Кешірімділік – көңіл кеңдігі

Мектеп:  Баянауыл ауданы  білім беру  бөлімінің

 «Ш.Айманов ат. Жалпы орта білім беру мектеп-интернаты»  КММ

Мерзімі:  16.11.2017ж         Мұғалім:   Молдасарина Гульжихан Канатовна

Сынып:   8 «ә»          Оқушылар саны:    14

Тақырып:    «Кешірімділік  – көңіл кеңдігі»

 

Құндылық:  дұрыс әрекет.     Қасиеттер:  кешірімділік, мейірімділік, сүйіспеншілік 

Мақсаты:  Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін аша отырып, бақытты  өмір сүруге болатынын түсіндіру . 

Міндеттері:

         «Кешірім»,  «кешірімділік» туралы  түсіндіру;

         Айнала  қоршаған  адамдардың  ренішіне  кешіріммен  қарауға  дағдыландыру;

Адамдарға кешірімділікпен, түсінушілікпен,  сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.  

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.  Оқушыларды түгендеу,   сабаққа қажетті оқу құралдары туралы  естеріне түсіру.

-5 Т ережесін еске саламыз

Тыныштық сәті. (музыка «Море»)

 

Су асты патшалығына ойша саяхат

Сабақ тақырыбы:  Кешірімділік – көңіл кеңдігі

Құндылық :  дұрыс әрекет

Үй тапсырмасын тексеру: М.Мақатаевтың «Күндестік  құрысын» өлеңінен берілген үзінді  оқып келу.

Сұрақтар:  

  Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай  түсінесіңдер?

         Адамдар арасындағы реңіштің  тууына  не себеп болады?

         Адам  өміріне өкпе, реңіш қандай  әсер етеді?

         – Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді  қалай  сезінесіңдер?

         Өкпе-реніштен  туындайтын  жағымсыз әсерлерден, сезімдерден қалай  айырылуға болады?

         Сен біреуді ренжітіп алсаң, не сені  біреу  ренжітіп алса не істер едін? 

          Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме?

  Біреуден кешірім сұрағанда, немесе  біреуді кешіргенде  көңілін  қандай  күйде болды?

   Күншіл,  қызғаншақ адамдарға қандай кеңес  берер едіңдер?

 

Мұғалім: Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне, денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Егер де ауру болып жүрсе адам өзін бақыттымын деп қалай сезінеді. Менің ойымша бақыттың баспалдағы кешірімнен басталады. Арың тазарса, адал болсаң бақытқа  кенелесің.
Мұғалім: Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керек.. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе, реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Кешірімділік деген не? Осының анықтамасын оқиық.
Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге 
құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – Кешірімділік болып табылады.. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі. 

Дәйексөз.

«Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан» деген қазақ халқы

 Оқушыларға дауыстап оқыту, жаттау. 1-2 балаға жатқа айтқызу.

– «Кешірімділік – анадан» – дегенді қалай түсінесіңдер?

– «Кішіпейілділік – данадан» – дегенді  қалай түсінесіңдер?

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген сөз бар.

– Сендердің  ойларыңша, кешірімділік  нені білдіреді? 

–  Басқа  адамдар сендерді түсінбеген кездер болды ма?

– Өздерінің өмірлеріннен  кешірім сұраған  кездерін болды ма?  Кешірім сұрағаннан кейін өздерінді қалай сезіндіңдер?

– Кешірім сұраған адамдар сіздерді  кешірді ме? 

         –  Адам адамға тек  қуаныш  сыйлау керек деген пікірмен келісесің бе?

Дәптерге көшіріп жазу.

Мұғалім қорытындылайды:
-Бақытты болу үшін бар кінәдан арылу қажет;
– Өмірде біреуді ренжіттім-ау деп қынжыла бергенше, барып кешірім сұраған дұрыс. Себебі өмір бойы кінәңді ауыр жүк сияқты көтеріп жүресің т.б.
Кешірім сүрағанға кешірім ете білу, кешірім беру — бұл да кісілік, қарапайымдылықтың белгісі. Кешірім етудің де өзіндік реті, жағдайы болады.
Кешірімді болсаң – кең боласың. Келісімге келу — кеңдік. Кең болсаң – кем болмайсың. Келісім көкжиекке көтереді. Кешірім беру – өзгеге күлкі сыйлау. Күннің көзінде де кешірімділік бар. Өнегелі адам кішіпейіл келеді. Кешірімділікті құдай да сыйлайды. Кешірім — көкжиегі бар кеңістік. Жауыңды кешіргенің жығылғаның емес, жыққаның.

Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)

                                                        Құм мен тас
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

-Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің? (Оқушылардың ойларын тыңдау.)

Мұғалім:– Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек. 

– Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма? (оқушылар жауабы) –

Адамның  күнделікті  өмірінде реніш, өкпе қанша  уақыт, орын алады екен?

– Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?

– Реніш пен өкпеден  қалай айырылуға болады?

– Кешірім сұрай білу  және кешіре  білу  адамдардың  қандай  іс-әрекеттеріне  жатқызуға болады?

– Кешіре алатын,  кешірім сұрай алатын адамның бойында  қандай  қасиеттер болу керек?

– Мейірімді,  кешірімді, ізгі адамдар мақсатарына жетеді ме?

Олар  бақытты бола  алады ма? 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

 Берілген олең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой  тұжырымдарды  көзқарас-себеп-мысал- қорытындылау әдісін  пайдаланып, өз пікірлеріңді  айтыңдар.

***

Ә.Рудаки

Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі,

Қарап тұрсаң,  өмір – ақыл теңізі.

Өмір айтты:  бақытты деп өзгелер,

Күйінбесең, саған рақат кез келер.

Қанағат көр  басындағы бағыңды,

Аңсар көп жұрт сенің  сол бір  шағыңды.

Өмір айтты:

Тоқта, біл ашуды,

Опа таппас  бұл  дүниеде ашынған.

Сөйлеген жан  бұғау салмай  тіліне,

Бұғаулатар  екі аяғын түбінде.

 

***

М.Мақатаев

Өкінбе,  өкпелеме  бүгініңе,

Өмір, өмір болмайды түңілуге

Мәңні сені  жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

 

***

Жауымыз досқа  айналса – сол ғанибет!

Сонымен солай қалса – абырой, құрмет!

Жаманы, өшігудің – кекке айналу,

Бір кешіп,  өшігуге қайта бару.

Тапсырманы орындау барысында  оқушылардың  жауаптары төмендегідей  жүйеде өрбуі тиіс:

Көзқарас. Оқушы өз көзқарасын айтады.

Себебі. Оқушылар  өзінің былай ойлау себептерін көрсетеді.

Мысал.  Оқушылар  мысал келтіреді.

Жалпылау. Оқушылар өз дәлелін  келтіріп, қорытады.

 Үй тапсырмасы.

Мұғалім: А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты мәтінді  оқып келу. Бет 37-38

Топпен ән айту.

 «Мейірімді  болайықшы адамдар»

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

        Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу  отыруларыңызды өтінемін. Көздерінді  жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор  болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, сүйіспеншілікке толы екенін ұмытпаңыздар. Өздерінді  бақыттың, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініңдер.

Мен жайдары, ақ көңіл және  белсендімін.

Менің қолымнан  барлығы келеді.

Мен айналама тек жақсылық тілеймін.

Мен болған реніштерден босай аламын және барлығын кешіре аламын

Мен бақыттымын. 

 

 

 

 

 

 

 


f”;mso-ansi-language:KZ’>Су асты патшалығына ойша саяхат

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *