма мақсат етіп қойдым.Сондықтан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында әзірленген «Жаңартылған білім мазмұнының» курсын  оқуым керектігін ұйғардым.Біліктілікті арттыру курсында оқу барысында бірінші  кезеңінде алған теориялық білімімді «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде іс жүзінде тиімді қолдану мақсатында жүйелі құрылған «Мектептің даму жоспарын» негізге алдым.

Мен сабақ беріп отырған №192  жалпы орта мектебінде деңгейлік бағдарлама курстарын бітіріп, сертификатталған 42 мұғалім бар.Олар Бағдарламаның түйінді идеяларын жүзеге асыру мақсатында өз сабақтарына үнемі рефлексиялық талдау жасайды, мұғалімдердің тәжірибесі және шығармашылық қабілеттерін арттыруды көздеп, коучинг жүргізеді және әріптестеріне тәлімгерлік етеді, мұғалімдер қауымымен бірігіп тәжірибе алмасу және ой-пікір жүргізу үшін кәсіби қоғамдастық аясында жұмыс алып барады. «Мектептегі тәжірибе кезеңіңде» деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің белсенділігі жоғары болды.Атап айтатын болсам, І-ілгері деңгей бойынша сертификатталған, тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі Бралина  Гулсим «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан пайдалану» тақырыбында, ІІ-деңгей бойынша сертификатталған мектептің ізденімпаз математика пәні мұғалімі Алешова  Гулсин «Оқыту мен оқуда 7 модулден пайдаланудың тиімділігі» және «Оқушы жетістігін бағалауда қалыптастырушы бағалаудан пайдалану» тақырыптарында, ал ІІІ-деңгей бойынша сертификатталған, шығармашыл ұстаз, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Дәрмен  Көрпеш «Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бағалауды жүзеге асыру» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне коучинг-сессиялар жүргізді. Коучинг-сессияға қатысқан мұғалімдердің  бағдарлама идеяларын сабақтарда қолдануына ерекше мән берілді. Бағдарламаның түйінді идеяларын өз сабақтарында тиімді пайдалана алған мұғалімдер:Қалымбетова  Асел және Барлыбаева Гаухар ұстаздық шеберлігі арта бастағанын байқау қиын болған жоқ.

Осылайша, мен мектепте мұғалімдердің заман талабына сай жаңаша оқыту үдерісін қалыптастыру, бағдарлама идеяларын жүзеге асыратын нәтижелі сабақтарды жоспарлау және жүргізу, әрбір сабақ соңында рефлексиялық талдау жасауға үйрету сияқты ізгі ниеттерін жоспар бойынша жүзеге асыруды жалғастырамын.

Сөзімді қорытындылай келе,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп айтқан сөздерімен аяқтағым келіп тұр.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *