Мамандығым – мақтанышым

Акижанова Гульнур Серикбековна

Адам өмірге келіп, айналасын танып, ес жиғаннан бастап, белгілі бір дәрежеде талпыныс үстінде болады. Өзін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі тануға, және басқаларға танытуға жұмыс жасайтыны анық.

Осы тұста адам өзіне өзі сұрақ қояды. Мен кіммін? Мен не істеп жүрмін?. Неге қол жеткізе аламын?

Ендігі кезекте адам өзінің қызығушылықтарына байланысты, алдына белгілі бір мақсаттар қойып, соған талпынады.

Біз – өзінің өдебиеті, тілі, тасқа қашап жазылған тарихы бар ұлы елміз! Осы еліміздің ертеңгі болашағы – жаcтар. Алайда, осы жастарымыздың тарихымызды жете танымауы, тілі шорқақ келуі, ойы орамсыз, сөздік қорының жеткіліксіз болуы – бүгінгі таңдағы басты мәселеге айналып отыр.

Ендігі алға қойған мақсат – тіл жанашырларының осы мәселелермен күресуі.

Өзім тіл маманы ретінде елімізде осындай мәселелердің тууының өзі ұлтқа сын деп білемін.

Мемлекет тарапынан тілді үйренуге барлық жағдайлар жасалғанымен, рухсыздық мәселесі жойылар емес. Жастарымыздың туған тіліне немқұрайлылығы, кешегісі мен бүгінгісін білмей, тарихтан мақұрым болып қала ма деген қорқыныш басым.

Менің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын таңдауымның өзі де, тамшыдай болса  да, өз еліме үлесімді қосу; Шәкірттеріме  әдеби шығармаларды көптеп оқытып, тілін, тарихын, құрметтейтін жеке тұлға қалыптастыру.

Осы тұста айта кетерлігі жақсы шәкірт тәрбиелей алу үшін, алдымен мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, кез келген мәселенің шешімін таба алатын ой түсінігі қалыптасқан, өз саласының маманы болуы керек.

  • Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады деген екен К.Д.Ушинский.

Өз тарапымнан білімімді жетілдіріп, ұрпақ мәселесінде, өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Орташа мұғалім – айтып береді,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Үздік мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім – қанаттандырады, шабыттандырады,

деп, ұлы ағылшын ағартушысы  – А.Уорт айтпақшы үздік мұғалім болып, үздік шәкірттер тәрбиелеу өзім үшін – ұлы мақсат,-  деп білемін.

Қорыта келгенде, оқуды бітіріп, алғашқы қадамдарымды жасаған сәттегі мына өз жүрегімнен шыққан мына өлең жолдарымен аяқтамақпын.

Айдында өмір деген,

Кемемен өнер деген,

жүзіп келем.

Құдықты – білім деген

Өзенді- ақыл деген,

сүзіп келем.

Ұстаздық оқу оқып,

Қыр сырын миға тоқып,

Білімнің ордасына

келген кемем.

Тілімнің құдіретін,

Ұпаққа сіңдіретін,

Ұлы сөз,- Ұстаздықтан

үміттенем.

 

Мен – бүгінде тіл маманымын, және мамандығымды мақтан тұтамын. Адамның мақсаты айқын болса, оған талпынудағы еңбегі де адал, күш-жігері де мықты болады.

Тілім – шежіре

Тілім – тарих

Тілім – қазына,

Тілім – аманат.

Бабамыз аманаттап кеткен, тілімізді, тарихымызды ұрпақ санасына берік орнатып, болашаққа жеткізе алсақ, ұлт мүддесіне сіңірген еңбегіміздің, сол жолда сарп еткен күшіміздің жемісі – тәтті болғаны, баба аманатын орындағанымыз болып есептелмек!

Осы тұста тіл туралы жазған мына бір өлеңіммен ойымды сабақтасам…

 

  • Бабама қарыздармын тілім үшін,

Кешірім сұраймын бүгінгі күнім үшін

Және де кешірім сұраймын

Осынау шолақтау жырым үшін.

 

  • Уа, баба айтпап едім, бұрын саған

Абылайдың түсі дәл келіп

Қайтеді ұсақтыққа ұрынса адам

Дініңнің діңгегіне мән бере алмай

Тіліне айбаттылық жан бере алмай

Көбі жасап барады бұрыс қадам.

 

  • Сол баяғы тілімді жоқтап келем

Салт-дәстүрін аманатын сақтап келем

Қай бабаңнан өсиет естіп едең

«Тіліңді таптат!»,- деген.

 

  • Тілім сен болмағанда – Абайды танымас ем,

Тарихын танып білмей рухсыз жарымас ем.

Тілім сен болмағанда – қазақ боп қалмас едім

Қайраттардың тілінсіз «Азаттық» алмас едім.

 

  • Тілім сен болмағанда

Өзгенің есігінде жүруші едім

Тілім сен болмағанда ….

Білмеймін …

құрушы едім

 

Сөз соңында айтарым, Тіл – өткеніміз бен болашағымызды жалғайтын алтын көпір. Осы, тіл мәселесін тіл мамандары ғана емес, барша ұлт болып қолға алып, әрбір еліміздің кірпіші болып қаланып отырған азаматтар мен азаматшалардың ортақ мәселесі болуы тиіс!

Мамандығым – мақтанышым!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *