Сенімділік күш береді

Токжанова Аймгуль Бактыгалиевна

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін тануға көмектесу,мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.

4 сынып оқушыларын психологиялық тұрғыда дайындау кезеңдері:

  • Оқу-танымдық қабілеттерін түзете-дамыту
  • Шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамыту
  • Сенімділікті бойларына қондыру
  • Психикалық күштенуден /стресс пен қорқыныш/ арылту

Ереже

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

 

Тренинг: Амандасу!

Шеңберге тұрып

Оң жақтағы көршімен йықпен

Сол жақтаңы көршімен тіземен

амандасамыз.Қорапшадан өздеріне ұнаған кәмпитті аламыз,соған байланысты үш топқа отырамыз.

 

Бүгінгі тақырыбымыз:

“Сенімділік күш береді”

  • Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.
  • Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Жаттығу  “Сенім және сенімділік”

“Сенім “Сенімділік”

 

Өту барысы

  • Амандасу.
  • Шағын пікірталас.
  • Ситуациялық жағдаяттар.
  • «Көңіл-күй» ойын-жаттығу.
  • «Үміт хаты» жаттығуы.
  • «Қош бол, кедергілер жаттығуы.
  • «Май шам» жаттығуы.
  • Қорытынды.

Шағын пікірталас

1-ші топ: 4-сыныпта не жеңіл, не қиын алдарыңыздағы плакатқа жазасыздар.

2-ші топ: алдағы 5-сыныпты қалай көздеріңізге елестетесіздер?

3-ші топ: 5-сыныптың  сынып жетекшісі қандай болғанын қалайсыз?

Содан кейін топтардан бір кісіден шығып өз ой-пікірлерін айтады.

 

Жағдаяттар

  1. Таңертең сабаққа мамаң шығарып салды, екі алма, бес алып кел деп жіберді. Сен сабақтан екі алдың, мамаңа қалай айтасың.
  2. Есеп шығара алмадың, не істейсің?
  3. Сабақтың алғашқы күндері, сабаққа дайындалмай келдің, мұғалімнен қорқып отырсың, сабақ сұрады не деп жауап бересің?

 

«Көңіл-күй» жаттығуы

Менің алдымда билеттер жатыр, топқа   билет беріледі. Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер, қарсы топ тауып айту.

– Сабақта ұялып тұрған бала, екі алып жылап тұрған бала, мұғалімге ренжіп тұрған бала, «5» алып қуанып тұрған бала, мақтанып тұрған бала.

-Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.

-Үнемі сабаққа кешігіп келесін (матеметика,қазақ тілі,ағылшын,тарих)

«Үміт хатты» жаттығуы

Оқушыларға аттары жазылған  парақтар үлестіріледі, осы оқушының қасиеттері туралы  жазу тапсырылады.

«Қош бол кедергілер» жаттығуы

Сіздер 5- сыныпқа барасыздар, қорқыныштарың болады, сол қорқыныштарыңды ақ параққа түсіріңдер. Содан кейін салған қорқыныштарыңды умаждап себетке саламыз. Сөйтіп, қорқыныштарымыздан арыламыз.

«Майшам» жаттығуы

Оқушылар менің қолымдағы сүйкімді ойыншыққа назар аударыңыздар. Қазір ол сендердің қолдарыңнан өтеді, сыныптас достарымызға өз тілектерімізді айтамыз. Мен бастаймын, Ақбөпе 5 сыныпқа барғанда да сабағыңды жақсы оқып, үлгілі оқушы болуыңды тілеймін.

                                                                                          Қанатты сөз

Өзіңді-өзің  бағалай біл !
Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.

Л. Вовенарг

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *