Елубаева Жанерке Жамбылқызы
11 сынып
Мектеп табалдырығын басқаннан бізге білім мен тәртіпті өмірге деген көз қарасымызды түзейтін бір маман иесі бар ол Ұстаз.Оқушының тұлғалық қалыптасуына деген алғашқы қадамды жасайтын бастауыш мұғалімдері.Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлардың бірі – әлеуметтік қолдау.Адамның дамуына, тұлға болып қалыптасуына оның ортасы, елдегі экономикалық, саяси жағдай мен рухани даму процесі əсер етеді. Психологтардың айтуынша, кез келген тұлғаның қалыптасуында оның балалық шағы мен жасөспірім кезеңі маңызды рөл атқарады.
Мен тұлғалық дамуыма әсер еткен сәл ғана әрекеттерімен мені
қолдап жібеп жіберген бастауышта берген ұстазым бар.Толығырақ айтып берейін.Мен бала кезімнен жаңа ортаға тез бейімделіп кете алмайтын оқушылардың қатарыннан болдым.Ата-анам мені сыныбыма үйренісе алмай жатқанымды көргендей болған.Бірнеше сынып ауыстырып,сынып жетекшімде ауысып отырды.Менің есімннен кетпейтін сәт бар,ол отбасымызбен өзге ауданға көшіп бардық мен төртінші сыныпқа енді көшкелі тұрғанмын жаңа мектеп, жаңа орта деп біраз ойланғаным бар.Анамда үйреніп кетесің әлі деп жүретін еді.Сонымен қыркүйек айы да келіп жетті алғашқы қоңырау,мені анам жаңа мектебіме алып алкелді сынып жетекшімді көрдім,сыныпқа кіріп таныса бастадық.Мен әдеттегідей үндеместің күйін кешіп отыра бердім.Күндер солай солай өте берді.Күнделік сабаққа дайындалып,тыңғылықты сабақтарды айтып жүретінмін.Артық сөзім,артық іс-қимылым жоқ болатын.Бірде жетекшім сыныпқа староста тағайындайық деп айтып отырғанын құлағым шалып қалды.Сынып қыздары мен бола аламын деп апайға айтып жатқанын көргенмін. Аса мән бермедім сурет салып отыра бергенмін.Кенеттен апай Жанерке сен боласың староста деді.Мен түсінбей қалдым апайым иә,иә сен дегендей қарады.Оқу жылының алғашқы тоқсанынан сынып старостасы болдым.Ол мен үшін үлкен бір жетістік болды.Сол кезде апайым менің потенциалымды көргендей болды ау.Сыныпта белсенді оқушы болдым,өсе келе мектептіңде белсенді оқушысы атандым.Сол оқу жылының алғашқы тоқсанында апайым мені үздік оқушылар қатарына
енгізді.Бірде апайымның айтқаны бар “Жанерке мен саған сенемін,мен сені беске көтердім сен сол бағаңды сақтап ары қарай да жақсы оқы” дегені бар бұған дейін мен төрттік оқушысы едім.Тоғыз жастағы төртінші сынып оқушысына бұл сөздер өте әсерлі болатыны айдан-анық.Қазір он бірінші сыныпта оқимын мектептің вице президенті болдым,көптеген жарыстарда жүлделі орын алып жүрмін.Бұл жетістіктерім мені кішкентайымда демеп,қолпаштаған Қарлыға ұстазымның арқасында.Мың алғыс.
Міне осындай жағдайлар оқушының өмірін біраз,тіптен
түбегейлі өзгертуі мүмкін.Оқушы ол қап емес не болса соны салатын,ол шамшырақ оны Жаға білу керек.Мені Қарлыға ұстазым жаға білді деп білемін.
Алғысым шексіз!

