Ms excel программасында диаграммалар жасағанда студенттердің шығармашылығын тәрбиемен ұштастыру
Ильясова Аяжан Куандыковна
MS EXCEL ПРОГРАММАСЫНДА ДИАГРАММАЛАР ЖАСАҒАНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕМЕН ҰШТАСТЫРУ
Жастардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытудағы информатика ролі адамдарға тән түсініктер негізінде ойлау қабілетін жетілдіруге негізделген объектіге бағытталған әрекеттермен анықталады.
Формальды түрде жаттап алуға арналған анықтамалар емес, нақты мысалдар арқылы студенттердің математикалық қабілеттерін, шығармашылығын, ой қызметінің белсенділігін арттыру — мүмкін нәрселер. Шығармашылық жұмыстар студенттердің өз беттерінше іздену, әр түрлі материалдар ішінен ең басты бөлігін анықтау сияқты қасиеттерді жетілдіруге көмектесетіні белгілі.
MS Excel программасында диаграмма құру тақырыптарын өту барысында студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеуі, әсіресе олардың өздеріне таныс күнделікті мәліметтерді пайдалануы, сонымен қатар бұл жұмыстардың тәрбиелік мәні болуы да қарастырылды.
Диаграмма — мәліметтерді көрнекі кескіндеудің бір түрі. Кесте ішінде орналасқан сандық мәндерді салыстырғанда, талдағанда оларды диаграмма түрінде бейнелеу — студенттердің мәліметтерді түсініп қабылдауына жағдай жасап, жеңілдетеді.
Диаграмма құру үшін қандай мәліметтер қажет екендігі, жалпы диаграмманың тақырыбы не туралы екендігі төңірегінде оқушылар арасындағы кішігірім диспуттан кейін, диаграмманы олардың бір күнін қалай өткізетіні жайлы негізгі төрт факторға: бірінші — колледж, екінші — үй (сегіз сағат ұйқыны шегергендегі), үшінші — көше және төртінші — салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, т.б.), осыларға тоқталуды жөн көріп, өздері шешім қабылдады.
Дүйсенбі күнгі мәліметтер шамамен анықталғанмен, келесі күндерге хронометраж қойылды.
Қажетті мәліметтерді кестеге енгізгеннен кейін Диаграммалар шеберінің көмегімен диаграмма тұрғызу барысында да оқушылар пікір алысып, диаграмма типін таңдауда көпшілігі дөңгелек түрін қабылдады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрсетеді, бұнда әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінеді.
Диаграмма дұрыс құрылса, оның нені кескіндейтінін, қандай мақсатта жасалынғанын білу оңай болады. Сондықтан студенттерге диаграмманың қосымша элементтерін енгізу жұмыстарына толық еркіндік беріліп, олардың өз беттерінше, өз қалауларынша осьтерді белгілеулеріне, диаграмманың тақырыбын жазуларына, диаграмма орналасқан жерге мәліметтер кестесін енгізулеріне, тағы басқа да әрекеттер орындауларына мүмкіншілік берілді.
|
Дөңгелек диаграммадағы секторларға назар аудару үшін, олар дөңгелектен шығарылып орналастырылды.
Алғашқы күннің мәліметтері бойынша жасалынған дөңгелек диаграмма студенттер санасында тортпен ассоциациаланып, уақыттарының едәуір мөлшерін көше деп жатқанын айқын көрді.
Контингенттің негізінен қиын жасөспірімдер мен колледжде үлгере алмаған студенттер екенін ескере отырып, тәрбиелік мақсатта олардың назарлары үшінші факторға көбірек аударылды. Салыстырмалы түрде көрнекі және түсінікті болуы үшін сегіз сағат ұйқы мерзімі екінші фактордан саналы түрде шегерілді.
Студенттер апталық мәліметтер бойынша үйден әркім өзінің уақытын қалай өткізетіні туралы кесте жасады. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырды және өз өмірлерінің қалай өтіп жатқандығын талдауға талаптандырды. Осы кестеден-ақ олардың саналы түрде дағдыларын жақсы жағынан өзгертуге тырысушылықтары байқалады.
Кестеге енгізілген мәліметтерді өңдеу барысында өткен сабақтардағы білімдері пайдаланылды.
Төмендегі кестенің орташа мәні графасындағы мәліметтер Функциялар шеберінің арифметикалық ортаны табуға арналған СРЗНАЧ функциясының көмегімен анықталды.
Осы мәліметтер бойынша қажетті параметрлер тағайындалғаннан кейін студенттер Диаграммалар шеберінің көмегімен гистограммалық диаграмма тұрғызып, өздерінің күнделікті тіршіліктеріне басқа нүктеден қарауларына мүмкіндік алды.
Әдетте гистограмманы бірнеше мәліметтер жиынындағы мәндерді салыстырғанда қолданған ыңғайлы және олардағы мәліметтердің түрлерін таңдау мүмкіндігі бар.
Бұдан соң студенттер аптадағы уақыттарының бөлініп орналасуы туралы гистограммалық диаграмма жасап, кімде қалай екеніне қарап, пікір алысып, талдау жасады.
Өздерінің қалауы бойынша осы мәліметтердің ішінен кез келген диаграмма құруға ұсыныс жасалғанда оқушылардың көбісі үшінші факторды таңдады.
Диаграммалар шеберінің көмегімен өздеріне ұнаған дөңгелек диаграмма тұрғызып, оны өз қалауларынша өңдеу, безендіру жұмыстарын жүргізді.
Диаграммаларды орналастыру орнын таңдағаннан кейін, оларды баспаға шығаруға дайындап, түрлі өзгерту жұмыстары жүргізілді.
Студенттердің көшеде жүріп, босқа уақыт өткізулерінің азайғаны диаграммаларынан айқын көрініп тұр. Көрнекілігі үшін секторларды дөңгелектен шығарып, ығыстырып орналастырған.
«Дүйсенбідегі уақыттың бөлінуі» диаграммасы мен «Аптадағы уақыттың орташа бөлінуі» диаграммасын салыстыру арқылы оқушылар пікір алысып, бос уақыттарын қалай өткізу туралы ойларын ортаға салды.
Баспадан шығарылған диаграммаларды студенттердің өздеріне алуларына рұқсат етілді.
Компьютерлік практикум алдыңғы сабақтарда қалыптастырылған білім негіздерін жетілдірумен қатар студенттерl3ң шығармашылықпен жұмыс істеулеріне және саналы өмір сүрулеріне талдау жасауларына тәрбиелік маңызы бар элементтер енгізуге мүмкіндік береді.
Баулу процесінде ой еңбегінің мәдениеті сапалы жаңа деңгейде және өз жұмысын жоспарлай білу, оны тиімді орындай алу, жұмыстың бастапқы жоспары мен оны орындаудың нақтылы процесінің ара қатынасына сын көзбен қарау секілді маңызды жалпы еңбектен машық, дағды дәйекті және жүйелі түрде қалыптасады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718