Көркем өнер сабақтарында шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы

Сулейменова Самал Балтиновна

 

Қазіргі жаңартылған білім беру кезеңінде Қазақстан  ұстаздарының алдында басты мақсаты заман талабына сай  қоғамымызда рухани бай, терең білімді, көнеден келе жатқан асыл қазыналарды бағалап, оны әлем мәдениеті деңгейіне көтеретін, халық мұратын дамытатын, шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелеп шығару. 21– ғасырда  әлемдік  білім  беру  жүйесінің  дамуындағы  негізгі  басымдықтарының бірі- мектеп  білімін  жаңарту. Ол оқушылардың  неғұрлым  өз  бетінше  білім  алып, оны  іс жүзінде қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған. Оқушылардың  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты  әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені-  бүгінгі  күн  талабы. Сондықтан  да жобалау  технологиясының  тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа  ғылыми ізденіске  жетелеуде.

Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.  Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді. Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады.

Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады:

І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу.

ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.

ІҮ –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.

Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.

ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.

ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге  лайық, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пəндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын əр түрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі көркем өнер пәндері бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі – оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

Қорыта келе мектептен тыс кездегі бейнелеу пәнінен шығармашылық қабілеттіліктің даму тəсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тəжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екенін бүгінгі практика көрсетіп отыр.  Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті. Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені» – бұл технологияның негізгі ұстанымы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Е.Г. Сатарова «Метод проектов в трудовой школе» (1926) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 12.
  2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат – М.:2000.

Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004 – с. 42

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *